51
белсенділігі (алкогольдегидрогеназа, альдегиддегидрогеназа) төмен
және жүктілікке байланысты төмендей береді. Ұрық үшін ең
маңызды шығару мүшесі ретінде ұрықжолдас есептеледі.
Ұрықжолдас арқылы тасымалдану үшін маңызды себептер ретінде
майда еруі болып табылады. Ұрықтың екінші маңызды шығару
мүшесі – бүйрек. Жүктілік соңында зәр жинау жылдамдығы 15-20
мл/сағ. Зәр құрамында амниотикалық сұйықтыққа қарағанда 2-5 рет
жоғары несепнәр, креатинин және зәр қышқылы болады. Ұрық
бүйрегіндегі
дәрілік
заттардың
экскреция,
кальций
тасымалдануының белсенділігінің жетілуіне және түзілуіне
байланысты. Амниотикалық сұйықтыққа түскен дәрілік заттарды
ұрық жұтып, ішектерде қайта сорылуға ұшырауы мүмкін. Дәрілік
заттардың мөлшері ұрықтың жұтқан амниотикалық сұйықтығына
байланысты. Жүктілік соңында 5-70 мл/сағ. құрайды. Кейбір дәрілік
заттар ұрық ағзасында қайта айналымға ұшырап, токсикалық
әсердің ұзаруына әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: