Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет39/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

АВС-талдауы
жүргізіледі. Барлық дәрілік заттар, емдеу кезінде кестеге кему 
ретімен қор сыйымдылығы жоғарыдан, қор сыйымдылығы төменге 
қарай орналасады. 
А тобы - 80%, B тобы – 15% , ал C тобы – 5% қаржы 
жұмсалатын 
препараттардан 
түзіледі. 
Зерттеу 
мақсатына 
байланысты ABC-талдауын мына түрде жүргізуге болады: 
• Емдеу мекемелері, аймақтар, қызметтер немесе мекемелер, 
мемлекеттер деңгейіндегі әр түрлі дәрілік заттарды сатып алу 
талдауы.
• Белгілі бір патологияларда қолданылатын дәрілік заттардың 
талдауы.
• Дәрілік заттарды сатып алу және қолдану, фармакотерапиялық 
топтар бойынша оңтайлы орналастыру. 
• Фармакотерапиялық топ ішіндегі белгілі бір дәрілік заттарды
қолдану талдауы (мысалы, антибиотиктер) немесе бір дәрілік 
заттардың түпнұсқалық және генерикалық түрлер тұрғысынан алып 
қарағандағы талдауы. 
 
Белгілі 
бір 
патологияларда 
дәрілік 
заттарды 
дұрыс 
тағайындауға келгенде,
VEN-талдауы
клиникалық-экономикалық 
талдаудың элементі болып табылады. Дәрілік терапияда бұл талдау 
түрі тағайындалған әр дәрілік затқа маңыздылық индексін
жүктейді: «V» – өмірлік маңызды, «E» – маңыздылығы жоғары, 
бірақ абсолютті емес, «N» – маңыздылығы күмән тудырады. Дәрілік 


83 
заттарды топтарға сараптамалық бөлу тәсілі дәлелді медицина 
қағидалары бойынша жүзеге асады: дәлелденген тиімділік 
бойынша, «V» тобына препаратты жатқызады, олар клиникалық 
зерттеулердің нақтыланған нәтижесі болып табылады. Егер белгілі 
бір паталогияда оны тағайындауға салыстырмалы көрсеткіш 
болатын болса, оны «E» тобына тиімділігі дәлелденген препаратқа 
жатқызылады, егер оған тағайындау қарсы көрсеткіштер немесе 
тиімділігі дәлелденбеген болса «N» тобына жатқызылады.
Сапалы 
жүргізілген 
рандомизирленген 
клиникалық 
зерттеудің, жүйелік шолу және мета-талдаудың болуы ДЗ 
тиімділігінің жоғарғы деңгейдегі көрсеткіші болып табылады. Әрі 
қарай, рандомизирленген зерттеудің қатарына енгізілген жеткілікті 
науқастар санын, науқастардың шектелген санын немесе бақылау 
тобынан тыс дербес науқастарды сипаттағанға дейін дәлдіктердің 
бағалылығы біртіндеп төмендей бастайды. Рандомизирленген 
клиникалық зерттеулерді іздеу Cochrane Library, MEDLINE, 
PubMed, Medscape және т.б., электронды базаларда және 
библиографияларда, 
халықаралық 
ғылыми 
қоғамдар 
түйіндемелерінде жүргізіледі. Сонымен бірге, VЕN-талдауын 
немқұрайды түрде жүргізуге келісуге де болады. 
Бұл жағдайда ДЗ тек екі индексті иеленеді: «V» (ұлттық 
хаттамаларда мүдделі ауруларды емдеуге қолданылатын ДЗ болуы) 
және «N» (олай болмаған жағдайда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет