Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


ДЗ жағымсыз әсердің клиникалық көрінуі



Pdf көрінісі
бет31/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ жағымсыз әсердің клиникалық көрінуі 
 
ДЗ жағымсыз әсерінің клиникалық көрінісі әр түрлі болып 
көрінуі мүмкін. Жиі қышыну, қызба, лоқсу, құсу, бас айналу, бас 
ауыруы, 
нейропсихикалық 
бұзылыстар, 
галлюцинация, 
ұйқышылдық, депрессия және т.б. кездеседі. Жиі тері бөртпелері 
пайда болады. 
Егер препарат осы көріністер байқалу алдында ғана 
тағайындалған болса, патологиялық өзгерістердің дәрілік препарат 
қабылдауына тәуелділігіне күдік келтіреміз. Егер препаратты 
қабылдауды тоқтатқанда жағымсыз реакциялар жойыла бастаса, 
онда байланыс айқын болады, ал препаратты қайта тағайындалса, 
оны қабылдау, көріністердің қайталануына алып келеді.
Мұндай жағдайда патологиялық үрдістің дәрілік этиологиясын 
анықтау оңай емес мысалы, дәрілік гепатитте және нефритте. 
Препаратты қабылдауды тоқтатқан соң бұл аурудың симптомдары 
ұзақ уақытқа сақталады. In vitro және тері сынамалары дәрілік 
препаратқа жоғары сезімталдықты анықтау үшін кең қолданыста 
таралмаған. 
Терінің және оның қосалқыларының зақымдануы 
 
Терінің зақымдануы тікелей сыртқы түйісуден және жүйелік 
дәрі қабылдау кезінде де дамиды. Әр түрлі әсер ету механизмі 
болуы мүмкін: токсикалық, аллергиялық реакциялар, терілік 
микрофлораның өзгеруі. 
Терідегі бөртпелер әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Жиі макулезді 
типті эритематозды бөртпелер кейде, қызылша, қызамық кезіндегі 
өзгерістерді еске түсіреді. Есекжем типті, қызылкүрең, түйінді 
эритема, везикулярлы, буллезді, пустулезді бөртпелер болуы мүмкін. 
Көбінесе олардың табиғаты аллергиялық және емнің 8-10 күндері 
пайда болады да уақыт өте ізсіз жойылады. Көбінесе аяқтағы түйінді 
бөртпелер тері васкулиті салдарынан пайда болады, сол сияқты 
түйінді эритема жиі бромид, йодид, сульфаниламидтер, алтын 
препараттарын қабылдау кезінде пайда болады. Жайпақ теміреткі 
тәрізді бөртпелер фенотиазинді, тиазидтерді, метилдопаны, бета-
симпатолитиктерді, алтын препараттарын және т.б. қабылдаған соң бір 
айдан кейін пайда болуы мүмкін. 


70 
Терінің гиперпигментациясы тікелей терінің қабаттарында 
қатталуына байланысты мысалы, күміс (аргироз), фенотиазиннің, 
цитостатиктер, АКТГ әсерінен каротиннің немесе меланиннің 
(меланоз) жиналуының жоғарылауы байқалады. Бет терісінің 
меланинмен қоңырға боялуы гормональдық контрацептивтерді ұзақ 
жылдар бойы қабылдағанда болатыны анықталды. 
Депигментация витилиго кезінде мысалы, кортикоидтарды 
жергілікті қабылдаған соң және эпидермис атрофиясымен 
байланысты болады. 
Терінің ашық бөліктеріндегі күнге күюге 
жақын жерлерде 
өзгерген 
фотодерматоздар 
фенотиазинмен, 
тетрациклинмен, 
сульфаниламидтермен, амиодаронмен ем жүргізгенде байқалады. 
Олар фототоксикалық және фотоаллергиялық әсерлерге негізделген 
болуы мүмкін. Бірінші жағдайда дәрі ультракүлгін сәулесінің 
әсерінен токсикалық қосылысқа айналады, екінші жағдайда келесі 
толық 
антиген 
түзілуімен 
гаптенге 
тасымалданады. 
Фототоксикалық реакция мөлшерге тәуелді болып келеді және 
мөлшерлеуден кейін барлық науқастарда ем бастаған соң 8-18 
сағаттан кейін пайда болады. 
Фотоаллергиялық реакциялар мөлшерге байланыссыз жеке 
сипат алады. Қайта пайда болған фотодерматоздар терінің 
қайтымсыз өзгерісіне әкелетін жағдай қатарында болуы мүмкін. 
Амиодарон терінің көк түске боялуымен бірге мөлшерге тәуелді 
фототоксикалықты шақырады. Фотоаллергиялық әсер гормоналдық 
контрацептивтармен, 
барбитураттармен, 
хлорохинмен, 
хлортиазидпен, хлоропамидпен, сульфаниламидтермен және т.б. 
препараттармен ем жүргізгенде байқалады. 
Теріастылық липоатрофия инсулиннің көп реттік инъекциясы 
кезінде пайда болуы мүмкін. 
Панникулит тері асты май шел қабатының ошақты қабынулық 
өзгерісі және ол глюкокортикоидтарды тез шектеу кезінде кездесуі 
мүмкін. Акне
тәрізді
пустулезді бөртпелер мен себорея
андрогендердің, 
кортикостероидтардың, 
тырыспаға 
қарсы 
препаратттар, туберкулостатиктердің әсер етуінен пайда болады. 
Кейде бұл жағдай бауырдың (дәрілік немесе ішімдікпен) 
зақымдануымен қатар болады. 
Цитостатиктермен емдеуді бастағаннан 1-2 аптадан соң тікелей 
әсерінен шаш ұзындығының қысқаруы немесе оның түсуі 


71 
(алопеция) 
пайда 
болады. 
Шаштың 
қайтымды 
түсуі 
андрогендердің, тиреостатиктердің, гиполипидемиялық заттардың, 
ретиноидтардың әсер етуі нәтижесінде байқалады.
Беттегі, 
қол-аяқтардағы 
гипертрихоз 
глюко-
кортикостероидтардың, миноксидил, пеницилламин әсерінен 
дамиды. 
Тырнақтардың өзгеруі бәрінен бұрын әртүрлі түстегі сыртқы 
пигментация түрінде болуы мүмкін: қара (күміс нитраты), қанық
қоңыр (дитронол), қоңыр (калий перманганаты), сары (клиокинол). 
Кейбір дәрілерді ішке қабылдағанда да тырнақты сары 
(тетрациклин), қызыл (фенолфтамин), қанық қоңыр (алтын) түске 
өзгертеді.
Тырнақ өсуінің бұзылысы цитостатиктердің тікелей токсикалық 
әсерінен немесе ретиноидтардың, ал кейде тетрациклин, псорален, 
беноксапрофеннің және т.б.фотобелсенділігіне негізделген болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет