Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет7/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ енгізудің негізгі жолдары 
 
Дәрілік зат адам ағзасына тері, ауыз арқылы асқазан-ішек 
жолдары немесе тік ішек, бұлшық етке, венаға және т.б. жолдармен 
енгізіледі. Дәрілік заттың енгізу жолына байланысты емнің 
тиімділігі оның әсер ету орнына жету жылдамдығына тәуелді 
болады (мысалы, қабыну ошағына). Әр түрлі енгізу жолдарының 
өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, оларды жақсы білу 
әр түрлі патологиялық жағдайларда оңтайлы қолдануға мүмкіндік 
береді. 
Энтеральдық жол
Дәрілік заттар жиі асқазан-ішек жолдары (ауыз арқылы немесе 


15 
тік ішек арқылы) арқылы енгізіледі. Бұл енгізу жолының 
құндылығы оның қолдану ыңғайлылығында (медициналық 
қызметкердің көмегін қажет етпейді), әрі саластырмалы түрде 
қауіпсіздігі мен парентеральдық енгізуге қарағанда асқыныстардың 
аз болуымен ерекшеленеді. Энтеральдық жолмен енгізілетін дәрілік 
заттар жергілікті (кейбір микробқа, құрттарға қарсы заттар) және
жүйелік те әсер береді. 
Ішке ауыз арқылы қабылдау (per os)
. Ішкі ағазалар ауруларын 
емдегенде асқазан мен ішектердің шырышты қабаты арқылы жақсы 
сорылатын дәрілік заттар тағайындағаны дұрыс болады. Егер 
асқазан-ішек жолдарында препараттың жоғарғы концентрациясын
жасау керек болса керісінше, нашар сорылатын дәрілік заттарды 
қолданады, олар нашар сорыла отырып жақсы тиімділік әсер алуға 
көмектеседі, әрі олардың жүйелік кері реакциялары байқалмайтын 
болады. Кейбір аурулардың ағымы өте ауыр болғанда мысалы 
дизентерияда мүмкіндігінше, дәрілік заттың концентрациясы ішек 
қуысында және қанда да жоғары болуы керек. 
Тік ішекке енгізу (ректальдық)
. Тік ішекте қан мен лимфа 
тамырларының шоғырланған жүйесі бар, сондықтан көптеген 
дәрілік заттар (әсіресе иондалмаған майда еритін қосылыстар)
оның шырышты қабатының беткейінен жақсы сорылады. Дәрілік 
заттар тік ішектің төменгі бөлігі арқылы абсорбциясы жүреді де, 
төменгі геморроидальдық веналар арқылы, бауырды айналып өтіп, 
жүйелік қан айналымға түседі. 
Препараттарды ректальдық енгізу асқазанды тітіркендіруден 
қорғайды. Сонымен бірге, осы енгізу жолын дәрілік заттарды 
қабылдау қиындық туырған немесе per os (жүрегі айну, құсу, 
өңештің тарылуы немесе өткізбеу себебінен) мүлдем енгізе 
алмайтын жағдайда қолданамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет