Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет69/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдер 
ӨСОА науқастарына созылмалы жөтелге (оның ұзақтығы соңғы 
2 жыл көлемінде жылына бірнен соң бірі 3 айдан кем емес уақыт 
аралығында), созылмалы қақырықтың бөлінуі, ентікпе шағымдары 
тән. 
Сыртартпада мынандай қауіп себептерын көруге болады: 

Темекі шегу 

Өндірістік 
қызметі 
ингаляционды 
ирританттар 
экспозициясымен байланысты: шаңдар, газдар, булар, химиялық 
аэрозолдар.

Тұрғын үй бөлмелерінде тағам дайындау мен жылыту кезінде 
нашар желдетілетін ғимараттарда органикалық жанармай-отын 
жану өнімдерімен ластанған.

Тұрғын үй ғимараттарын қоршаған ауаның ластануы 
(қолайсыз экологиялық жағдай) ӨСОА-ның қауіпті себебі ретінде 
толық зерттелмеген. 
Физикалық қарау кезінде цианоз (гипоксемия болғанда), тыныс 
алу жеткіліксіздігінің белгілері, бөшке тәрізді көкірек қуысы, қорап 
дыбысты перкуторлық тон, құрғақ экспираторлы, кей жағдайда 
инспираторлы, ылғалды сырыл анықталады. 
Зертханалық зерттеу кезінде ерекше өзгерістер байқалмайды.
Аспаптық зерттеулер 
Бронхиальды 
обструкцияны 
растайтын 
спирография 
мәліметтері: 

ФӨОК төмендеуі 

ФШАК1/ФӨОК арақатынасының төмендеуі 

ФШАК1 төмендеуі

«Ағым-көлем» ілмегінің экспираторлы үзіндінің депрессиясы


133 

Экспирацияның лездік көлемді жылдамдық көрсеткіштерінің 
төмендеуі (МОС25, МОС50, МОС75) 

Обструкцияның 
қайтымдылығының 
жоқтығы 
немесе 
бронхолитиктармен сынамада жартылай кайтымдылығының болуы. 
 
Емдеу: 
Емнің мақсаты: 
1.
Аурудың дамуын тоқтату 
2.
Аурудың сиптомдарын басу
3.
Физикалық жүктемелерге төзімділікті жоғарылату 
4.
Науқастың жалпы жағдайын жақсарту 
5.
Аурудың өршуін алдын алу және емдеу 
6.
Аурудың асқыныстарын алдын алу және емдеу 
7.
Өлім-жітімді төмендету
8.
Емнің жағымсыз әсерін болдырмау немесе азайту 
Медикаментозды емес терапияға темекі шегуді тоқтату кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет