Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Мета-талдауының фармакоэпидемиологияда қолданылуы



Pdf көрінісі
бет40/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Мета-талдауының фармакоэпидемиологияда қолданылуы 
 
Статистикалық әдістер мен тыңғылықты және сапалы түрде 
жүргізілген жүйелік шолуды біріктіретін мета-талдауы әдебиеттік 
шолудың «шеберлігі» болып есептелуі мүмкін.
Мета-талдауын кәдімгі әдебиеттік шолудан айырмашылығы, 
қолда бар деректердің жүйелі, құрылымды, объективті 
сарапталуында жатыр.
Клиникалық зерттеушілерге аса белгілі мета-талдауы
тұжырымдамасы – бұл белгілі-бір ауруларға тағайындалған 
белгілі-бір емді зерттеуші бірнеше РКЗ қорытындыларын 
түйіндеуі. 
Мета-талдауын фармоэпидемиологияда пайдаланылуының 
бірнеше себептері бар: 
 


84 
- дәрілік заттардың сирек кездесетін қосымша әсер нәтижесін
зерттеу;
- алдыңғы зерттеу нәтижелерінің үйлесімсіздік себептерін 
зерттеу;
- емдеу нәтижесі жоғары немесе төмен пациент топтамаларын 
зерттеу;
- жаңа дәрілік заттар немесе емдеу сызбаларын бекіту үрдісіне 
енгізілген зерттеулерді біріктіру;
- қолданылған жаңа емдеудің оң нәтижелерін зерттеу, әсіресе
жаңа зерттеу нәтижесі сирек немесе алдыңғы зерттеулер кеңінен 
жүргізілмеген жаңа тағайындалған емдеулерді зерттеу. 
Жағымсыз әсерді зерттеу фармакоэпидемиологияның негізгі 
сиқыры болып табылады және жиі тәжірибеден тыс зерттеу 
арқылы жүргізіледі. Көптеген жағдайда жағымсыз әсерлер өте 
сирек айқындалады, сондықтан оларды зерттеу тіпті қиынырақ 
болады. 
Тәжірибеден 
тыс 
зерттеу 
нәтижелерідегі 
айырмашылықтары тәжірибелік клиницистерге түсініксіз 
жағдайды көрсетуі мүмкін. 
Көптеген РКЗ нәтижелерін біріктірген мета-талдауы сирек 
жағдайлар мәселелерін қарап және алдын-ала қайшылықты 
тәжірибеден тыс зертттеулерді, статистикалық күштердің 
кемшілігін, қиыс-кетулерін түзетеді.
Рандомизирленген немесе эксперименталдық емес зерттеу 
дизайнына қарамастан, бір мәселеге арналған бірнеше зерттеу 
ақпараттары бір-біріне сәйкес келмегенде, осы байқалған 
қайшылықтарды шешуде мета-талдауы қолданылады, ол соңғы 
нүктені таңдауда пайда болған осы қарама-қайшылықтарды 
шешуге, нақты әсерін айқындауға, сынаққа қатысушылардың 
құқықтық өлшемдерін таңдауға, ақпараттарды алу әдістерін, 
хаттамадағы қайшылықтар немесе зерттеу сапасына жататын
көптеген басқа да себептерін анықтайды. 
Дегенмен, зерттеудің әрбір сұрағына жемісті жауап беру
мүмкін болмағанның өзінде, зерттеу нәтижелерінің біркелкі 
болмау себептерін анықтау арқылы, болашақта жүргізілетін 
зерттеулер дизайнына байланысты бағалы ұсыныстар беруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет