Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Асқазан-ішек жолдарында байқалатын бұзылыстар



Pdf көрінісі
бет34/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Асқазан-ішек жолдарында байқалатын бұзылыстар 
 
Өте көп препараттар лоқсу, құсу, диарея және іш қатуды 
туғызады. Препаратты тамақпен қабылдағанда бұл көріністер жиі 
болады. Фолий қышқылының антогонистері, жиі метотрексат 
қабылдау нәтижесінде ащы ішектің шырышты қабатының ауыр 
зақымдануы болады. Көптеген қабынуға қарсы заттар гастрит, 
асқазан жарасының өршуі, ащы ішектің шырышты қабатынан және 
асқазан-ішектерден қан кетуді шақырады, калий хлориді - ащы 
ішектің тесілуін; диуретиктер, глюкокортикоидтар, рифампицин, 
ұрықтануға қарсы заттар - панкреатиттің өршуін шақырады. 
Бауырдың дәрілік зақымдануы бауырлық сарғаюдың 2% 
себебін құрайды, бірақ ақыр соңының қолайсыз болуына үлкен 
мүмкіндік туындайды.
Бауырдың 
дәрілік 
зақымдануы 
дәрілік 
препараттарды 
энтеральдық жолмен қабылдағанда жиі пайда болады. 
Бауыр тіндерінің зақымдануының механизмі әр түрлі: дәрілік 
заттардың тікелей токсикалық әсері (парацетамол, галотан) немесе 
метаболиттердің гепатоциттерге әсерінен соңғысының некрозға 
ұшырауы байқалады, билирубин алмасуының бұзылуы, оның 
түзілуінің барлық кезеңдерінде: гемнан бастап өт жолдарына 
экскрециясына дейінгі (сульфаниламидтер, фенацетиндер, хинин), 
анаболикалық стероидтың әсерінен синусоидтардың дилатациясы
немесе цитостатикалық терапия әсерінен веноокклюзия болады. 
Сонымен бірге, дәрілік заттарға идиосинкразия нәтижесіндегі бауыр 
зақымдануын да бөліп көрсетеді, бұл көрініс өз бетімен кез-келген 


75 
препараттар әсерінен шектелген пациенттер көлемінде байқалады. 
Идиосинкразиялар негізінде – дәрілік заттардың метаболиттерінің 
бауырға токсикалық әсерінен дамитын, кез-келген метаболикалық 
бұзылыс жатыр. 
Бауырдың 
дәрілік 
зақымдануының 
клиникалық 
және 
морфологиялық әр түрлі нұсқаларының зақымдануларында үлкен 
айырмашылығы бар - аминотрансферазалар белсенділігінің айқын 
емес жоғарылауынан фульминанттық гепатиттен бастап циррозға 
дейін көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет