11
2 БӨЛІМ. КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОКИНЕТИКА
Фармакокинетика — клиникалық фармакологияның бөлімі, ол
дәрілік заттардың сорылуы, таралуы, ақуыздармен байланысы,
биотрансформациясы және шығарылу үрдістерін зерттейді.
Фармакокинетика салыстырмалы түрде жаңа ғылым болып
есептеледі.
Оның
дамуына
себеп
болған
биологиялық
сұйықтықтарда дәрілік заттарды анықтаудың жоғары сезімтал
әдістері —
газды-сұйықтық хроматография, радиоиммундық,
ферментті-химиялық тағы басқалар мен фармакокинетикалық
үрдістерді математикалық моделдеу әдістерін құрастыру мен
тәжірибеге енгізудің арқасында мүмкін болды.
Фармакокинетикалық зерттеулерді аналитикалық химия
саласындағы мамандар, провизорлар, фармацевттар, биологтар
жүргізуі мүмкін, бірақ оның қорытындылары дәрігер үшін өте құнды
болады. Белгілі бір препараттың фармакокинетикалық
мәліметтері
негізінде оның тағайындау мөлшерін, оңтайлы енгізу жолын, қолдану
тәртібін және емнің ұзақтығын таңдайды. Дәрілік заттардың
биологиялық сұйықтықтардағы мөлшерін үнемі бақылау емді
уақытында түзетуге мүмкіндік береді. Емнің тиімсіздігінің себептері
белгісіз болғанда немесе науқасқа дәрілік препарат жақпаған жағдайда,
қосымша созылмалы бүйрек, бауыр аурулары бар науқастарды
емдегенде, бірнеше дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда және
басқа жағдайларда фармакокинетиканың негізгі қағидаларын білу мен
тәжірибеде қолдана алу өзінің ерекше екендігін көрсетеді.
Фармакокинетикалық
зерттеулер
жаңа
препараттарды
құрастырғанда, олардың дәрілік түрін, әрі дәрілік заттардың
эксперименталдық және клиникалық зерттеулерін жүргізуде қажет.
Ағзада дәрілік препараттармен болатын үрдістерді суреттеу
үшін бірқатар көрсеткіштердің көмегі қажет болады.
Элиминация жылдамдығының константасы (Кel),
абсорбция
(Ка) мен экскреция (Кex) көрсеткіштері сәйкесінше препараттың
ағзадан биотрансформация жолымен жойылуы, оның енгізген
жерінен қанға түсу жылдамдығы мен одан зәр, нәжіс, сілекей және
тағы басқалар арқылы шығарылу жылдамдығын көрсетеді.
Жартылай шығару кезеңі (Т½) — бұл препараттың қандағы
концентрациясын екі есеге азайтуға кететін уақыт, ол элиминация
жылдамдығының константасына тәуелді (Т½= 0,693/Кel).
12
Жартылай абсорбция кезеңі (Т½,a) — бұл препараттың жарты
мөлшерінің енгізген жерінен қанға жетуіне қажетті уақыт аралығы,
ол абсорбция жылдамдығының константасына (Т½,a=0,693/Ка)
пропорционалды.
Препараттың ағзада таралуын жартылай таралу кезеңі
сипаттайды, ол бастапқы және стационарлық (тепе-теңдік)
концентрацияның таралу көлемімен айқындалады.
Жартылай таралу кезеңі (Т½,a) — бұл қан мен тіндер арасында
тепе-теңдік
сақталған
кезде,
қанда
50%
тең
препарат
концентрациясы болатын жағдайға қажет уақытты айтамыз.
Болып көрінген алғашқы концентрация (Со) —
тамыр ішіне
енгізілгенде қан плазмасына жеткен және мүшелер мен тіндерге қас
қағым сәтте таралуынан пайда болған препарат концентрациясы.
Тепе-теңдік концентрациясы (Сss) — қан плазмасында
(сарысуда) препарат ағзаға үздіксіз үнемі біріңғай жылдамдықпен
жеткенде қалыптасқан препарат концентрациясы. Препаратты
белгілі бір уақыт аралығында, бірдей мөлшерде үзіліспен енгізген
(қабылдаған) кезде препараттың максималдық (Сssmax) және
минималдық (Сssmin) тепе-теңдік концентрациялары деген
түрлерін ажыратады.
Препараттың таралу көлемі (Vd) тіндердің қан плазмасынан
(сарысудан) оны тартып алу дәрежесімен сипатталады. Vd (Vd=
D/Cо) — қан сарысуында болып көрінген алғашқы концентрацияға
(Со) тең концентрацияны алу үшін барлық ағзаға түскен препарат
мөлшерін (D) белгілі бір сұйықтық көлемінде ерітуге керек
сұйықтық көлемін айтады.
Препараттың жалпы клиренсі (Clt) ағзаның дәрілік препараттан
“тазалану” жылдамдығымен сипатталады. Ол бүйректік (Clr) және
бүйректен тыс (Cler) клиренстер деп бөлінеді,
олар сәйкесінше
дәрілік заттың зәрмен және басқа жолдармен (оның ішінде өтпен)
шығарылуын көрсетеді. Жалпы клиренс бүйректік және бүйректен
тыс клиренстер қосындысынан тұрады.
“Концентрация — уақыт” қисығы астындағы алаң (AUC) —
фармакокинетикалық қисық пен координат остерімен шектелген
пішін алаңы (AUC = Cо/Kel). (AUC) мәні басқа да
фармакокинетикалық параметрлермен — таралу көлемі, жалпы
клиренспен байланысқан. Ағзада препараттың кинетикасы
сызықтық болғанда AUC мәні жүйелік қан айналымға жеткен
13
препараттың жалпы мөлшеріне (мөлшерсына) пропорционалды
болады. Жиі қисықтың жартысы астындағы алаңды анықтайды
(нөлден бастап белгілі бір уақыт аралығына дейін t); бұл
параметр
AUCt деп белгіленеді, мысалы, 0 ден 8 сағат арасындағы қисық
астындағы алаң — AUC8.
Абсолюттік биодожетімділік (f) — тамырдан тысқары енгізген
препарат мөлшерінің (%-да) жүйелік қан айналымға жеткен бөлігі,
ол зерттелетін әдіспен (ішке, бұлшық етке т.б.) енгізген соңындағы
AUC’-тың тамыр ішіне енгізілгеннен кейінгі AUC-тың қатынасына
тең.
Салыстырмалы биожетімділікті тамырдан тыс енгізілген екі
дәрілік түрдің биожетімділігін салыстыру үшін анықтайды. Ол
мына
салыстырылатын
екі
түрлерді
енгізгеннен
кейінгі
қатынастарына тең (AUC’/AUC)(D/D’).
Жалпы биожетімділік — ішке қабылданған препарат
мөлшерінің сорылу арқасында жүйеге дейінгі метаболизм немесе
“біріншілік өту әсері” деп аталатын үрдіс нәтижесінде пайда болып,
жүйелік қан айналымға өзгермеген және метаболиттер күйінде
жеткен бөлігін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: