42
тежейтін кураре тәрізді антогонистер және ацетилхолинге айналуын
катализдейтін ферментті тежейтін антихолинэстеразалық заттар
кеңінен қолданады. Осы топтың ішінен прозерин, галантамин және
басқа
да
препараттарды
ағзаға
енгізгенде
ацетилхолин
концентрациясы жоғарылайды, бұл сүйек бұлшық еттер
рецепторларынан миорелаксанттарды ығыстырып шығып, қозудың
жүйке-бұлшықет жолы арқылы өтуін қалпына келтіреді.
Рецепторлар сезімталдығының өзгерісі
Кейбір препараттар басқа дәрілік заттарға тіндердің
сезімталдығын өзгертеді. Рецепторлардың сенсибилизациясының
механизмі әлі де түсінікті емес. Циклопропанды немесе фторотанды
наркоз кезіндегі адреналиннің миокардқа сезімталдығының
жоғарылауы жүрек ырғағы бұзылысының себебі болып табылады.
Диуретикалық заттардың әсерінен калий қорының азаюы
миокардтың жүрек гликозидтеріне сезімталдығын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: