108
түсіндіруді шешу үрдісі қиын тапсырма болып табылады.
Клиникалық нұсқаулықтардың сапасын жақсарту және стандаттау
жолында медициналық көмекті жақсарту мақсатында 1990 жылы
АҚШ-та ғылыми зерттеу және денсаулық сақтау ұйымы аумағында
саясаты жайлы арнайы агенттік құрылды. Осындай қызметті
Ұлыбританияда - Шотландиялық университет аралық жүйе Scottish
Intercollegiate Guidelines Network (SICN) клиникалық анықтамалығы
құрылды. Бұл жүйенің өзінің негізгі мақсаты заманауи тәжірибеге
үнемі көбейіп жатқан медициналық дәлелдердің санын енгізу мен
тәжірибедегі дәрігерге көмек көрсету деп саналады.
Қазақстанда әлі күнге дейін ақпаратты –
әдістемелік базасы
мен техникалық жағдайы Ұлттық клиникалық нұсқаулықтар
шығаруға ие бола алатындай біріктіруші мекемелер жоқ. Бірақ
бұған қарамастан республикамызда медикалық - экономикалық
диагностикалық және емдеу стандарттары мен клиникалық
хаттамалар құрау жөніндегі тәжірибе бар.
Клиникалық нұсқаулықтардың бейімделген өнімі және
шапшаң
түрде құрмдас бөлшектері кеңейтіліп жергілікті жағдайда
қолданылатын клиникалық хаттамалар болып табылады.
Клиникалық нұсқаулықтарды қолданғанда ең аз деңгейде
рұқсат етілген стандартты ем қолдануға ұсынылады, ауруға
негізделген
қажетті қорлар, кезеңдер мен болжамды нәтижені
анықтайтын өлшемдер түрінде көмек көрсетуді мақсат етеді.
Клиникалық нұсқаулықтарды құру үрдісі келесі кезеңдерден
тұрады:
1 кезең: Клиникалық нұсқаулықтарды құру жөніндегі комитет
ұйымы.
Комитет редакционды кеңестен құрылады және клиникалық
нұсқаулықтарды құрастыратын мамандар тобын Денсаулық Сақтау
Министрлігі ұсынған кандидатураларды
қарастыру және нақтылау
негізінде құрылады.
2 кезең: Клиникалық нұсқаулықтарды құрастыратын үрдіс.
Мұнда клиникалық нұсқаулықтарға арналған басымдылығы бар
мәселелер бойынша тақырып таңдау анықталады.
3 кезең: Жүйелік әдеби шолу. Комитет таңдаған ғылыми
жұмыстарды әдістемелік сапасын бағалап және дәлелдеу кестесін
құру керек.
4 кезең: Клиникалық нұсқаулық құрастыру. Клиникалық
109
нұсқаулық құрамына сәйкес құрастырылған
өлшемдерді және
медикаментозды емге қажет тағайындамаларды орындайды.
5
кезең:
Тәуелсіз
сарапшылардың
клиникалық
нұсқаулықтарды рецензиялауы және клиникалық нұсқаулықтарды
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы проектісін бекітуі.
6 кезең: Енгізу және өз алдына 3 сатыдан құралатын кешенді
үрдіс:
Клиникалық нұсқаулықтарды қолдану бойынша клиницистерге
білім беру;
Медицина қызметкерлерінің клиникалық нұсқаулықтарды
орындауын қамтамасыз ету және оны сақтауы;
Қайта
қарағанда қосымшалар, өзгертулер мен ұсыныстарды
қарастырып енгізіп отыру керек.
7 кезең: Клиникалық нұсқаулықтарды құру жөніндегі
Шотландиялық Университет аралық жүйенің ұсынысы бойынша,
жарияланған соң әр 2 жыл сайын клиникалық нұсқаулықтарды
қайта қарастырып отыру керек. Клиникалық
нұсқаулықтар қайта
келген дәлелдер есебімен жаңарып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: