Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Дәрілік заттарды егде және қарт адамдарда қолдану



Pdf көрінісі
бет29/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Дәрілік заттарды егде және қарт адамдарда қолдану 
 
 
Егде және қарт адамдарда дәрілік заттарға ағза реакциясы 
мүше мен тіннің физиологиялық қартаюынан және әр түрлі 
қосымша аурулардың болуынан өзгереді. Жасы келе адамдардың 
дәрілік заттарға кері әсерлерінің көріну жиілігі жоғарлайды. Бұл өте 
маңызды, себебі қолданатын дәрілік заттардың жартысы егде және 
қарт адамдарда қолданылады. Жасы үлкен кісілерде асқазан–ішек 
жолының секреторлық және моторлық қызметі өзгереді, сондықтан 
асқазан рН жоғарылап, белсенді абсорбция және ас қорыту 
жылдамдығы төмендейді. Нәтижесінде көптеген дәрілік заттардың 
биожетімділігі 
төмендейді 
(мысалы, 
дигоксин). 
Қандағы 
альбуминның төмендеуі дәрілік заттардың байланысуының 
бұзылысымен көрінеді. Бауырда фермент белсенділігінің төмендеуі 
нәтижесінде заттардың биотрансформация жылдамдығының 
төмендеуі ерекше орын алады. Осының нәтижесінде бірнеше топ 
препараттардың метаболизмінің төмендеуі (немесе жоғалуы) пайда 
болып, ол фармакотерапия асқынысының қаупін жоғаырлатады. 
Сонымен қатар, бүйрек қан айналымының (атеросклероз және 
артериосклероз), бүйрек салмағының және шумақтық сүзілу 
қызметтері санының төмендеуі әсерінен дәрілік заттардың 
шығарылуы өзгереді, 65 жасқа қарай олардың саны 30%-ға дейін 
төмендейді. Одан басқа, түтікшелік экскреция баяулайды. Тері асты 
шел май қабаты мен бұлшық ет тіндері есебінен дене салмағының
төмендеуі дәрілік препараттардың таралу көлемінің өзгеруіне алып 
келеді. Қосымша, рецепторлық жүйе қызметі де өзгеруі мүмкін, 
алайда егде адамдарда дәрілік заттардың фармакодинамикасы 
толық зерттелмеген. Жасы үлкен кісілерде ең жиі жүрек-қан тамыр 
жүйесіне әсер ететін препараттар, соның ішінде жүрек гликозидтері 
қолданылады. Олардың артық мөлшерлеріның белгілерін 1\3 
жағдайда анықтайды. Бұл таралу көлемінің және жалпы препарат 


65 
клиренсінің 
(сонымен 
қатар 
бүйректік) 
төмендеуімен, 
науқастардың дигоксинге сезімталдылығының жоғарлауымен 
байланысты. Жүрек гликозидтерін тағайындағанда әсіресе бүйрек 
қызметі төмендеген жағдайда, артық мөлшерлеудің жедел 
дамитынын есепке алу қажет. 
Гипотензивті заттарды абайлап қолдану керек, себебі егде 
адамдарда АҚ кенет төмендеуі өмірге маңызды ағзалардың 
склероздалған тамырларында қан айналым бұзылысына әкелуі 
мүмкін. Артериялық гипертонияның ұзақ ағымында АҚ толық 
қалпына келтіруге ұмтылу қажет емес. Жеңіл және орташа дәрежелі 
АГ емі туралы сұрақ әлі зерттелуі тиіс, оның егде жастағы 
асқынулары дәрілік асқыну қаупінен көп емес. 
Егде адамдарда пропранолол сіңірілуі төмендейді, бірақ оның 
биожетімділігі метаболизм мен клиренс қарқындылығы төмендеуі 
салдарынан жоғары болады. Сонымен қатар, бүйрек қызметінің 
төмендеуімен байланысты, новокаинамид клиренсінің төмендеуі 
анықталған. Егде жастағы адамдарда диуретиктерге сезімталдылық 
жоғары, сондықтан тез арада гипокалиемия дамуы мүмкін. 
Егде 
адамдарда эуфиллин фармакокинетикасы жайлы 
мәліметтер әр түрлі. Оның қандағы концентрациясы жоғарылаған 
кезде шығарылуы төмендейді, бірақ егде жаста бұл тәуелділік жоқ. 
Препараттың үлкен мөлшерлерін тағайындағанда абайлау қажет 
және 
кері 
әсерлерін 
болдырмау 
үшін 
оның 
қандағы 
концентрациясын анықтау қажет.
Егде және қарт адамдарда гиполипидемиялық заттарды ұзақ 
қолдануға негіз жоқ, себебі бұл препараттардың коронарлық 
атеросклероз алдын алуда нәтижелілігі тек орта жастағы адамдарда 
ғана анықталған.
Коронарлық және церебральдық тромбоздың алдын алу үшін 
антикоагулянттар 
және 
антиагреганттар 
қолданылуы 
тек 
бақылаумен ғана жүргізіледі, себебі егде және қарт жаста бұл 
препараттардың фармакокинетикасы фармакодинамикасы өзгереді. 
Мысалы, варфарин егде адамдарда К дәруменіне тәуелді қан ұю 
факторлары синтезін өте тез тежейді. Сондықтан, тікелей емес 
антикоагулянттар мөлшерлерін 1,5-2 есе төмендету керек. Егде 
және 
қарт 
адамдарда 
ацетилсалицил 
қышқылы 
мен 
фенилбутазонның шығарылуының төмендеуі туралы мәліметтер де 
бар. 


66 
Гериатриялық тәжірибеде микроайналым мен церебральдық 
қан айналымды жақсартатын препараттардың кеңінен қолданылуы 
негізделмеген, себебі олар қарттық ақыл кемдігінің алдын алмайды.
Егде 
адамдарда 
антибиотиктердің 
фармакокинетикасы 
өзгереді. 
Жартылай 
синтетикалық 
пенициллиндер, 
цефалоспориндер ағзадан өте баяу шығарылады, бірақ олардың 
қандағы концентрациясы жоғары болады. Бұл өзгерістер егде 
адамдарда бүйрек қызметінің төмендеуімен байланысты болуы 
мүмкін. Кейбір антибиотиктердің (тобрамицин, нетилмицин, 
доксациклин, ампициллин) қандағы концентрациясы, олардың 
таралуы мен шығарылуы егде және қарт адамдардың бүйрек 
қызметі арасында тура байланыс анықталған.
Бұл 
препараттардың 
мөлшерлерін 
шумақтық 
сүзілу 
төмендегенде азайту керек. 
Қартайған кезде көп жағдайда психика мен ұйқы бұзылысы 
дамиды, оларды қалпына келтіру үшін бензодиазепиндер сияқты 
психотропты заттар қолданылады, егер науқастың жастық 
ерекшелігі есепке алынбаса, олар егде адамдарда 40% жағдайда 
кері әсерлер дамытуы мүмкін. Кейбір авторлар егде және қарт 
адамдарда бензодиазепиндер мөлшерлерін екі есе төмендету 
керектігін ұсынады. Қарттарда глюкоурон қышқылымен (оксазепам, 
нитразепам, 
лоразепам, 
темазепам) 
байланысатын 
бензодиазепиндер фармакокинетикасы жас адамдардан өзгерісі 
жоқ. Бірақ хлордиазоксид, диазепам шығарылуы егде жаста 
тотықталған метилденудің тежелуі салдарынан төмендейді.
Үшциклдық 
антидепресанттардан тек имипрамин мен 
дезипромин шығарылуы егде адамдарда бұзылады.
Егде адамдарда әр түрлі дәрумендер мен минералдардың 
жеткіліксіздігі тән деген ұғым кең таралған. Бірақ қазіргі уақытта 
егде адамдарға нақты шартталған дәрумен тағайындаудың 
қажеттілігі жоқ, дегенмен оларға арналған арнайы шығарылған 
бірнеше топ препараттары бар. Бұндай препараттар ересек сау 
адамға қажет тәуліктік қолдану есебінен алынған дәрумендер мен 
басқа заттардан тұрады. Қазіргі таңда темір мен кальцийдің егде 
және қарт адамдарға тағайындаудың қажеттілігі айқын дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет