88
және т.б.) салыстырады. Егер екі немесе одан да көп медициналық
кірісулер
бір
мақсат қойса, бұл жағдайда “шығын – тиімділік”
өлшемдері
бойынша
талдау
орындаған
жөн.
Талдаудың
артықшылығы ол емдеу тиімділіктерін ескеруге және шығындарды
көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екі кезеңнен тұрады: медициналық
кірісулердің
(фармакотерапия) талдау нәтижелері,
мақсаты бір
науқасқа кеткен орташа немесе шекті шығындардың көлемін
анықтау; науқастарда емдеу нұсқаларын қарастыруға кеткен
шығындардың коэффицентін салыстыру және есептеу.
Тиімділікті
өлшеу үшін бірыңғай өлшемдер (бірліктер) қолдану қажет. Шет
мемлекеттерде тиімділік бірлігі
ретінде емделген науқастар
пайызын, өлім жағдайларын алдан алу немесе сақталған өмір
жылдарын және т.б. көрсеткіштері қолданылады. “ Шығын –
тиімділік” талдауын жүргізгенде әрбір баламалы емдеу сызбасында
“шығын – тиімділік” арақатынасын формула бойынша есептейді (2 -
сурет).
2-сурет. «шығын-тиімділік» талдауы
CEA –“шығын – тиімділік” қатынасы – тиімділік бірлігіне
келетін шығындар;
DC –
тікелей шығындар, IC – тікелей емес шығындар, Ef –
емдеу тиімділігі (сауыққан науқастар пайызы).
Экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тиімділік бірлігіне
аз шығын кеткен сызба лайықты болып табылады. Шығын
тиімділігінің өсім себебі: емдеу нұсқаларының
біреуімен немесе
басқасымен шығын/тиімділік көрсеткіштерін салыстыру. Екі
89
баламалы емдеу нұсқаларының шығындарының тиімділіктері
бойынша айырмашылықтары бар. Егер жүргізілген талдауда емдеу
нұсқасының бір түрі
тиімді ғана болмай, үнемді болса оны
доминантты балама ретінде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: