Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет8/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Парентеральдық жол 
Дәрілік заттарды тағайындағанда асқазан-ішек жолдарын 
айналып өтіп қолданатын әдіс парентеральдық жол деп аталады. 
Парентеральдық әдіске: әр түрлі инъекциялар, ингаляциялар, 
электрофорез бен тері мен шырышты қабаттарға препараттарды 
беткейлік енгізулері жатады. 
Көк тамыр ішіне енгізу
. Дәрілік заттарды көк тамырға енгізу 
алынатын әсердің тез әрі дәл болуын қамтамасыз етеді; кері әсерлер 


16 
пайда болғанда препараттың қан ағысына түсуін тез тоқтатуға
асқазан-ішек жолдары арқылы сорылмайтын немесе оның 
шырышты қабатын тітіркендіретін заттарды енгізуге мүмкіндік 
береді. 
Кейбір препараттар мысалы, жүрек гликозидтерін өте баяу 
енгізеді, себебі олардың қандағы концентрациясының жедел 
жоғарылауы қауіпті болады. 
Ұзақ емдегенде веноздық тромбоз пайда болуы мүмкін. Көк 
тамыр ішіне енгізу вирустық гепатит В мен адам иммундық 
тапшылығын жұқтырудың негізгі көзі болады. 
Артерия ішілік енгізу.
Кейбір мүшелердің (бауыр, қол-аяқтар) 
ауруларын емдегенде жылдам метаболизмге ұшырайтын немесе 
тіндермен тез байланысатын дәрілік заттарды артерия ішіне 
енгізеді. Осылай енгізгенде препараттың жоғары концентрациясы 
сәйкес мүшеде ғана байқалады да жүйелік әсерді болдырмауға 
жағдай жасалады. Мынаны есте ұстау керек, артерия тромбозы
вена тромбозына қарағанда ауыр асқыныс болып табылады. 
Бұлшық етке енгізу.
Препаратты бұлшық етке енгізгенде
салыстырмалы түрде жылдам әсер алынады (еріген дәрілік заттар 
10-30 минут көлемінде сорылады). Бұл жолмен аздаған тітіркендіру 
әсері бар дәрілік заттар мен депо-препараттар енгізуге болады. 
Енгізілетін зат көлемі 10 мл аспау керек. Бұлшық етке енгізілген 
препараттардан кейін жергілікті ауырсынулар мен абсцесстер 
байқалуы мүмкін.
Тері астына енгізу.
Тері астына енгізілген дәрілік заттардың 
сорылуы мен терапевтикалық әсерінің пайда болуы, бұлшық ет пен 
көк тамыр ішіне енгізумен салыстырғанда, баяу жүреді бірақ, әсері 
ұзаққа сақталады. Мынаны есте ұстау керек, перифериялық қан 
айналым жеткіліксіздігінде (мысалы, шоктар кезінде) тері астына 
енгізілген заттар нашар сорылады. 
Ингаляциялар.
Ингаляциялық жолмен дәрілік заттарды 
аэрозольдар түрінде (b-адреномиметиктер), газдар (ұшатын 
анестетиктер) мен ұнтақтар (кромогликат натрий) енгізіледі. Дәрілік 
заттарды ингаляционды енгізгенде олар тез сорылып жергілікті 
және жүйелік әсер береді. Газ тәрізді заттарды қолданғанда 
ингаляцияны тез тоқтату олардың әсерінің де тез аяқталуына 
әкеледі (наркозға арналған эфир, фторотан). Аэрозольдармен дем 
алғанда 
олардың 
жоғарғы 
концентрациясы 
бронхтарда 


17 
(беклометазон, сальбутамол) байқалады да, жүйелі әсері өте аз 
болады. 
Интратекальдық енгізу. 
Дәрілік заттарды ОЖЖ тікелей әсер 
етуін алу үшін субарахноидальдық кеңістікке енгізеді. Осылаша 
жергілікті жансыздандырушы заттар жұлын-ми анестезиясында 
енгізіледі. Бұл жол тағы да мынандай жағдайларда,
субарахноидальдық кеңістікте (мысалы, антибиотик немесе 
глюкокортикоидты) заттың жоғарғы концентрациясын жасау қажет 
болғанда қолданылады. 
Жергілікті қолдану
. Дәрілік заттарды тері мен кілегей 
қабаттарға жағу, тамызу арқылы жергілікті әсер алуға болады. 
Бірақ, кейбір заттарды мұрын, көздің кілегей қабаттарына тамызу 
арқылы олардың сорылуынан жүйелік әсер алуға да болады. 
Мысалы, глюкокортикоидтарды теріге ұзақ уақыт бойы жағу 
науқаста осы препаратты ауыз арқылы қабылдағанда байқалатын 
реакцияларға ұқсас кері әсерлердің пайда болуына әкеліп 
соқтырады. 
Кейінгі кездері ерекше дәрілік түрлер ойлап табылды, оларды 
жабысқақ заттар арқылы теріге жабыстырады және осының 
арқасында дәрілік заттардың баяу және ұзақ уақыт сорылуына 
жағдай жасайды, соған байланысты оның әсер ету уақыты ұзарады. 
Осындай жолмен мысалы, нитроглицерин мен скополамин 
енгізіледі. 
Электрофорез
. Бұл әдіс гальваникалық ток әсерін дәрілік 
заттарды теріден тереңде жатқан тіндерге жеткізуге пайдалануға 
негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет