56
табылатын препараттар әлсіз қышқыл болып табылатын
молекулаларға
қарағанда
сүтте
жиналып
қалуға
бейім.
Препараттардың аздаған мөлшерінің сүтке бөлінуі белсенді
тасымал және пиноцитоз жолымен жүреді. Соған орай сүт-майлы
эмульсия, кейбір дәрмектер оның липидті фрациясында жиналып
қалуы мүмкін және қан сарысуына қарағанда жоғарғы
концентрацияда болады. Негізінде балаға сүтпен дәрілік заттың 1-
2% мөлшерлері түседі. Бірақ бұл мөлшер нәресте ағзасына зақым
келтіре
алмайды.
Ана
сүтінің
құрамындағы
препарат
концентрациясымен қоса нәрестенің
асқазан ішек жолының
функционалдық жағдайын есепке алу маңызды. Сүт құрамында
дәрілік зат жоғарғы концентрацияда болғанымен (мысалы,
аминогликозидтер) егер баланың ішегінің шырышты қабаты
қалыпты жағдайда болса, препарат сіңірілмейді, ал керісінше
қабынулық өзгерістер болса ішекте белсенді сіңіріліп, нәресте
ағзасына зақымдаушы әсер көрсетеді.
Пенициллиндер және цефалоспориндер
салыстырмалы аз
мөлшерде ана сүтімен шығарылады. Омырау сүтіндегі оның
мөлшері жоғары емес 15-20%, қан сарысуындағы препарат
концентрациясына
байланысты.
Керісінше,
тетрациклиннің
концентрациясы ана сүтіндегі концентрацияға жақын болады.
Линкомицин, клиндамицин, эритромицин ана сүтінде аз мөлшерде
кездеседі. Аминогликозидтер ана сүтінде анықталғанымен, баланың
асқазан ішек жолдарынен сіңірілуі төмен болғандықтан кері
реакциялар тудырмайды.
Левомицетин ана сүтіне өтудің төмен индексіне қарамай
емізетін аналарға тағайындауға болмайды. Бұл препараттың аз
мөлшерінің өзі баланың сүйек миына зақымдаушы әсер көрсетеді.
Сульфаниламидті
препараттардың
омырау
сүтіндегі
концентрациясы
анасының
қан
сарысуындағы
дәрі
концентрациямен
бірдей
болады.
Ұзақ
әсер
ететін
сульфаниламидтерді қабылдау бала ағзасына препараттың
жиналуына әкеледі, ал ол гипербилирубинемия
және балалардағы
Г-6-ФДГ-жетіспеуші гемолитикалық анемия дамуын жоғарылатады.
Фенобарбитал (люминал) омырау сүтіндегі мөлшері бала
ағзасындағы метаболиздеуші ферменттердің белсенділігін
жоғарылата алатындай мөлшерде болады. Ана сүтімен түскен
препарат жаңа туған нәрестенің жыныс стероидтарының
57
метаболизмін өзгертеді деп болжанады. Препаратты қабылдаудың
алғашқы күні -ақ ол ана сүтіне өте алады.
Невротикалық және невроз тәрізді бұзылыстар кезінде
транквилизатор ретінде қабылданатын бензодиазепиннің кейбір
туындылары ана сүтіне өте алады. Диазепам (седуксен, реланиум)
және оның кейбір белсенді метаболиттерін анасы босанарға дейін
алты ай
қабылдаса, нәресте баланың қанында туған соң 4-6 күні
анықталады.
Амитриптилин омырау сүті сынамасында анықталмайды, яғни
50 мг препаратты беріп, 4-12 сағаттан соң алынған сүтте жоқ
болады. Бірақ препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда оның сүтпен
шығуы жоққа шығарылмаған. Литийдің сүттегі концентрациясы
ана қанындағы концентрацияның 50% құрайды.
Дифенинде (фенитоин) ана сүтінде анықталған. Кейбір
есептеулер бойынша, анасы 100 мг фенитоинді күніне үш рет
қабылдаса балада ана сүті арқылы терапиялық мөлшерді қабылдауы
мүмкін.
Тиазидті диуретиктер омырау сүтінің өндірілуін төмендетеді,
сондықтан бұл дәрілер лактацияны
тежеу үшін қолданады.
Гидрохлортиазид және хлортиазид ана сүтінде өте аз мөлшерде
анықталады. Емізетін ана спиронолактонды қабылдаса, сүтінде тек
оның әлсіз белсенді метаболиттері (карненон)
ғана аз мөлшерде
анықталады. Басқа да зәр айдайтын препараттардың, соның ішінде
фуросемидтің сүт арқылы өтуі анықталмаған. Бұл дәрілердің
фармакохимиялық қасиетіне байланысты сүтте жиналу қабілеті
жоқ. Бета адреноблокаторлардың концентрациясы ана сүтінде
салыстырмалы жоғары болғанымен, бала ағзасына кері әсер
тудырмайды. Пропроналалдың шығуы қабылданған бастапқы
мөлшерлерна байланысты. Препаратты 40-160 мг/тәулігіне
қабылдау балада ешқандай кері әсер тудырмайды.
Клонидин омырау сүтімен аз мөлшерде шығарылады.
Гидролазин артериалдық гипертонияны емдеуде кең қолданылады,
әсіресе жүктіліктің соңғы үшайлық ішінде және босану кезінде.
Қазіргі кезде оның сүт арқылы
шығуы бірер жағдайда ғана
анықталған. Каптоприлдің концентарциясы ана қанындағы
концентрацияның 0,6% құрайды. Анасы салыстырмалы жоғары
тәуліктік мөлшерді қабылдаған күннің өзінде, мұндай мөлшер бала
үшін қауіпсіз.
58
Дигоксин бала қанында терапиялық мөлшерде жиналмайды.
Дигоксинді ұзақ уақыт аз мөлшерде қабылдағанда бала ағзасына
өтуі
анықталмаған.
Теофиллиннің
омырау
сүтіндегі
концентрациясы балада қозғыштық яғни тітіркенгіш, кірпияздық,
ұйқы бұзылысына әкеледі. Бала сүт арқылы теофиллиннің 10%
қабылдайды. Преапаратты бронходилятатор ретінде үлкен
мөлшерде қабылдау баяу биотрансформацияға байланысты бала
қанында жинақталады. Емізуші аналарға теофиллиннің ұзақ әсер
ететін, баяу сіңірілетін түрін қабылдау ұсынылады.
Сондай-ақ
теофиллиннің әсерін күшейтетін тағамды (кофеин) қолданудан
алшақ болу керек. Құрамында магний тұздары бар іш айдайтын
препараттар асқазан ішек жолдарында ісінуінен сіңірілуі төмен
болады сондықтан емізетін аналарға қауіпсіз болып саналады.
Емізетін аналарға бисакодилды тағайындауға болады.
Балалардың холинолитикалық агенттерге сезімталдығы жоғары
болуына байланысты атропинді емізу кезінде қолдануға болмайды.
Кортикостероидтар омырау сүтіндегі фармакокинетикасы толық
анықталмаған. Кейбір зерттеулер ғана преднизолонның аздаған
мөлшерлері бала ағзасына сүт арқылы өтуі мүмкін деген.
Дикумарин және неодикумарин секілді фармакокинетикалық
тікелей емес антикоагулянттар емізетін аналар үшін
қауіпсіз деп
есептеледі. Гепарин де липидті тосқауыл арқылы өте алмайды,
сондықтан оны да бала емізу кезінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: