Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет58/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


115 
2-БӨЛІК. ҰТЫМДЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯ 
 
1 БӨЛІМ. ПУЛЬМОНОЛОГИЯ 
 
ПНЕВМОНИЯ 
Пневмония — жедел жұқпалы ауру, көбінесе этиологиясы 
бактериалды болады, онда өкпенің респираторлы бөлімдері ошақты 
және бөліктік зақымданумен, альвеолалар ішіне экссудат жиналады, 
әр түрлі дәрежедегі қалтырау мен интоксикация симтомдарымен 
жүретін ауру. 
Ауруханадан тыс пневмония көп жағдайда кездесетін жеке 
жұқпалы ауру. Бұл ауру ауруханадан тыс жағдайда пайда болады, 
барлық жас аралығында кездеседі, әсіресе кәрі жастағы адамдар мен
жаңа туған балаларға аса қауіпті болады. 
 
Этиология және патогенезі 
S. pneumoniae, Н. influenzae, S. aureus, K. pneumoniae көп 
жағдайда ауруханадан тыс пневмония қоздырғыштары болып 
табылады. 
Пневмонияның патогенезінде өкпеге сырттан түскен жұқпалы 
қоздырғыштың әсері негізгі себепші болып табылады. Өкпенің 
респираторлық бөлімдеріне микрофлора жиі бронхтар арқылы 
түседі: ингаляционды (тыныс алатын ауамен) және аспирационды 
(мұрын-ауыз-жұтқыншақ 
арқылы) жол арқылы. Біріншілік 
пневмонияда бронхогенді жол негізгі жұғу жолы болып табылады.
Екіншілік пневмония кезінде сепсистің, жалпы жұқпалы 
аурулардың асқынысы және пневмонияның тромбтық генезді 
қоздырғыштары өкпеге гематогенді жол арқылы түседі. Сонымен 
қоса өкпе тініндегі қабынудың дамуының эндогенді механизмі 
болады, ол өкпедегі микрофлораның белсенділігі арқылы жүреді. 
Ауруханаішілік пневмония кезінде оның рөлі жоғары. Қабынудың 
дамуының бастапқы буыны болып микроағзалардың бронхтық 
ағаштың эпителиалдық жасушаларына адгезиясы, оған әжептеуір 
жағдай 
жасайтын 
кірпікшелі 
жыбырлағыш 
эпителийдің 
дисфункциясы және мукоцилиарлы клиренстің бұзылысы болып 
табылады. Қабынудың дамуының адгезиядан кейін келесі кезеңі 
микроағзалардың эпителиалдық жасушаларда колонизациясы 


116 
болып табылады. Бұл жасушалардың жарғақшасының бұзылысы 
биологиялық бесенді зат – цитокиндердің (интерлейкин 1, 8, 12 
және т.б.) қарқынды бөлінуіне әкеледі. Цитокиндердің әсерінен 
жергілікті 
қабыну 
үрдісіне 
қатысатын 
макрофагтардың, 
нейтрофилдердің және де басқа эффекторлық жасушалардың 
хемотаксисі жүзеге асады. Қабынудың дамуының келесі 
кезеңдерінде микроағзалардың инвазиясы мен жасушаішілік 
персистенциясы жүреді, эндо және экзотоксиндерді бөлу басты рөл 
атқарады. Бұл үрдістер альвеола мен бронхиолдарда қабынуды 
тудырып, аурудың клиникалық көріністерінің байқалуына алып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет