Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет46/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Ж – дәрілер. 
Ж (жеке) дәрілік зат – белгілі ауруды емдеуде ғылыми нақты 
ақпаратқа негізделіп артықшылығына қарап (бірінші кезекте) 
таңдалатын дәрілік зат. 
Ж – дәрілік зат – белгілі пациентті емес, қандай да бір 
нозологияны емдеу үшін тағайындалғанын атап айтқан жөн. 
Ж – дәрілік зат тұжырымдамасы – бұл фармакологиялық заттың 
қандай да бір атауы ғана емес, сонымен қатар, оған дәрілік түрі, 
мөлшерлеу сызбасы және емдеу ұзақтығы кіретінін көрсетеді. 
Ж - дәрілік затты таңдауда баспалдақтар тізбегі: 
1.
Диагнозды анықтау. 
2.
Емдеу мақсатын анықтау. 
3.
Белгілі 
ауруды 
емдеуде 
дәрілік 
заттардың 
тиімді 
фармакологиялық топтарын құру. 
4.
Тиімді топтарды мына өлшемдер (қауіпсіздік, қолайлылық 
(қолдану ыңғайлылығы), емдеудің бағасы) бойынша таңдау. 
5.
Ж – дәрілік затты таңдау: дәрілік түрді таңдау, мөлшерлеудің 
стандартты тәртібі, емдеудің стандартты ұзақтығы. 
1- саты. Диагнозды қою. 
Ж - дәрілік зат белгілі ауруды емдеу үшін таңдалады 


93 
сондықтан, алдымен диагнозды нақты қойып алу керек. 
Мүмкіндігінше, аурудың клиникалық түрі (нұсқасы), ауру 
ағымының дәрежесі де қойылады. 
Егер науқас бір уақытта қатарынан бірнеше аурумен 
сырқаттанса, онда негізгі ауруы өте ауыр немесе болжамы
қолайсызы емес, осы уақыт мезетінде өзекті болып, медициналық 
көмекке жүгінуіне негізгі себебі болған ауру негізгісі болып 
табылады. 
2 - саты. Емдеу мақсаты. 
Емдеу 
мақсатын 
анықтағанда, 
дәрігер 
дәрілік 
затты 
тағайындаған соң, өзі алғысы келетін, белгілі клиникалық 
тиімділікті құрастырады. Мысалы, гипертониялық криз кезінде
артериялық қысымды түсіру немесе миокард инфаркты
кезінде ауырсынудан болатын шокты басу. 
Аурудың әр түрлі кезеңінде және емінде бір науқастың
терапиялық мақсаты өзгере береді. Мысалы, бронх демікпесінің
ұстамасы кезінде бронх түйілуін басу немесе ұстама аралық 
кезеңде базисті қабынуға қарсы терапияны жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет