Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет9/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ ағзада таралуы 
 
Жүйелі қан айналымға түскен соң дәрілік заттар ағзаның әр 
түрлі мүшелері мен тіндеріне таралады. Дәрілік заттардың таралу 
сипаты олардың липидтерде ерігіштігіне, қан плазмасындағы 
ақуыздармен байланысу дәрежесіне, аймақтық қан айналым 
ағысының қарқындылығына және басқа да себептерге тәуелді 
болады. Дәрілік заттардың сорылғанннан кейінгі көп бөлігі алғашқы 
минуттарда қанмен қарқынды қамтамасыз етілетін мүшелер мен 
тіндерге — жүрек, бауыр, бүйрекке жетеді. Дәрілік заттармен 
қанығу бұлшық еттерде, кілегей қабаттарда, тері мен май тіндерінде 


18 
баяу 
жүреді. 
Осы 
аталған 
тіндерде 
дәрілік 
заттардың
терапевтикалық концентрациясын жасау үшін бірнеше минуттардан 
бірнеше сағаттарға дейін уақыт қажет. Дәрілік заттардың таралуын 
анықтайтын маңызды ықпалдың бірі, оның әр түрлі тіндерге 
диффузиялану 
жылдамдығы. 
Интерстициальдық 
тінге 
диффузиялану жеңіл әрі тез жүреді. Капиллярлардың суда және 
майда еритін заттарға өтімділігі жақсы болады, сондықтан, ішек 
қуысында нашар сорылатын, суда жақсы еритін препараттарды 
(мысалы, стрептомицин) парентеральды енгізеді. Олар жасушадан 
тыс аймақтарға жақсы өтеді, бірақ, ОЖЖ мен басқа да мүшелерге 
әсер етепейді, оларға заттар мембараналық кедергілерден өтіп 
баруы мүмкін. Майда жақсы еритін препараттар (мысалы, газ 
тәріздес анестетиктер) барлық ағза бойынша тез таралады, олар 
жасушадан тыс және жасуша ішілік аймақтарға біркелкі таралады. 
ДЗ қан ақуыздары мен тіндерде байланысуы 

Көптеген дәрілік заттардың қан плазмасындағы ақуыз 


альбуминге айқын физико-химиялық жақындығы бар. Дәрілік 
заттардың қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы олардың 
тіндерде және әсер ету орнында концентрациясының төмендеуіне 
әкеледі, себебі тек бос (байланыспаған) препарат мембраналар 
арқылы өте алады. Ақуызбен байланысқан кешенді зат, арнайы 
белсенділігінен айырылады. Дәрілік заттың бос және байланысқан 
бөліктері динамикалық тепе-теңдік күйін сақтайды. Кейде дәрілік 
заттар, 
диффузиондық 
тепе-теңдікке 
қарамастан, 
үлкен 
концентрацияда тіндерде жиналады. Бұл әсер рН градиентінен, 
дәрілік заттың жасуша ішілік элементтермен байланысуы мен оның 
майлы тіндерде таралуына байланысты болады. Клиникалық 
маңыздылығы бар болатыны қан ақуыздарымен дәрілік заттың
90%-ден астамы байланысатын жағдайларды айтуға болады. 
Дәрілік заттардың байланысуының бұзылуы қанда альбуминдер 
концентрациясының төмендегенінде (гипоальбуминемия) мен қан 
ақуыздарымен байланысу қабілетінің кейбір бауыр мен бүйрек 
ауруларында төмендеуінен байқалады. Тіпті қандағы альбуминдер 
деңгейінің 30 г/л (қалыпта 33-55 г/л) дейін төмендегені фенитоиннің 
бос фракциясының әжептәуір жоғарылауына әкеледі. Клиникалық 
маңызды болатын жағдай фуросемидтің бос фракциясының 


19 
деңгейінің жоғарылауы альбумин санының 20 г/л дейін 
төмендегенінде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет