Баланың ойлауын анықтау мен дамытуда керемет шараның бірі құ-растыру іс-әрекетін ұйымдастыру. Құрастыру іс-әрекеті
баланың ұзақ ойла-нып бір шешімге келуін және белгілі бір нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді. Балалардың танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыруға тәрбиеші мен балалар арасындағы жағымды-эмоционалды өзара қарым-қатынас көп
себін тигізеді. Құлшынысы төмен, үндемейтін балалардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыруда
ойлау мен
қиялды дамытуға арналған төмен-дегі тренингтердің маңызы зор.
2.«Керісінше» тренингі. Ойын мақсаты: Балада ойлау жылдамдығын, ой ұшқырлығын,ептілігін анық-тау және дамыту.
Тренинг барысы: Балалар мен психолог орындықтарға шеңбер бойына оты-рады. Психолог бір сөзді айтып, бір бір балаға
допты лақтырады, бала допты қағып алып, керісінше, қарама-қарсы сөз айтады. Егер де допты қағып алған бала сөзді
қапелімде айтуға қиналса, керек сөзді басқа бала рұқсатпен айтуға болады.
3. «Сиқырлы жұмыртқа» тренингі
Ойын мақсаты: Мектепке даярлық, ересектер тобы және бастауыш мектеп оқушыларының қиялын дамыту.
Тренинг барысы: Әрбір балаға жұмыртқа формасындағы шаблон. Беріледі. Ол оны қағаз бетіне қойып 3-4 жұмыртқаның
бейнесін салады. Кейін ол, сол дөңес фигураны жаңа бір зат шығатындай етіп сурет салуы керек. Ол сурет-терді салу
арқылы түрлі суреттер салып шығаруға болады әрі шығармашы-лығы арқылы баланың ой-өрісін анықтауға болады.
4. «Болады, болмайды» тренингі
Тренинг мақсаты: Бала қиялын дамыту
Тренинг барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болу мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай
болмаса- онда аяқпен то-пылдайды. Мысалы: Қасқыр орманда кезіп жүреді- алақанын шапалақтатады, қасқыр ағаш басында
отыр- аяқтарын топылдатады, кастрюльде кесе қайнап жатыр- аяқтарын топылдатады.
Қиял ойында басталып, әрі қалыптасып өзге де іс-әрекет түрлерінде көрініс тауып байқалады. Қиял, ойлау сурет салу мен
ертегі, өлең құрастыруда өте айқын байқалады.Мектепке дайындық тобы кезеңінде қиял өте айқын әрі қарқынды байқалады,
сондықтан да мұны психологтар әуел бастан берілген қабілет деп атаған қиял мәселесі қазіргі таңда психологияда кеңінен
қарас-тыруды қажет ететін мәселе болып отыр.
5. «Ән салайық, қанекей!» тренингі
Мақсаты: Балалардың көпшілік алдында өзін-өзі ұстауын, еркіндігін, батыл-дығын, есте сақтауын,
қарым-қатынас әрекетін
байқау.
Тренинг барысында балалар өздерінің білетін өлеңдерін ортаға шығып айта-ды, осы кезде балалардың ішінен көпшілік
алдында еркін, ашық қарым-қа-тынас жасай алатын балалармен қатар көпшілік арасына еркін шыға ал-майтын балалар да
анықталады.
Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді.
Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты
тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдала-нуы, танымдық
әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілуі тиіс.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тә-жірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар,
мұғалімдер және мектеп психо-логтері.
Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диаг-ностикасын психология саласындағы маман өз
мойнына алады. Өйткені пси-хо-диагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізудің қыр-сырын тек психолог
қана біледі. Психологтың міндеті психодиагности-каның әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп,
6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды
жасалынып, оқуға дайын емес ба-лалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар
ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұ-мыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал
педагогтарды оқу жыл-дың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға пси-хологиялық зерттеуде
алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектеп-тегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп,
қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігі жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін
өз бетімен немесе психологтың кө-мегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушы-ларды жиі
мадақтап, оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек..
Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір ай-ларында анықтап отыруға болады.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәр-биелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен
қиыншылықтарды бастарынан өт-кізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты даму
дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайын-дауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-
әрекеттің мазмұны өз-герген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына
аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі
жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың
туғаннан бастап, тәнімен қатар, ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»-деген психологиялық мәні бар ой тұжырымын
басшылыққа алып, балалардың ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлауы, сөйлеуі, шығармашылық мүмкіндіктерінің
толықтай ашылуына, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздес-тіру, ата-аналарды
психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты, терең зерттеу-
психологтардың бірден бір міндеті.
Қорыта келгенде, баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті
жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан
өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың
мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың
білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы
және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін
жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
68