76
Өкпе зақымдануы
Өкпе
зақымдануының
бірнеше
нұсқаларын
бөледі:
бронхиалды
демікпе,
альвеолит,
өкпелік
эозинофилия,
респираторлы дистресс-синдром. Бронхоспазм
дәрілік заттарға
(антибиотиктер, сульфаниламидтер т.б.) кең таралған аллергиялық
реакциялар кезінде пайда болады. Арахидон қышқылының
метаболизмінің бұзылысын және лейкотриендердің түзілуін
жоғарылатушы стероидты емес қабынуға қарсы заттардың
жақпауынан бронхиалды демікпені тудыруы мүмкін. b-
адреноблокаторлар,
холиномиметиктер,
симпатолитиктер
бронхоспастикалық әсер көрсетеді.
Дәрілік заттарға сезімталдық (инсулин, АКТГ, химотрипсин
және т.б.)
қалай жоғары болса, сол сияқты кейбір заттардың
(цитостатиктер, нитрофуран, хлорпирамид, гангиоблокаторлар)
өкпе тініне токсикалық әсері альвиолиттің себебі болуы мүмкін.
Антибиотиктерді, сульфаниламидтер, ПАСҚ және т.б. заттарды
қабылдау нәтижесінде өкпеде эозинофильді инфильтраттар түзіледі.
Бұл кезде қандағы эозинофильдер 50-70%-ке жетеді. Морфин,
нитрофуран, ацетилсалицил қышқылы
шақыратын респираторлы
дисресс-синдром өкпе зақымдануының сирек нұсқасы болып
табылады. Сәулелік терапия және пропранололмен ем жүргізгенде
плевра фиброзы дамиды. Қастауыш алкалоидтары
(метисергид,
эрготамин) плевра склерозын, ретроперитонеальдық фиброзды және
жүрек қақпасының жармасы фиброзды тығыздалуын шақырады.
Нитрофуранмен,
сульфаниламидтермен,
пенициллинмен,
гидралазинмен, прокаинамидпен емдеу кезінде өкпелік васкулит
кездеседі. Оған жүйелік
көріністер тән болады, сол кезде терінің,
буындардың, бұлшық еттердің және т.б. зақымданады. D-
пеницилламинді қабылдау Гудпасчер синдромын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: