Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет92/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДОС СӨЗІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Каимова Жанар Әзімханқызы
Пәні: Әдебиеттік оқулық
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы:
Дос сөзі
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты:
Нығмет Ғабдуллиннің өмірбаянымен танысады. «Дос сөзі» 
әңгімесінің мазмұнын түсінеді, ақпарат алады. Достардың өзара 
ренжісуі туралы әңгіме барысында білетін болады.
Күтілетін нәтиже:
Нығмет Ғабдуллиннің бірнеше шығармаларымен танысатын 
болады. Достардың бір –біріне айтылған сыни көз-қарастарын 
дұрыс қабылдау керек екенін түсінеді. Оқушылар топта бірлесіп 
жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялар:
Сынып оқушыларының арасында да Нұрлан сияқты достарының 
кемшілігін дұрыстап, досының жасап жүрген іс-әрекеті теріс 
екендігін ұғындыратын достардың болуы керек екенін түсінетін 
болады. 
Тапсырмалар:
1. «Миға шабуыл » видеоролик сұрақ – жауап АКТ пайдалану
2. Жұптық жұмыс «мәтінмен жұмыс»
3. Топтық жұмыс «мақал сөздің – мәйегі» сайысы
4. Жеке жұмыс «Блум гүлі» ой толғаныс
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут
 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару , жұпқа бөлу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! 
Үй тапсырмасын шолу жасау.
ІІ .Талқылау үшін сұрақтар беріледі «Миға шабуыл» видеоролик көрсету (3минут)
1. Көріп отырған Видеороликтен нені түсіндіңдер?
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
2. Олай болса бүгінгі өтілетін жаңа сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
Мадақтау. 
Ендеше біз бүгін Нығмет Ғабдуллиннің «Дос сөзі» әңгімесі тақырыбында жаңа сабақ өтеміз.
64


Нығмет Ғабдуллиннің өмірі мен шығармаларымен танысатын боламыз.
ІІІ Жаңа сабақ (3минут)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет