Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет15/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ-дың әсер етуінің сипаттамасы
ДЗ басты сипаттамасы препараттың әсер ету уақытын, 
тиімділіктің 
тез 
болуын, 
күші 
мен 
ұзақтығы 
сияқты 
көрсеткіштерімен анықталады.
Препараттың әсер ету кезінде мынаны бөледі: 
• жасырын кезең; 
• барынша жоғары әсер ету кезеңі; 
• әсерді ұстап тұру кезеңі; 
• әсерден кейін болатын уақыты. 
ДЗ –дың жасырын кезеңі – препаратты қабылдаудан бастап 
терапевтік әсердің пайда болуына дейінгі уақыт. Жасырын кезеңі 
қысқа болғанда, препарат тез әсер ете бастайды.
ДЗ –дың барынша жоғары әсер ету кезеңі – препараттың 
терапевтік әсерінің барынша жоғары түрде көрінуіне кеткен уақыт. 
Әсерді ұстап тұру уақыты - дәрілік заттың ФК ерекшеліктеріне 
байланысты дәрілк заттардың қабылдау жиілігі мен әсерінің 
ұзақтығымен анықталады. 
ДЗ әсер ету уақытынан кейінгі әсері – препараттарды 
қабылдауды тоқтатқаннан кейін, оның әсерінен ағзада сақталатын 
функционалдық өзгерістердің болу уақыты. 
ДЗ-дың тез әсер етуі, күші мен ұзақтығы көптеген себептерге 
байланысты өзгереді, оның ішінде негізгісі:
• ДЗ енгізілу жылдамдығы мен мөлшері;
• барлық ағзаның немесе нысана мүшелердің функциональдық 
жағдайы қаншалықты қалыпта сақталғанына байланысты болады.
Егерде ағзаның функционалдық жағдайы қалыпта сақталған 
болса, ДЗ мөлшерін дұрыс таңдап, терапевтік әсерге тез жетуге 


33 
болады. Ал ағзаның немесе нысана – мүшелердің функционалдық 
жағдайында патологиялық үрдіс болатын болса, ДЗ –дың реакциясы 
төмендеуі, мүлдем болмауы немесе бұрмалануы да мүмкін.


34 
4 БӨЛІМ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ 
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі деп - бір дәрілік заттың 
тиімділігі мен қауіпсіздігінің басқа дәрілік затпен бірге немесе одан 
кейін қолдану кезіндегі өзгеруін айтамыз. Дәрілік заттардың 
тиімділігі мен қауіпсіздігі тағаммен, ішімдікпен, темекі түтінінің 
компонеттерімен, фитопрепараттармен әрекеттесу нәтижесінде 
өзгеруі мүмкін. Дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігінің 
фармакотерапиясын жоғарылататын өзара әрекеттесу ДЗ ұтымды 
біріктіру негізінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет