Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет42/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

1.
 
“Ауру бағасының”талдауы
(COI – cost of illness) – бұл 
талдау медициналық мекеменің белгілі аурудың диагностикасына
емдеуіне жұмсалған шығын есебіне негізделеді. Жалпы баға 
талдауын жүргізу жеке медициналық мекемелердің тарапынан 


86 
медициналық көмек көрсетуге арналған оңтайландырған есептік 
тарифпен алынады. Осы медициналық мекемеде бір нозологиялық 
түр бойынша бірнеше пациенттердің ауру бағасын салыстырып 
нақты медициналық мекемеде осы ауруды емдеудің орташа бағасын 
есептеп шығарады. Белгілі аймақтардағы денсаулық сақтаудың 
керекті қорларын негіздеу, негізгі бағыттарын анықтау (ең көп 
экономикалық шығын келтіретін ауру түрлерін анықтау) үшін жеке 
мекемелерде статистикалық және эпидемиологиялық деректер
бойынша «аурулар бағасы» жинақталады. «Аурулар бағасы» 
талдауының 
жеткіліксіздігі, 
ол 
баламалы 
медициналық 
технологияны бағалауға рұқсат бермейді, көрсетілетін медициналық 
көмек сапасын басқаруға жағдай жасамайды, өйткені медициналық 
көмектің әр түрлі нұсқалары бағаланбайды. 
Бюджет көзқарасы тарапынан «ауру бағасы» көрсеткіші нөлге 
бағытталғанда тиімді болып табылады. Сондықтан, экономикалық 
есептеуді қол жеткізілетін нәтижелерді сапалы бағалау арқылы 
жүргізу қажет. 
Аурудың құнына кіретіні: тікелей (медициналық) бағасы; 
жанама (тікелей емес) бағасы; материалдық емес бағасы (өмір 
сапасы). 
Тікелей шығындардың құрамына денсаулық сақтау жүйенсінің
барлық жұмсалған шығындары кіреді: пациентті емдеу мекемесінде
қамту шығыны немесе үйде медициналық көмек көрсету бағасы
мамандандырылған медициналық көмек құны (медициналық кеңес, 
медицина қызметкелерінің қызметі); дәрілік заттардың құны, 
зертханалық, аспаптық зерттеулер құны; медициналық іс-шаралар 
бағасы (оталар, санитарлық қарсы індеттік шаралар және басқалар);
науқасты медициналық мекеменің көлігімен тасымалдау бағасы
бюджет бабы бойынша нақтыланған шығындарды бөлу. 
Жанама шығындар дегеніміз науқастың емделуіне, ауруына 
немесе өліміне, байланысты еңбекке қабілеттілігінін жоғалту 
шығындары, сол сияқты науқасты бағуда жанұя мүшелерінің
немесе достарының өндірістік шығындары болады. Оларға 
жататындар келесілер: пациенттің ауруға байланысты жұмыс 
орынында болмау кезеңі немесе зейнеткерлікке ерте шығуы 
(мүгедектік); жанұя мүшелерінің немесе достарының жұмыста 
болмау уақыты; жұмыс орынында жұмыс қарқындылығының 
төмендеуі; мерзімінен бұрын болған өлімге байланысты 


87 
экономикалық шығындар. Материалдық емес шығындар дегеніміз
санмен өлшеуге болмайтын мынандай адами себептер: емдеу
кезеңіндегі науқастың аурсыну зардабы, азабы. Қазіргі кезде 
материалдық емес шығындарды бағалау қағидалары өмір 
сапасының өлшемдерін бағалауды қамтиды. Өмір сапасының кең 
және тар көлемді медициналық мағынасы бар. Белгілі аурулардың
адам өміріне күнделікті әсерін есепке алғанда сапалы өмір деген 
сөзге медициналық мән беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет