Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет45/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


91 
8 БӨЛІМ. ҰТЫМДЫ ЕМДЕУ ҮРДІСІ. Ж-ЕМДЕУ 
1985 жылы Найробиге Бүкілдүниежүзілік Денсаулықсақтау 
Ұйымы шақырған, дәрілерді ұтымды қолдану бойынша 
сарапшылар конференциясының анықтамасы бойынша: «Дәрілерді 
ұтымды қолдану, бұл пациенттердің клиникалық қажеттілігіне 
сәйкес келетін ем қабылдауын, белгілі-бір уақыт кезеңі 
аралығындағы дәрілік мөлшерлер олардың жеке ерекшеліктерін 
ескеретін, тағайындалған ем оларға және қоғамға ең төмен бағамен 
сатылуын қамтамасыз етілуін талап етеді» делінген. 
Ұтымды фармакотерапия, жағымсыз әсердің төменгі мөлшерде 
даму қаупінде, барынша жоғары терапевтикалық әсер алу арқылы, 
фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсізділігін оңтайлы 
қатынасын болжайды. 
Дәрілік 
заттарды 
ұтымды 
таңдауға 
Бүкілдүниежүзілік 
Денсаулықсақтау Ұйымы (БДҰ) құрған, төрт өлшемдер бар, олар 
арқылы бүкіл фармакологиялық топтар мен жеке дәрілік заттар 
бағаланады: 

Тиімділік; 

Қауіпсіздік; 

Қолайлылық; 

Бағасы. 
 
Тиімділік. 
Нақты ауруды емдеуде дәрілік заттардың топтары немесе жеке 
препараттарды таңдау кезіндегі ең бірінші және негізгі өлшем 
болып табылады. Тиімділікті бағалауда дәрілік заттардың 
фармакодинамикалық 
және 
фармакокинетикалық 
қасиеттері 
есептеледі. 
Қауіпсіздік. 
Қауіпсіздік өлшемдеріне дәрілік заттардың дамуы мүмкін
жағымсыз реакциялары мен токсикалығы жатады. 
Қолайлылық. 
Ыңғайлылық өлшемдеріне тағайындауға қарсы көрсеткіштер, 
басқа дәрілік заттармен болатын фармакологиялық өзара 
әрекеттесулері мен тағайындаудағы қолайлылық дәрежесі кіреді. 
Бағасы. 
Бағасы – емді таңдауға әсер ететін негізгі себеп. Клиникалық 


92 
тиімділігі мен қауіпсіздігі бірдей екі препараттың бағасы жағынан
арзанын таңдайды. Бұл кезде дәрілік заттар бір реттік мөлшер 
немесе қораптық емес, бүкіл емдеу курсының бағасы есептеледі.
Сонымен қатар, емдеу бағасына шығындалатын материалдар 
(пісектер, тамшылар, таңғыш материалдар т.б.), кәсіби 
медициналық қызмет, қосалқы қолданатын медикаметоздық заттар 
(ерітінділер, вазоконстрикторлар және т.б.) кіреді. 
Анықтама бойынша, дәрілерді ұтымды қолдану әсіресе, ұтымды 
тағайындау келесі өлшемдерлерге сәйкес келуі керек: 

Сәйкес көрсеткіш. Дәрілік затты тағайындау шешімі, 
ұтымды медициналық түсініктемеге және терапияның тиімділігіне 
және қауіпсіздігіне толығымен негізделген болуы керек. 

Сәйкес дәрілік зат. Дәрілік затты таңдау тиімділігіне, 
қауіпсіздігіне, қолайлылығына және бағасына негізделген болуы 
керек. 

Сәйкес науқас. Науқасқа қарсы көрсеткіштері жоқ және 
жағымсыз реакциясы барынша аз, қолдануға қолайлы дәрілік зат 
болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет