Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет11/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ шығарылуы
 
Дәрілік заттардың ағзадан шығарылу жолдары
Дәрілік заттарды және олардың метаболиттерін ағзадан 
шығарудың (экскреция) бірнеше жолы бар. Нәжіс және зәр арқылы 
шығару негізгі экскреция түрлеріне жатады, тағы да маңызылығы 
төмен болатын тыныс алумен шығатын, терлеу, сілекей және көз 
жасы арқылы шығарылатындары да бар. 
 
Зәрмен шығарылуы
Дәрілік заттың бүйрек арқылы шығарылуын бағалау үшін оның 
бүйректік клиренсін анықтайды:
Онда Cu — заттардың зәрдегі концентрациясы, Cp —
плазмадағы (мкг/мл немесе нг/мл), ал V — зәр бөліну жылдамдығы 
(мл/мин). 
Дәрілік заттар зәр арқылы шумақтық сүзілу және түтікшелік 
секреция арқылы шығарылады. Бүйрек түтікшелерінде қайта 
сорылудың да үлкен маңызы бар. Қан бүйрекке түсе отырып 
шумақтарда сүзіледі. Сол кезде дәрілік заттар капиллярлар 
қабырғасы арқылы түтікшелер ішіне өтеді. Сүзілетіні тек бос 
күйде болатын препараттың бір бөлігі. Түтікшелер арқылы өткенде 
дәрілік заттардың бір бөлігі қайта сорылу арқылы қан плазмасына 
қайта оралады. Көптеген дәрілік заттар капиллярлардан белсенді 
түрде түтікшелер ішіндегі тубулярлық сұйықтық құрамына 
секрецияланады. Бүйрек жетіспеушілігінде шумақтық сүзілу 
төмендейді және әр түрлі препараттардың сыртқа шығарылуы 


23 
бұзылады, 
бұл 
олардың 
қандағы 
концентрациясының 
жоғарылауына әкеледі. Егер уремия күшейетін болса зәр арқылы 
шығарылатын 
препараттар 
мөлшерін 
төмендету 
керек.
Органикалық қышқылдардың түтікшелік секрециясын пробенецид 
блоктайды, осыдан олардың жартылай шығару кезеңі ұлғаяды. 
Зәрдің рН ортасы кейбір әлсіз қышқылдар мен негіздердің 
шығарылуына әсер етеді. Біріншісі зәрдің сілтілік ортасында ал, 
екіншісі – қышқылдық ортасында тезірек шығарылады. 
Өт арқылы шығарылуы 
Бауырдан дәрілік заттар метаболиттер немесе өзгермеген
түрінде енжар немесе белсенді тасымалдау жүйелері көмегімен өт 
құрамына түседі. Әрі қарай дәрілік заттар мен оның метаболиттері 
нәжіспен ағзадан шығарылады. Асқазан-ішек жолдарының
ферменттері мен бактериалдық микрофлора әсерінен басқа 
қосылыстарға айналуы мүмкін, олар қайтадан сорылып бауырға 
жеткізіледі де тағы да метаболикалық айналу циклынан өтеді. 
Осындай циклды энтерогепатиялық циркуляция деп атайды. Дәрілік 
заттардың өт арқылы шығарылуына осы қосылыстардың 
молекулярлық массасы, химиялық табиғаты, гепатоциттер мен өт 
шығару 
жолдарының 
жағдайы, 
препараттардың 
бауыр 
жасушаларымен байланысу қарқыны әсер етеді. 
Бауыр клиренсін зонд арқылы алынған дуоденалдық өт 
құрамын зерттеу арқылы анықтауға болады. Дәрілік заттардың өт 
арқылы шығарылу дәрежесін бауыр мен өт жолдарының қабыну
аурулары бар науқастарды емдегенде ескерген дұрыс болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет