Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет13/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
ДЗ мөлшері мен мөлшерлеу тәртібі
ДЗ-дың әсері көп жағдайда оның мөлшерімен байланысты 
анықталады. ДЗ концентрациясына байланысты оның әсерінің
даму жылдамдығы, айқындылығы, ұзақтығы мен сипаты өзгереді.
Дәрілік заттардың мөлшерлерінің түрлері
Дәрілік препараттардың ағзаға әсер етуі, оның химиялық 
құрылымына, физико-химиялық қасиеттеріне және мөлшеріне 
байланысты екендігі белгілі. 


28 
ДЗ-тың ең аз мөлшерін қабылдағанда пайда болатын терапевтік 
әсерді табалдырықты немесе терапевтік төменгі мөлшері деп 
айтады. Медициналық тәжірибеде науқастарды емдеуде орташа 
терапевтік емдік мөлшерді қолданғаннан кейін көптеген 
науқастарда тұрақты терапевтік әсер дамитыны байқалады. Көп 
жағдайларда бұл мөлшер жеткіліксіз емдік әсер береді, сонда одан 
да жоғары мөлшерлерді қолданады, бұл адам ағзасына өте қауіпті. 
Сондықтан, көптеген ДЗ-дың бір реттік және тәуліктік рұқсат 
етілетін мөлшерлері қабылданған, ол жоғары бір реттік мөлшер 
(ЖБМ) және жоғары тәуліктік мөлшерден (ЖТМ) тұрады.
ЖБМ – дәрілік заттарды бір рет қабылдауға рұқсат етілген 
мөлшер. Оны қабылдағаннан кейін ең жоғары емдік әсер 
байқалады.
ЖТМ – тәулік бойы қабылдауға рұқсат берілген ДЗ мөлшері. 
Әдетте ЖБМ және ЖТМ «А» (улы және наркотикалық заттар)
және «Б» (күшті әсер ететін заттар) тізіміндегі препараттарға 
қатысты қолданылады.
ДЗ терапевтік әсерінің кеңдігі деп - ДЗ төменгі терапевтік 
мөлшерден жоғары бір реттік мөлшерге дейінгі аралықты қамтиды. 
Ол қаншалықты жоғары болса, ДЗ токсикалығы төмен болады және 
тағы солай керісінше.
Токсикалық мөлшер – уланудан өлімге дейін алып келетін 
дәрілік заттардың мөлшері.
Өлімге алып келетін (летальдық) мөлшер – қабылдауы өлімге 
алып келетін дәрілік заттардың мөлшері. 
Курстық мөлшер – емдеу курсын өткізуге арналған дәрілік 
заттардың мөлшері. 
Клиникалық тәжірибеде жиі қолданылатын мөлшерлердің 
түрлері:
• бір реттік мөлшер – бір рет қабылдауға арналған дәрілік 
заттың көлемі; 
• тәуліктік мөлшер – тәулік бойы қан плазмасында ДЗ-тың 
терапевтік концетрациясын ұстап тұра алатын мөлшер; 
• сынамалы мөлшер - бірқатар жағдайларда ем тағайындаған 
препараттарға фармакодинамикалық (мысалы, празозинді алғаш 
қабылдағандағы әсері – тұрған қалыпта артериалдық қан 
қысымының тез түсуі) немесе аллергиялық түрдегі келеңсіз 
реакциялардың болуын ескеріп тағайындайтын ДЗ мөлшері;


29 
• қанықтыратын мөлшер – тіндерде ДЗ–дың керек 
концентрациясын жасауға көмектесетін ДЗ мөлшері (мысалы, 
амиодарон, жүрек гликозидтерімен ем жүргізуде); 
• соққылы мөлшер – белгілі эндогенді субстраттармен 
(мысалы, 
сульфаниламидтердің 
соққылау 
мөлшері, 
фолий
қышқылының молекуласының құрылымына парааминобензой 
қышқылымен бәсекеге түсуі) бәсекеге түсуі керек, препараттың 
оңтайлы тіндік концентрациясын жасауға арналған ДЗ мөлшері. 
Мөлшерлеу тәртібі – тәулік бойы енгізілген ДЗ мөлшері (бір 
реттік немесе көп реттік) мен жиілігі көлемінің мөлшері. 
Мөлшерлеу тәртібі көптеген себептерге оның ішінде, ең 
маңыздысы жартылай шығарылу кезеңіне байланысты болады. ДЗ-
тың жартылай шығарудың кезеңіне сәйкес ФТ ұтымды жоспары 
терапевтік мөлшердің бастапқа енгізілуі мен әрі қарай мөлшерін 
ұстап тұру мен аралық уақытты сақтауға негізделген.
Мөлшерлеу тәртібі элиминация (бауыр, бүйрек) мен қан 
айналым мүшелерінің функциональдық жағдайына әсер етеді. 
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға антибиотиктерді енгізудің 
фармакокинетикасы 
көрсеткендей, 
хлорамфеникол 
мен 
эритромициннің элиминациясы өзгермейді, ал гентамицин мен 
стрептомицин баяу шығарылады сондықтан, олардың енгізілу 
жиілігін төмендету керек. Бауыр аурулары кезіңде ДЗ метаболизмі 
баяулайды және препарат ағзадан ұзақ шығарылады.
Дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі жасқа байланысты. 
Анықталғандай, балалар мен 60 жастан асқан адамдарда ДЗ-ға 
сезімталдылық жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет