Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет53/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Формулярлы - терапевтік комитет 
 
Дәрілік формулярды енгізу және құрастыру үшін міндетті түрде 
формулярлы - терапевтік комитет құру керек.
ФТК –тің қызметі: 

Негізгі: таңдаулы дәрілік заттарды кәсіби саясатқа енгізу және 
құрастыру, олардың бағасы, сатылып алынуы, қолдану кезіндегі 
қауіпсіздігі және ЕПМ –ді ақпаратпен қамтамасыз ету. 

Дәрілік заттардың бағалау өлшемдері бойынша ЕПМ 
формулярына енгізілуін қарастыруды ұйымдастыру. 

Медицина қызметкерлерінің ұтымды дәрілік заттар туралы 
білім беру бағдарламалары жайлы қажеттіліктерін анықтау. 


107 
ФТК-ның құрамына бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша 
орынбасары, 
негізгі 
бөлімдердің 
меңгерушілері, 
ЕПМ-нің 
провизоры (ол болмаған жағдайда - дәрілік заттарды сатып алуға 
жауапты адам), клиникалық фармаколог, экономист кіруі керек. 
Сонымен бірге ФТК-ның мүшелері дәрілік заттарды өндіруші 
немесе делдалдармен коммерциялық қатынаста болмауы керек. 
ФТК-ның жұмысы нәтижелі болуы үшін оның мүшелеріне 
клиникалық фармокология бойынша оқыту курстарынан өтуі қажет. 
Формулярға енгізілетін дәрілік заттарды кіргізу кезіндегі 
қарастырылатын өлшемдер: 

Белгіленген дәріге сұраныстың негізді болуы. 

ЕПМ-ның 
формулярында 
осы 
дәріге 
қажеттілігін 
қанағаттандыратындай басқа дәрінің болмау керек. 

Дәрінің 
клиникалық 
зерттеу 
нәтижелерінің 
ақпараты 
қолжетімді болуы. 

Дәрі формулярға енгізілмеуі керек, егерде оның құрамы 
өндіруші фирманың коммерциялық құпиясы болса. 

Біріктірілген препараттарға қарағанда айқын тиімді болса 
монопрепараттарды таңдаған дұрыс. 

Дәрінің бағасы оның анық тиімділігіне сәйкес болуы керек. 

Дәрі тасымалдаушылардан сатып алуға әрдайым қолжетімді 
болуы керек. 
Формулярлы тізім дайын болғаннан соң ФТК талқылауға 
салады және оң шешім қабылданған жағдайда бас дәрігер ЕПМ-ге 
бұйрық шығаруға міндеттейді. 
Осы сәттен ЕПМ медициналық қажеттілік ретінде тек қана 
дәрілік формулярға кірген препараттарды сатып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет