Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет49/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Ж - емдеу (ұтымды емдеу үрдісі) 
Ж – тізімді құрастыру кезінде фармакологиялық топтар мен 
жеке препараттарды таңдау жүргізілді, мұнда белгілі науқас емес, 
анықталған диагноз қарастырылды. Бірақ, дәрігер таңдалған Ж – 
дәрілік затты тағайындағанда, ол қайтадан дәрілік затты нақты 
науқастың жеке қасиеттеріне қарап, бағалауы керек. 
Ж - емдеу - нақты науқастың жеке емдеуі. 
Ұтымды емдеудің алгоритмі (Ж - емдеу) алты тізбекті кезеңнен 
тұрады: 
Ж – емдеудің таңдау сатысы. 
I.
Науқас мәселесін анықтау. 
II.
Емдеу міндеттерін анықтау. 
III.
Сіздің Ж – дәрілік заттың пациентке жарамдылығын бағалау. 
IV.
Рецепт жазу. 


97 
V.
Науқасты ақпараттандыру, нұсқаулар беру, алдын – ала 
ескерту. 
VI.
Емді бақылау. 
І саты. Науқас мәселесін анықтау. 
Науқас дәрігерге шағымдарымен және мәселесімен келеді. 
Бастапқы кезеңде негізгі мәселе – бұл дұрыс диагноз қою, ол содан 
кейінгі келесі емнің сәтті болуына кепіл болады. 
Дұрыс диагноз қою үшін көптеген себептердің маңыздысы 
болады: 
клиникалық 
симптомдар, 
физикалық 
зерттеулер 
мәліметтері, зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелері. Әрбір 
нақты клиникалық жағдайда әр науқасқа жеке тіл табу керек. 
ІІ саты. Емдеу міндеттерін анықтау. 
Егер диагноз күдік тудырмаса және дәрілік терапияның 
тағайындалуы міндетті болса, онда алдымен емдеуге кірісудің 
алдында, емдеу мақсатын анықтау өте маңызды болады. 
Ж - дәрілік затты тағайындаудан Сіз неге қол жеткізгіңіз 
келеді? 
Бұл сұраққа жауап іздеу, Сізді нағыз мәселеге назар аударуға 
мәжбүрлейді, көптеген керек емес дәрілік затты қолданудың алдын-
алады және Сізге соңғы таңдау жасауды жеңілдендіреді. Мысалы, 
он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында антисекреторлық
(асқазанда тұз қышқылының дамуын төмендететін) терапияны 
қолдану; немесе дене қызуы 38,5 С жоғарлауы кезінде ыстықты 
басатын 
терапияны; 
немесе 
жедел 
пиелонефрит 
кезінде 
антимикробты терапияны таңдау. 
 ІІІ 
саты.
Сіздің Ж – дәрілік заттың пациентке 
жарамдылығын бағалау.
Диагноз қойылғаннан кейін және емдеу мақсаты айқындалған 
соң, белгілі науқасқа сіздің таңдаған Ж-дәрілік затыңыз жарамды 
ма соны тексеру қажет. Қандай да бір нақты ауруды емдеуде Ж – 
дәрілік зат таңдалады. Бірақ, бірдей аурумен сырқаттанатын 
науқастар бір - бірінен жасы, салмағы, жынысы, қосалқы аурулары 
және көптеген себептермен ерекшеленеді. Дәрілік заттың 
жарамдылығын бағалауда, нақты науқастың жеке ерекшеліктерін 
есепке алынады. Жарамдылықты бағалау дәрілік заттың жеке 
формулярын қарастырылудан басталады. Ж – дәрілік затты таңдау 
қорытындысында шығарылған, негізгі үш көріністі тексеру керек: 

Белсенді әсер етеуші зат, дәрілік түрі. 


98 

Қолданудың стандартты сызбасы. 

Емдеудің стандартты ұзақтығы. 
Бұл әрбір көріністі екі өлшем бойынша: тиімділік және 
қауіпсіздікке тексереді.
IV саты. Рецепт жазу. 
Рецепт – бұл дәріханада дәрілік затты рецепт бойынша 
босататын адамға (әдетте провизор, фармацевт), рецепт жазатын 
адамның (әдетте дәрігер) жазбаша үлгідегі ұйғарымына тапсырыс 
беру құжаты. Рецепте дәрігер дәрілік түрді, мөлшерді және дәрілік 
затты қолдану әдісін көрсетеді. 
Әр түрлі елдерде рецепт жазудың өзіндік ерекшеліктері бар. 
Кейбір елдерде рецепте бүкіл ақпарат, елдің туған тілінде 
жазылады. Рецептке ең басты талап (елге байланыссыз) – ол дұрыс, 
нақты және айқын жазылуы керек. 
Рецепт – бұл стандартты бланк, онда келесі бөліктер міндетті 
болуы керек: 
1)
Жазу (кіріспе (Insriptio)) – құжаттың атауы (рецепт), 
мекеменің атауы, мекен – жайы, телефоны (емдеу мекемесінің
тікбұрышты мөртаңбасы), рецепт жазу күнінен тұрады. 
2)
Науқастың тегі, аты, әкесінің аты (Nomen aеgroti) – 
толығымен, сонымен қатар, жасы және мекен – жайы жазылады. 
3)
Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (Nomen medici). 
4)
Дәрігердің провизорға, фармацевтке (Invocatio) Recipe 
сөзімен (қысқаша Rp.: "Ал") жүгінеді. 
5)
Дәрілік заттың белгіленуі (дәрілік заттың аты, мөлшері, 
концентрациясы). 
6)
Қосымша мәлімет (Subscriptio), онда жоғарыда жазылған 
заттармен не істеу керектігі жазылады. 
7)
Белгіленуі (Signatura) – дәрілік заттың қолдану әдісі 
жазылады. 
8)
Дәрігер қолы, жазылатын рецепт дәрігердің жеке 
қолымен расталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет