59
келеді. Сол мақсатта көбіне мына шынтақ және білектегі тері
қатпарларындағы, сирек жағдайларда
қолтық астындағы тамырлар
қолданылады. Дәрілік заттарды тамыр ішіне (болюсті) енгізгенде
гиперволемия және қан сарысуында дәрілік заттардың
концентрациясы жоғары болып кетпеуі үшін өте баяу, жылдамдығы
1-2 мл/мин түрінде енгізу қажет. Сонымен қатар, қан ұю жүйесін
тұрақсыздандырады, соңғы кезеңінде бауыр және жүрек жүйесіне
токсикалық әсер көрсетеді. Жаңа туған нәрестелерге
гипертониялық ерітінділерді тамыр ішіне енгізуге болмайды, себебі
олар тамырдың эндотелий қабатын зақымдайды, ГЭТ қызметін
бұзады және бас миішілік қан құйылуларға алып келуі мүмкін.
Бұлшық етішілік дәрілік заттарды енгізу сирек жағдайларда
егер тамыр ішіне белгілі себептермен енгізуге қарсы көрсеткіштер
болған жағдайларда қолданылады.
Дәрілік заттарды енгізер
алдында мынаны ескеру қажет, жаңа туған нәрестелерде
гемодинамика тұрақсыздығы соның ішінде (жүрек қантамыр
жүйесінің, тыныс алу жүйесінің ауруларында, гиповолемия,
токсикоз) кездерінде дәрілік зат инъекция орнына жиналып
бұшықетте дәрінің қоры пайда болады. Қан айналым жүйесін
қалпына келтіру мақсатында дәрілік заттар қордан тез шыға
бастайды, нәтижесінде қан сарысуында көбейіп токсикалық
дәрежесі жоғарылайды.
Жаңа туған нәрестелерге дәрілік заттарды ингаляция түрінде
енгізу көбіне өкпе аурулары кезінде қолданылады (мысалы,
респираторлы дистресс синдромының
емі және алдын алу
мақсатында). Ингаляция жасар алдында мына жағдайды ескерген
жөн: жаңа туған нәрестелерде тыныс жолдарының кілегей
қабаттары тез жарақаттанғыш және дәрілік заттармен тыныс алған
кезде тыныс жолдарының қозуына, қызаруына, жарақатына және
т.б жағдайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, жоғары концентрациялы
оттегі арқылы ингаляция жасағанда альвеоланың зақымдануына
алып келеді.
Ересектермен салыстырғанда балаларда көбіне,
жаңа туған
нәрестелерде тері арқылы енгізілген дәрілік заттар яғни,
трансдермальдық жолмен жеңіл сіңеді. Себебі, жаңа туған
нәрестелердің терісі жұқа қабатты және қан тамырмен жақсы
қамтамасыз етілген. Тері асты май қабаты мұндай санаттағы
науқастарда болмайды. Бұл жағдайда барлық тері асты арқылы
60
енгізілген дәрілік заттар, жеңіл және қарқынды сіңу нәтижесіде,
қанда жоғары концентрацияда жиналуына алып келеді, ал бұл бала
өміріне қауіпті. Мысалы, йодтың спирттық ерітіндісін жаңа туған
нәрестелерде (әсіресе, шала туған нәрестелердің) терісін өңдеу үшін
қолдану, оның жылдам сорылуынан
йодидтердің қан сарысуында
жедел жоғарлауымен көрінеді, ал ол өз кезігінде қалқанша безінің
секреторлық қызметінің тежелуіне алып келеді. Жаңа туған
нәрестелерде бор қышқылы қосылған сеппе ұнтақты қолдану
қауіпті. Оларды қолдану неонатальдық кезеңде ағзаларда әсіріесе,
бүйректе бор қышқылы концентрациясының жедел жоғарлауымен
көрінеді. Бор қышқылымен улану құсумен, жүрек айнумен, АҚ
төмендеуімен, тырысумен, қызамық
тәрізді бөртпелердің пайда
болумен көрінеді. Әдебиеттерде бор қышқылы бар құрғақ сеппелер
қолданумен шақырылған жүзден аса өлім жағдайлары тіркелген.
Дәрілік заттарды ішке қабылдау ерекшеліктері жаңа туған
нәрестелерде дәрілік заттар су ерітіндісі түрінде немесе суспензия
түрінде ішке қолданылады. Бұндай әдіспен қолдана отырып
олардың АІЖ-да сіңірілуін есепке алу қажет. Жаңа туған
нәрестелерде әсіресе шала туған нәрестелердің тұз қышқылының
секрециясы төмендеген, асқазанның босау жылдамдығы қызметі
баяулаған. Дәрілік заттар ұзақ уақыт қолданылуы оның толық
сіңірілуіне және қан сарысуында
препарат концентрациясының
жоғарлауына алып келеді. Дәрілік заттар ішекке келуін жаңа туған
нәрестелерде анықтау қиынға соғады, себебеі олардың ішектерінің
толқи жиырылуы тұрақты емес және жаңа туған нәрестелерде
тамақтануға дейін және кейін дәрілік заттардың сіңірілуі
баяулайды.
Нәрестелерді емдеу уақытында көптеген гиперосмолярлық
дәрілік заттар некротикалық энтероколит шақыруы мүмкін.
Сіңірілудің жылдамдығына АІЖ-ғы патологиялық үрдістер әсер
етеді, мысалы, стеаторея кезінде А және Д майда еритін
дәрумендердің сіңірілу жылдамдығы төмендейді, ал ішектік
инфантилизм кезінде (ащы
ішектің дистрофиялық аурулары,
остеопароз, қабырға және түтікті
сүйектердің тез сынғыштығы)
антибиотиктердің цефалоспориндер тобынан цефалексин және т.б.
дәрілік заттардың сіңірілуі төмендейді.
Препараттарды енгізудің ректалдық әдісі ыңғайлы және
қарапайым болғанымен жаңа туған нәрестелерге дәрілік заттарды
61
ректалдық жолмен енгізген кезде көп уақытқа дейін препараттың
ішекте тұруынан оның қан сарысуына сіңірілу көлемі мен препарат
концентрациясына әсері айқын көрінуі мүмкін. Жаңа туған
нәрестелерде ішектің шырышты қабаты өте нәзік болып келеді,
сондықтан дәрілік препараттар оның тітіркенуі мен қабынуын
шақыруы мүмкін.
Ақуыздармен байланысуы төмен болып келетін гидрофилді
препараттар жасуша сыртылық сұйықтыққа жеңіл таралуы және тез
шығарылуымен
ерекшленеді,
алайда
қан
сарысуында
концентрациясы аз болады.
Дегидратация кезінде жасуша
сыртылық сұйықтықтың көлемі жедел төмендейді, ал суда еритін
дәрілік заттардың концентрациясы жедел жоғарылауы мүмкін,
осыдан кері әсерлерінің дамуы мүмкін.
Жаңа туған нәрестелерде гематоэнцефальдық тосқауылдың
липофильдік дәрілік заттарды өткізгіштігі әжептәуір жоғары
болады. Мұндай жағдайда әсері жоғары препараттар мысалы:
наркотикалық анальгетиктер ересектерге қарағанда жаңа туған
нәрестелерде бас миының тіндерінде жоғары концентрацияда
жиналып қалады, соған байланысты токсикалық қаупі жоғары. Сол
себепті нәрестелерді емдеуде наркотикалық анальгетиктер
қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: