Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды
жүйелік принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден)
бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел
олу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады
екен. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол –
халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-
өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын
табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы
бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға
бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды
механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен
ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар –
ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ
.
Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім,
екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан
өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп
қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның
мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Бүгінгі жас ұрпақты оқыьтып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму,
ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-
адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада
белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық
құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,
адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты
мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
Ойындар – баланың психикалық үрдістерінің, ойлау, есте сақтау, қабылдау,қиял дамуына көмектеседі. Біз жас өскіндерді
адамгершілікке бағыттау мақсатында ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде
барлық күш-жігерін жұмсауға, құрбыларына қолғабыс жасауға тәрбиелейміз. Осы арқылы бала өзіне баға берумен қатар
белсенділігі де артады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін,
өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам
алдындағы борышымыз.
«Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен
қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына
сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін
арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру
бағдарламасының орны ерекше.Осы жобаның авторы Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар
бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами
бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына
жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу
керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: