Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең. Сәлемдесу, түгелдеу. Өткен сабақ пен бүгінгі жаңа сабақты ұштастыру.
Үй тапсырмасын сұрау. (Оқушыларды топқа бөліп отырғызу) Айтыс және оның түрлері. Сабақ құрылымының жоспары: І. Қызығушылықты ояту стратегиялары. ІІ. Мағынаны ажырату стратегиясы ІІІ. Ой қозғау стратегиялары Жаңа сабақ: Салт айтысы. Әдет - ғұрып пен сенім - нанымға күнкөріс кәсібі мен тіршілік күйіне байланысты
қалыптасқан айтыс түрі. Бұл айтыс түрі ХІХ ғ. кеңірек жайылған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар:
- Сүйінбай,
- Орынбай,
- Шөже,
- Баста,
- Тәбия,
- Мұрат,
- Омарқұл,
- Түбек.
Салт айтысының 2 түрі бар: қыз бен жігіт және ақындар айтысы.
1) Қыз бен жігіт айтысы – көбіне той - думанда, мерекелік жиында айтылады.
Той - думанның бір бөлімі болып кіруі оның салт өлең екенін айқындайды. Басты ерекшелігі – айтысқа түскен қыз бен жігіт
арасында әзіл - қалжың, сондай - ақ әлеуметтік жағдайлар көбірек баяндалады. Мысалы, «Омарқұл - Тәбия», «Біржан -
Сара», «Жамбыл - Салиха», «Кенен - Ләтипа», «Сүйінбай - Күнбала» т.б.
2) Ақындар айтысы – айтыс жанрының кейінгі даму кезеңінің жемісі. Айтыстың негізгі арқауы ру мәселесі.
Ой толғаныс: Оқушылар бүгінгі сабақта тақырыпты қаншалықты меңгердіңдер?
Сабақ несімен қызықты болды?
Несімен қызықсыз болды?
Қандай әдіс – тәсілдер ұнады?
29
Сабақтан алған әсерлері (эссе)
РЕФЛЕКЦИЯ НЕ БІЛДІМ? НЕ ТҮСІНДІМ? МЕН ҮШІН ЖАҢАЛЫҚ? Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалау.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Р\с Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалауы Топтың бағалауы