Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет12/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


24 
3 БӨЛІМ. КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОДИНАМИКА 
Фармакодинамика – ДЗ заттардың әсер ету механизмін (тіндік, 
жасушалық және субжасушалық арнайы және арнайы емес 
рецепторлармен 
өзара 
алмасу 
үрдістерінің 
мәні) 
және 
фармакологиялық әсерін (науқастың жасына, жынысына, аурудың 
сипаты мен ағымына, қосымша патологиясына байланысты өзгеруі) 
зерттейтін клиникалық фармакологияның бір бөлімі. Белгілі бір 
аурудың немесе синдромның еміне препарат таңдау, оның тек қана 
әсер ету механизмін түсіну ғана емес, сонымен қатар патологиялық 
жағдайларда, әртүрлі жас топтарындағы науқастардағы ДЗ-дың 
фармакологиялық әсерінің байқалу ерекшеліктеріне байланысты 
болады.
Дәрілік заттардың әсер ету механизмі 

ДЗ егде жастағы ағзаның физиологиялық жүйесінің қызметін 


өзгертіп, емдік әсер береді. Дәрілік заттардың әсерінен ағзада 
әртүрлі табиғи үрдістердің өту жылдамдығы өзгереді, тежелу 
немесе қозу соған сай мүшелер мен тіндердің қызметтерінің тежелуі 
немесе қозуына алып келеді. Нәтижесінде, аурудың дамуына себеп 
болған патологиялық үрдістің ағымы өзгеріп, бұзылған қызметтер 
қалпына келіп, симптомдардың кері дамуы жүреді. 
ДЗ төмендегідей әсер ету механизмдері бар:
• арнайы рецепторларға әсер ету; 
• ферменттердің белсенділігіне әсер ету; 
• жасуша мембранасына физико-химиялық әсер ету; 
• тікелей химиялық әсер ету (цитотоксикалық). 
 
Дәрілік заттардың арнайы рецепторға әсер етуі. 
Жасуша рецепторы – белгілі химиялық қосылыстарға 
таңдамалы сезімталдығы бар макромолекулярлық құрылым. ДЗ-дың 
рецепторлармен байланысы жасушалар мен барлық ағзада 
биохимиялық және физиологиялық өзгерістер шақыртып, қандайда 
бір фармакологиялық әсер тудырады.
Рецепторлардың әсер етуіне байланысты ДЗ келесі топтарға 
бөледі:


25 
• агонистер – рецепторлардың қызметтік белсенділігін тікелей 
қоздыратын немесе жоғарылататын заттар; 
• антагонистер – арнайы агонистердің әсер етуіне кедергі 
келтіретін немесе рецепторларды тежейтін заттар;
• бір уақытта агонистің де, антогонистің де қасиетіне ие заттар
(нәтижелі әсер етуі рецепторлардың бастапқы қызметтік 
белсенділігіне байланысты). 
Рецепторларға антагонист болуы мүмкін жағдай:
• бәсекеге қабілетті, егер ДЗ агонистпен бір арнайы рецептор 
үшін бәсекеге түссе, бұл кезде бәсекеге қабілетті антогонистермен 
шақырылған рецепторлар блокадасын көп мөлшерде агонистерді 
тағайындау арқылы жоюға болады (препарат немесе табиғи 
медиатор);
• бәсекеге қабілетті емес, егер ДЗ макромолекуласының 
арнайы рецепторға қатысы жоқ аймақта орналасу кезінде 
байқалады.
Ескеретін жағдай, ДЗ әсерін алуға жасуша беткейіндегі 
рецепторлар саны мен олардың сезімталдығының бірдей емес және 
тұрақсыз болуына мына көптеген себептерге (науқас жасы, 
патологиялық үрдіс ағымы, зақымдалған тін көлемі және т.б.) 
байланысты болады. Сонымен, рецепторлардың саны мен 
қызметтік белсенділігі ұзақ уақыт агонист – препараттарын 
қабылдағаннан 
кейін 
азаюы 
мүмкін, 
осыдан 
біртіндеп 
фармакологиялық әсер де әлсірейді (толеранттылық дамиды). 
Антагонист-препараттардың әсерінен рецепторлардың саны мен 
қызметтік белсенділігі көбеюі мүмкін. Клиникада препараттарды 
тез тоқтанудан кейін алып тастау синдромы дамуы мүмкін.
ДЗ ферменттердің белсенділігіне әсер етуі
Кейбір ДЗ арнайы ферменттердің белсенділігін күшейтеді 
немесе 
тежейді 
(жасушаішілік 
немесе 
жасушасыртылық). 
Жасушаның қызметтерін қамтамасыз етуде маңызды рөлді 
жасушалардың аденилатциклазалы жүйесі атқарады және де 
көптеген ДЗ әсері жасушаішілік циклдық аденозинмонофосфат 
(цАМФ) концентрациясын реттейтін аденилатциклаза мен 
фосфодиэстераза 
ферменттерінің 
белсенділігіне 
байланысты 
болады.
ДЗ ферменттерді белсендіре немесе тежей алады, олармен әр 
түрлі дәрежеде қайтымды немесе қайтымсыз байланысады,


26 
осының бәрі фармакологиялық әсердің айқындылығы мен 
ұзақтығына әсер етеді.
Дәрілік заттардың жасуша мембранасына физико-химиялық 
әсері
Жасуша мембранасы арқылы иондардың тасымалына әсер ету 
нәтижесінде трансмембраналық электрлік потенциалдың өзгеруі 
жасуша мембранасына физико-химиялық әсер етудің көрінісі 
болады. Бұл жүйке жасушасы мен бұлшық ет жүйесінің қызметінде 
маңызды роль атқарады, синапстар арқылы жүйке импульстарының 
өтуі бұзылады, жасушалардың электрлік белсенділігі тежеледі. 
Аритмияға, тырысуға қарсы препараттар, жалпы және жергілікті 
жансыздырғыштардың әсер етуі осындай болады.
ДЗ тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері
ДЗ жасушаның өмір сүру қызметін бұзатын бірнеше 
жасушаішілік молекулалар мен құрылымдармен тікелей байланыса 
алады. Бактерияға, вирусқа қарсы препараттар мен цитостатиктер 
осылай әсер етеді.
ДЗ әсері жасуша қызметінің өзгеруімен байланысы болмауы да 
мүмкін (мысалы, антацидтермен тұз қышқылын бейтараптау немесе 
майлы іш айдайтын заттардың әсері). 
Дәрілік заттардың таңдамалы әсер етуі
Мүшелерде, тіндерде, жасушаларда препараттардың әр түрлі 
көлемде таралуы мен жиналуы және әсер ету механизмінің 
іріктеуіне байланысты ДЗ таңдамалы әсер етуге жетеді.
Таңдамалылық – рецепторлардың жеке түрі мен типастыларына 
әсер ету арқасында жағымсыз әсерлерді болдырмау және нақты 
жағымды әсер көрсету қасиеті. Мысалы, β-адреноблокаторлар 
(метопролол, 
атенолол), 
серотонинді 
рецепторлардың 
антогонистерінің рецепторлары белгілі бір рецепторлардың 
типастына ғана әсер етеді, бірақта осы препараттардың 
таңдамалылығы жиі салыстырмалы, ал β-адреноблокаторлардың 
мөлшерін көбейткенде оның бұл қасиеті жоғалуы мүмкін.
Белгілі бір рецепторға, мүшеге немесе патологиялық үрдіске 
абсолютті таңдамалы әсер ететін ДЗ жоқ. ДЗ-тың таңдамалығы 
қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол тиімді болып 
табылады.
Таңдамалығы төмен әсерге ие ДЗ көптеген тіндерге, мүшелерге 
және жүйелерге әсер етіп, көптеген жағымсыз әсерлер туғызады. 


27 
Әрбір препарат көп немесе аз дегенде кең спектрлі әсерге ие және
бірқатар жағымды не жағымсыз реакцияларды шақыртады.
Мысалы, айқын анальгетикалық белсенділікке ие морфин, 
наркотикалық анальгетиктер тобына жатады. Сонымен қатар, ол 
тыныс алуды тежейді, жөтел рефлексін басады, седативті әсер 
көрсетіп, құсуды, іш қатуды, бронхоспазмды тудырады, 
гистаминнің босатылуы, антидиуретикалық және тағы басқа әсер 
көрсетеді.
Ісікке қарсы заттар, тез бөлінетін жасушаларға әсер етіп, тек 
қана ісік шалған тіндерді ғана емес, сүйек кемігін, ішек эпителийін 
де зақымдап, ауыр жағымсыз үрдістерді тудыртады.
ДЗ таңдамалы әсері жоғары болғанда, науқастарда оны қолдану 
ыңғайлы, жағымсыз реакцияларды аз тудырады. 
Мысалы, Н
2
-рецепторлар блокаторының үшінші қатары, М
1
-
холинорецепторлар блокаторы, Н+, K+-АТФаза ингибиторлары 
болып табылады. 
ДЗ-дың таңдамалы әсері оның мөлшеріне тәуелді. Мөлшері 
жоғары болғанда, препараттың таңдамалығы төмен болады.
Сонымен, селективті β
1
-адреноблокаторлар көбінесе миокардқа 
әсер етеді, бірақ мөлшерін жоғарылатқанда, ол бронхтарда, 
тамырларда, асқазан асты безінде және басқа мүшелерде орналасқан 
β
2
-адренорецепторларға да әсер етіп, жағымсыз реакциялардың 
дамуына алып келеді (бронхоспазм, вазоконстрикция). 
Вирустарға қарсы препараттардың таңдамалығы мысалы, 
ацикловирдың әсері мөлшеріне байланысты: вирусты ДНК-
полимеразаның тежелуі, препараттың мөлшері 3000 рет төмен 
болғанда жүреді, ол адам ағзасының жасуша ДНК-полимеразасына 
әсер етеді, сондықтан ацикловир терапевтік мөлшерде токсикалы 
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет