Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Өкпенің жасанды желдету аппаратында жатқан науқастардағы



Pdf көрінісі
бет67/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Өкпенің жасанды желдету аппаратында жатқан науқастардағы 
пневмония
ДЗ таңдау (емдеу сызбасы): 
Пиперациллин/тазобактам 4,5 г 3 р/ күн; 
Цефепим 2 г 2 р/ күн + Метронидазол 500 мг 3 р/ күн; 
Цефоперазон/сульбактам 4 г 2 р/ күн; 
Цефтазидим 2 г 3 р/ күн + Метронидазол 500 мг 3 р/ күн.
Баламалы ДЗ (емдеу сызбасы):
Имипенем 500 мг 3 р/ күн; 
Меропенем 500 мг 3 р/ күн. 
ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ АУРУЫ 
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) - емдеуге
және алдын алуға көнетін ауру, оған үдемелі ауа көлемінің шектелуі 
тән болады, бұл өршімелі ауру, онда ауа өткізетін жолдардың 
(бронхтар) және өкпе тінінің залалды шаң бөлшектері мен газдарға 
созылмалы қабыну үрдісінің күшеюімен жауап беру байқалады. 
Этиологиясы және патогенезі 
ӨСОА ауа өткізетін жолдардың созылмалы қабынуымен жүреді 
онда бронхтардың дистальдық бөліктері және өкпе паренхимасы 
зақымданады, эмфизема дамиды, ауа ағыстарының жартылай 
қайтымды және қайтымсыз шектелуімен сипатталады. 
ӨСОА даумына әсер ететін себептер: 


130 

Темекі шегу

Генетикалық бейімділік 

Бронх демікпесі 

Созылмалы бронхит 

Респираторлық инфекциялар 
Темекі түтіні мен токсикалық газдар бронх эпителийінде 
орналасқан 
кезбе 
нервтің 
ирритативті 
рецепторларына 
тітіркендіргіш әсер көрсетіп, бронхоспастикалық реакцияларды 
тудыратын вегетативті нерв жүйесінің холинергиялық механизімін 
белсендіреді. Қауіп себептерының әсерінен аурудың бірінші 
кезеңінде бронхтардың жыбыр эпителийінің кірпікшелерінің 
қозғалысы бұзылады, кейде толығымен тоқтауға да әкеліп соғуы 
мүмкін. Кірпікшелі эпителий жасушалары азайып, бокал тәрізді 
жасушалар 
көбейіп, 
эпителийдің 
метаплазиясы 
дамиды. 
Бронхиалдық секрет құрамы өзгереді (тұтқырлығы мен адгезиясы 
жоғарылайды)

Этиологиялық себептердың негізгі әсері созылмалы 
қабынудың дамуы. Қабынудың барлық кешенді мехнизмдері 
ӨСОА-на тән екі негізгі үрдістің түзілуіне алып келеді: бронх 
өткізгіштігінің бұзылысы және центрилобулярлы, панлобулярлы 
эмфиземаның дамуына әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет