Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Қазақстан Республикасында клиникалық



Pdf көрінісі
бет3/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Қазақстан Республикасында клиникалық
фармакологияның дамуы 
 
Клиникалық фармакологияны ең алғаш рет 1983-1984 
жылдары Алма-Аты Мемлекеттік Медициналық Институтында 
ішкі аурулар кафедрасында емдеу факультетінің субординатор-
терапевттеріне цикл ретінде оқыта бастады.
90-шы 
жылдардың 
ортасынан 
бастап 
Қазақстан 
Республикасында өзіндік клиникалық фармакология мектебі 
дамуын бастады. Қазақстанда клиникалық фармакологияның пән 



ретінде негізін қалаушы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
профессор Құлмағамбетов И.Р., ол 1992 жылы Қазақстанда бірінші 
болып клиникалық фармакология кафедрасын Алматыдағы С.Д. 
Асфендияров 
атындағы 
Қазақ 
ұлттық 
медициналық
университетінде ұйымдастырды. Профессор Құлмағамбетов И.Р. 
клиникалық фармакология бойынша дәрігерлерді дипломнан 
кейінгі дайындық курсын ұйымдастыру әрі ашу мен оның 
бағдарламасын құрастырушы (1998), ҚР Мемлекеттік дәрілік заттар 
реестрінің 
1-ші 
шығарылымын 
жасаушы 
(1994), 
ҚР 
«Фармакология, клиникалық фармакология» мамандығы бойынша 
аймақтық докторлық Диссертациялық кеңесті ең алғаш ашылуын
ұйымдастырушысы (1997) болды.
Профессор И.Р. Құлмағамбетов жетекшілігімен ҚР 
Фармакологиялық комитет қызметін ұйымдастыру бойынша
құжаттарды құрастырды; «клиникалық фармакология» бағыты 
бойынша көптеген нормативті құжаттар: дәрігер-клиникалық 
фармаколог туралы жағдай, жұмысының құрылымы, кәсіптік
сипаттамасы, штаттық нормативтері мен дәрігер-клиникалық 
фармаколог 
жүктемесі; 
дәрігер-клиникалық 
фармакологтың
құқығы, функционалдық міндеттері мен жауапкершілігі анықталды 
(ҚР денсаулық сақтау Комитетінің бұйрығы №286 22 мамыр 1998 
жыл «Клиникалық фармакология қызметінің дамуы жайлы»).
24.11.2009 
жылғы 
№774 
«Медициналық 
және 
фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасын бекіту жайлы» 
бұйрыққа сәйкес «Клиникалық фармакология» мамандығы
медициналық және фармацевтикалық мамандықтар тізімдемесіне 
енді.
Тәжірибелік денсаулық сақтау саласында дәрігер клиникалық 
фармакологтар жұмыс істеуіне әлеуеттік мүмкіндіктер жасалған, 
республикадағы көптеген клиникалар штатына клиникалық 
фармаколог мамандығы енгізілген. «Клиникалық фармакология» 
мамандығы кәсіптік санатын иелену үшін аттестациялауға 
жататын тізімге енді. 
Қазіргі кезде ҚР әрбір медициналық жоғарғы оқу орнында 
клиникалық фармакология кафедралары қызмет етеді. Қазақстан 
Республикасындағы Медициналық ЖОО-да клиникалық 
фармакологияны оқытуға үлкен көңіл бөлінген, Мемлекеттік 
Жалпыға Міндетті Білімберу Стандартына (2006) сәйкес



«Клиникалық фармакология» пәні барлық факультеттердің оқуға 
міндетті пәндер тізіміне кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет