Пневмонияның антимикробы терапиясының тиімділік
өлшемдері:
қызба < 37,5 °С;
интоксикацияның жоқтығы;
тыныс алу жеткіліксіздігінің жоқтығы;
іріңді қақырықтың жоқтығы;
қанда лейкоциттердің мөлшері < 10х10
9
/л, нейтрофилдердің <
80%, жас түрі < 6%;
рентгенограммада теріс динамиканың жоқтығы.
Госпитальдық пневмония
Госпитальдық (нозокомиальды, ауруханаішілік) пневмониялар
– госпитализация жасалғаннан кейінгі 48 және одан да көп сағат
өткенде дамитын пневмония, оның алдында мына шарт сақталған
жаңдайда пациент стационарға түскен кезде қандайда бір
инфекцияның болмауы керек.
Госпитальдық пневмонияның дамуына әсер ететін себептер:
■ ӨЖЖ (ИВЛ);
■ аспирация;
■ естің бұзылуы;
■ торако-абдоминальдық оталар;
■ нейро-бұлшықеттік аурулар;
■ дәрілік заттарды қолдану — антацидтер, Н
2
-блокаторлар,
глюкокортикоидтар.
Госпитальдық пневмония әдетте, қосалқы ауыр патологиядан
кейін дамиды және ауыр метаболиттік, айналым бұзылыстары
125
немесе иммунды жетіспеушілік жағдаймен бірге көрініс береді.
Госпитальдық пневмонияның терапиясы оның ағымына,
алдында қолданылған кең спектрлі антибиотиктерге, науқастың P.
Aeruginosa тудырған инфекция даму қауіпіне, алдында болған
аспирацияға,
ӨЖЖ
қолданғаннан
кейінгі
пайда
болған
пневмонияларға байланысты болады.
Кең спектрлі антибиотиктерді қабылдамаған науқастардағы
ауыр емес ағымды пневмония
ДЗ таңдау (емдеу сызбасы):
Т/і 7—14 күн:
Амоксициллин/клавуланат 1,2 г 3 р/күн +Аминогликозид (амикацин
15-20 мг/кг 1 р/күн немесе гентамицин 5-7 мг/кг 1 р/күн);
Тикарциллин/клавуланат 3,2 г 3 р/күн;
Цефотаксим 2 г 3 р/ күн;
Цефтриаксон 2 г 1 р/ күн;
Цефуроксим 1,5 г 3 р/ күн +Аминогликозид (амикацин 15-20 мг/кг 1
р/ күн немесе гентамицин 5-7 мг/кг 1 р/ күн).
Баламалы ДЗ (емдеу сызбасы):
Т/і 7—14 күн:
Левофлоксацин 500 мг 1 р/ күн;
Моксифлоксацин 400 мг 1 р/ күн;
Офлоксацин 400 мг 2 р/ күн;
Пефлоксацин 400 мг 2 р/ күн
Қордағы ДЗ (егер бастапқы терапия тиімсіз болған жағдайда):
Т/і 7—14 күн:
Имипенем 500 мг 3 р/ күн;
Меропенем 500 мг 3 р/ күн;
Цефепим 2 г 2 р/ күн;
Ципрофлоксацин 400 мг 2 р/ күн;
Эртапенем 1 г 1 р/ күн.
126
Достарыңызбен бөлісу: |