Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы



Pdf көрінісі
бет36/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы 
 
Көптеген 
дәрілік 
препараттар 
тахикардияны 
немесе 
брадикардияны, ырғақ және өткізгіштіктің бұзылысын, АҚ-ның 
жоғарылауын немесе төмендеуін, миокардтың жиырылуының 
бұзылысын шақыра отырып, жүрек-қан тамыр жүйесіне жағымсыз 
әсер көрсетеді. Жағымсыз әсерлер әсіресе, жүрек-қан тамыр 


77 
аурулары кезінде айқын болады. Қосарланған препараттарды 
қабылдау кезінде олардың пайда болуына жоғары қауіп туады. Сол 
сияқты, тиазидті диуретиктер және резерпин жүрек гликозидтері
интоксикациясының дамуын туғызады. Егер симппатомиметиктерді 
кейбір жансыздаратын заттармен қосып тағайындағанда, кішкентай 
мөлшерінің өзі аритмогенді әсер көрсетеді.
Дәрілік заттарға жоғары сезімталдық реакциясы жүрек 
зақымдануының салыстырмалы сирек себебі болады, бірақ 
пенициллин, фенилбутазон, метилдопалар және т.б. қабылдауға 
жауап ретінде аллергиялық миокардит дамуы анықталған. Ісікке 
қарсы антибиотиктер мысалы, доксорубицин дилатациялық 
кардиомиопатияға ұқсас ағымда миокардтың ауыр зақымдануын 
шақырады.
 Көздің зақымдануы 
 
Дәрілік заттардың әсерінен көздің зақымдануы, қабақ терісінің, 
конъюктивиттің, нұрлы қабықтың, шыны тәрізді дененің, торлы 
қабықтың, көру нервінің, көз ішілік қысымның, көз қимылдатқыш 
бұлшық еттің өзгерістерімен көрінеді. Ұйықтататын және 
тыныштандырғыш 
заттардың, 
нейрорелаксанттардың, 
цитостатиктердің, симпатолитиктердің әсер етуі нәтижесінде көз 
моторикасының өзгерісі птоз түрінде көрінеді. Нистагм эпилепсияға 
қарсы, 
ұйықтатқыш, 
нейролептикалық 
заттармен, 
алтын 
препараттарымен, 
малярияға 
қарсы 
препараттармен, 
салицилаттармен байланысты болуы мүмкін. Нейролептиктермен, 
амфетаминмен, 
седативті 
заттармен, 
стрептомицинмен, 
глюкокортикостероидтармен, салицилаттармен емдеу кезінде 
диплопиямен қоса конвергенция бұзылысы байқалады. Қабақ 
түсінің өзгеруі күміс (аргироз), алтын, сынап препараттарымен 
емдеу кезінде байқалады. Тағы да басқа жағдайларда мысалы
фенотиазинмен емдеу кезінде қабақ қызыл-күрең болып өзгеруі 
мүмкін.
Өте көп дәрілердің әсерінен аллергиялық реакциялар пайда 
болу нәтижесінде конъюктивит және кератоконъюктивит дамиды, 
жиі жеңіл және қайтымды сипатта болады. Катарактамен 
байланысты көрудің бұзылысы глюкокортикостероидтардың және 
АКТГ, 
аллапуринолмен 
емдеу 
барысында 
байқалады. 


78 
Симпатомиметикалық заттарға индометацин, хлорпропамид, 
тырыспаға қарсы препараттар қабылдау көз ішілік қысымның 
өзгерісімен бірге қарашықтың кеңеюін шақыруы мүмкін.
Сульфаниламидтерді, салуретиктерді, жүрек гликозидтерін 
қабылдау барысында көрудің нашарлауымен торлы қабықтың 
токсикалық зақымдануы пайда болады. Демиелинизирлеуші 
зақымдану нәтижесіндегі түнгі көрудің нашарлауымен көру нерві 
невритінің, 
түсті 
ажыратудың 
нашарлауы 
этамбутолдың, 
изониазидтің, 
хлорамфениколдың, 
хлорохиннің, 
жүрек 
гликозидтерінің әсерімен байланысты болуы мүмкін. Торлы қабық 
тамырының тромбоэмболиялық зақымдануы мен емізікше 
ишемиясы және атрофиясы гормональдық контрацептивтерді 
қолданғанда пайда болады. Мидриаз тудырушы заттар 
(парасимпатолитиктер, 
нейролептиктер, 
симпатомиметиктер), 
сондай-ақ глюкокортикостероидтарды қабылдауға байланысты көз 
ішілік қысымның жоғарылауы нәтижесінде глаукома дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет