Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет62/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Ауруханадан 
тыс 
пневмонияның 
симптоматикалық 
терапиясы: 
 
Қақырық түсіретін ДЗ: 
- Амброксол ішке 30 мг 3 рет күніне, 2 күн ішінде, содан кейін 30 мг 
2 рет күніне, 7-10 күн
немесе 
- Ацетилцистеин ішке 200 мг 3-4 рет күніне, 7-10 күн
немесе 
- Бромгексин ішке 8-16 мг 3 рет күніне, 7-10 күн; т/і немесе б/е 16 
мг 2-3 рет күніне, 7-10 күн
немесе 
- Карбоцистеин ішке 750 мг 3 рет күніне, 7-10 күн. 
Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмониялар 
 
Жүкті әйелдердегі пневмониялар әйел денсаулығы және 
болашақ бала денсаулығына қауіпті. Ұрықты оттегімен қамтамасыз 
ету тікелей ананың қанының оксигенация деңгейіне байланысты. 


122 
Респираторлы жүйенің патологиясы кезінде тыныс алудың 
жеткіліксіздігі ұрықта гипоксия тудырады.
Антибактериалдық емді диагноз қойылғаннан кейін 4 сағат 
көлемінде тағайындалуы керек, ол аурудың мүмкін болатын 
қоздырғыштарына қарсы бағытталған сонымен бірге мына 
жағдайлар ескеріледі: жергілікті эпидемиологиялық ахуал, 
резистенттілік, аурудың клиникалық ағымы мен ауырлық 
дәрежесінің ерекшеліктері, жүктілік мерзімі, аллергологиялық 
сыртартпа, қосалқы аурулары, антибиотиктердің жақпауы немесе 
жағымсыз әсерлері, препараттың құны. Жүктілікке байланысты 
антибактериалдық заттың бір реттік және тәуліктік мөлшері орташа 
терапевтік мөлшерден төмендетілмеуі міндетті. Айқын көрсетілген 
бүйрек жеткіліксіздігінде ғана мөлшерінің төмендетілуі мүмкін. 
ДЗ таңдау: 
Амоксициллин ішке 500 мг 3 р/күн; 
Амоксициллин/клавуланат ішке 625 мг 3 р/ күн немесе т/і 1,2 г 3 
р/күн; 
Ампициллин т/і немесе б/е 1 г 4 р/күн; 
Цефуроксим аксетил ішке 500 мг 2 р/күн. 
Цефотаксим т/ і немесе б/е 1 г 3 р/күн; 
Цефтриаксон т/і немесе б/е 1 г 1 р/күн; 
Цефуроксим т/і немесе б/е 1,5 г 3 р/күн. 
Бета-лактамдарға аллергия болған жағдайда спирамицин ішке 3 
млн ХБ 2 р/ күн немесе т/і 1,5 млн ХБ 3 р/ күн тағайындалады.
Соңғы 3 айда қабылдаған антибиотиктерді ескере отырып, 
мұқият жиналған дәрілік сыртартпадан кейін антибактериалды 
препараттарды таңдау жүргізіледі.
Жүктілік кезінде мына антибактериалдық препараттарды 
тағайындау қарсы көрсеткіш болады: доксициклин, ко-тримоксазол, 
сульфаниламидтер, фторхинолондар.
Қазіргі таңда биогенді стимуляторларды, антигистаминді 
препараттарды, сонымен қоса стероидты емес қабынуға қарсы
саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттарды біріңғай, мақсатты түрде 
тағайындаудың 
лайықты 
дәлелдері 
жоқ. 
Аты 
аталған 
препараттардың 
тиімділігі 
рандомизирленген 
бақыланатын 
зерттеулер 
нәтижесімен 
дәлелденбеген, 
сондықтан 
бұл 


123 
препараттарды жүкті әйелдерге ауруханадан тыс пневмония 
кезінде тағайындаудың ешқандай негізі жоқ және әрі қарай 
зерттеуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет