Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


шашыранды тамыр ішілік ұю синдромы



Pdf көрінісі
бет2/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
шашыранды тамыр ішілік ұю синдромы 
 
ЭКГ 
электрокардиография 
ЭхоКГ 
эхокардиография 
 
 
 



1 БӨЛІК. КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ
ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ 
 
1 БӨЛІМ. КЛИНИКАЛЫҚ
ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
 
Клиникалық фармакологияның дамуының негізгі кезеңдері
Клиникалық фармакология (КФ) жеке ғылым ретінде XX 
ғасырдың екінші жартысында құрылды. 
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап КФ ғылыми 
негіздері қалана бастады. Бұның барлығы іргелі жаңалықтардың 
ашылуы 
мен 
сульфаниламидтер, 
Н
1
-рецепторлардың 
блокаторларын, фосфорорганикалық қосылыстар, гипотензивті 
заттар (раувольфин), фенитоин және өзге де препараттарды алғаш 
рет қолданылуымен сәйкес келеді. 
Жеке фармакотерапия (ФТ) түсініктері дамуына көптеген әйгілі 
ғалымдар белгілі үлесін қосты. Дәрілік токсикологияның дәрілік 
заттар 
(ДЗ) 
мен 
улардың 
фармакокинетикалық 
және
фармакодинамикалық ғылым ретінде дамуына А.П. Нелюбин 
(1785-1858) жағдай жасады. 
Н.П. Кравков (1865-1924) еңбектерінде оқшауланған жеке 
мүшелердің модельдерінде жаңа дәрілік препараттардың әсерін 
зерттеу негізі қаланды. М.П. Николаевтың (1893-1949) ғылыми 
еңбектері тірі ағзада жасанды жолмен шақырылған патологиялық 
жағдайларға ДЗ әсер ету заңдылықтарын зерттеуге арналған. 
Сонымен бірге, ол ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап 
медициналық жоғарғы оқу орындарының оқыту бағдарламасына 
енгізілген КФ дәрістер курсын ұйымдастырушысы болды. 
Фармакопрофилактикалық бағыттың негізін қалаушы болып Н.В. 
Лазарев (1895-1974) саналады, ол өз жұмыстарын организмнің 
жұмысқа қабілеттілігі мен төзімділігін жоғарылататын - адаптогенді 
заттарды зерттеуге арнады. 
40-шы 
жылдары 
пенициллиндер, 
тетрациклиндер, 
стрептомицин, аминосалицил қышқылы, бластомаларға қарсы 
заттар, 
ганглиоблокаторлар, 
миорелаксанттар 
мен 
глюкокортикоидтар ашылды. 50-шы жылдары клиникалық 
тәжірибеге психотропты препараттар (хлорпромазин, галоперидол, 



резерпин, имипрамин, диазепам) енгізілді. Осы жылдары наркоз
беру мен ауырсынуды басуға арналған комбинирленген 
препараттар, қант диабетін (ҚД), гипертонияға, ісікке және бірқатар 
инфекционды 
ауруларға 
қарсы, 
гормоналдық 
бұзылыстар, 
бронхиалды астманы (БА) емдеудің жаңа әдістері мен дәрілік 
заттары ашылды. 
КФ жеке пән ретінде бөлінуіне көптеген жаңа білім қорының 
жиналуы себепші болды. Алғашқыда бұл мәліметтер белгілі бір 
аурумен сырқат науқастарда байқалған жекеленген ДЗ әр түрлі 
әсерлері жайлы болды (препараттардың фармакодинамикасы), бұл 
мәліметтерді осы науқастарды дәрілік ем тағайындағанға дейін 
және оны өткізу барысында жүргізілген тыңғылықты клиникалық, 
клинико-функционалдық және зертханалық зерттеулер арқасында 
алынды. КФ жеке пәнге айналу кезеңінде препараттардың
фармакодинамикасы жайлы білімді – әр түрлі мамандық 
саласындағы дәрігерлер, олардың ішінде негізінен – терапевттер 
мен педиатрлар игерді.
Солардың бірі ССРО МҒА академигі Б.Е. Вотчал. Күнделікті 
клиникалық 
тәжірибедегі 
«дәрігер-диагноз-дәрі-науқас» 
жүйесіндегі ДЗ атақаратын роліне көзқарастарды қайта қарауға 
әжептәуір екпін берген Б.Е. Вотчал жазған «Клиникалық
фармакологиядан очерктер» (1965) атты еңбегі. Ресейде М.Д. 
Машковский құрған фармакологтар мен фармакотерапевттердің 
ғылыми мектебі мен ең әйгілі «Дәрілік заттар» анықтамалығы, бұл 
анықтамалық кітабы осы уақытқа дейін 14 рет қайта басылымнан 
өтті және қырық жылдан астам уақыт бойы тәжірибелік 
дәрігерлердің назарынан түспеген. В.В. Закусов, П.В. Сергеев, Д.А. 
Харкевич, В.Г. Кукес, Ю.Б. Белоусов, В.А. Гусель, Г. В. Ковалев, 
В.К. Лепахин және басқалар басқарған ғылыми мектептер 
фармакология саласында көптеген пайдалы ұсыныстар жасаған. 
60-70-ы жылдары жартылай синтетикалық пенициллиндер
цефалоспориндер, 
рифампицин, 
жаңа 
наркотикалық 
және 
наркотикалық емес анальгетиктер (фентанил, опиоидты пептидтер, 
диклофенак тағы басқалар), простагландиндер мен олардың 
синтезінің ингибиторлары, иммунды түзетушілер мен вирусқа 
қарсы заттар қолға жетімді болды. 
70-ы жылдары барлық әлемде КФ кафедралары, бөлімшелері 
мен институттары құрылды, оның ішінде И.М. Сеченов атындағы 



Медициналық институттағы КФ кафедрасы, меңгерушісі - 
профессор В.Г. Кукес. 
Өткен жүзжылдықтың соңғы онжылдығы медициналық
техниканың қарқынды дамуымен өтті, дәрігер тәжірибесіне
биохимиялық, 
цитологиялық, 
микробиологиялық, 
электрофизиологиялық, иммунологиялық және басқа да әдістердің 
енуіне байланысты, науқас ағзасындағы ДЗ өзгеріске әкелетін іс-
әрекеті жайлы, олардың фармакокинетикасы, өзара әсерлесуі, 
препараттарды науқас ағзасына 
енгізу 
жолдары, дәрілік 
препараттардың тиімділігін бақылау мен қауіпсіздігі тағы басқалар 
туралы көптеген тың ақпарат жинақталды. 
Осы ақпаратты біріктіретін мамандарға деген қажеттілік пайда 
болды да, ақыры жаңа пән – КФ құрылумен аяқталды. Барлық 
алдыңғы қатарлы елдерде КФ кафедралары мен зертханалары
құрылды; осы сала мамандары аурухана штатына кірді.
ХХI ғасырдың басында КФ ДЗ ұтымды қолданудың маңызды 
негізіне айналды, ал фармакокинетикалық зерттеулер – дәрілік 
препараттарды зерттеудің айырылмас бір маңызды құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылады. ДЗ абсорбциясын, таралуын, метаболизмі 
мен элиминациясының сандық бағалауын жасау, дәрігердің 
қолында бар препараттар арсеналынан оңтайлы қолдана алуына 
және ұтымды мөлшерлеу тәртібін құрастыруға ұсыныстар жасауға 
көмектесті. 
Мынаны ескеру керек, ұтымды ФТ үшін сол ДЗ туралы барлық 
мүмкін болатын мәліметтерді науқастың жеке ерекшеліктері мен 
оған тағайындалған препаратқа берген реакциялары (оң және теріс) 
жайлы біліммен біріктіре қолдана алуы қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет