Дәрілік заттрадың ақуыздармен байланысуы және таралуы
Жаңадан туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларда
ақуыздардың байланысу қасиеті олардың эндогенді метаболизм
өнімдері (билирубин, бос май қышқылдары) жүктемесі мен қан
құрамында альбуминнің азаюы және ақуыз құрылымының сапалық
өзгерістеріне байланысты төмен болады. Жаңа туған нәрестелік
кезең өткен соң балаларда қандағы ақуыз мөлшері мен
альбуминдердің дәрілік затқа байланысты аффинитеті біртіндеп
ұлғаяды, бірақ 10-12 айда ересектерге тән қалыпқа барлығы бірдей
жете бермейді. Альбумин дәрілік затты байланыстыратын қан
сарысуының жалғыз ақуызы емес. Бұл үрдіске басқа да ақуыздар да
қатысады мысалы: қышқыл альфа- 1-гликопротеин. Оның
концентрациясының төмендеуі нәрестелердегі ақуыз байланыстыру
қасиетінің төмендеуінің басты себебі болып табылады. Дені сау
нәрестеде қышқыл альфа-1-гликопротеин деңгейі анасының қан
сарысуының қышқыл альфа- 1- гликопротеинінен 3 есе төмен. Қан
62
сарысуы ақуыздарымен байланысатын көптеген эндогенді заттар
кешеннен ақуызбен қоса дәрілік затты да ығыстырады, нәтижесінде
таралу деңгейі де жоғарылайды. Оның клиникалық маңызы тек
мына жағдайда болады: егер дәрілік зат ақуызбен 80-90%
байланысып, ал клиренсі ақуызбен байланысуына тәуелді болса,
препаратты ығыстыру салдарынан бос дәрілік зат қан құрамында
жоғарылап, нәтижесінде фармакологиялық әсерінің өтпелі түрде
күшеюіне
әкеледі.
Бірақ
бос
жағдайдағы
дәрілік
зат
биотрансформацияға ұшырап ағзадан шығарылады. Нәрестелерде
бос
май
қышқылдарының
қайтадан
кері
альбуминмен
байланысуынан қан сарысуында жоғары концентрацияда болады.
Ақуыздардың салицил қышқылы, фенилбутазон, дикумаролмен
байланысуының
бұзылуы
қан
сарысуында
бос
май
қышқылдарының жуықтап 200 мэкв\л дейін жоғарылағанда немесе
бос ай қышқылдары мен альбумин арақатынасының 3,5 дейін
жоғарылауында пайда болады.
Нәрестелерде диазепамның бос фракциясына бос май
қышқылдарының әсері байқалған. Сонымен қатар нәрестелерде
байланыспаған фенитион құрамы мен бос май қышқылдары және
альбумин арақатынасында сызықты тәуелділік бар екені
анықталған.
Көптеген
дәрілік
заттар
мысалы:
сульфаниламидтер,
салицилаттар, билирубинді альбумин кешенінен ығыстырады,
нәтижесінде нәрестелерде сарғаю даму қаупі бар. Сонымен қатар,
билирубин де дәрілік затты кешеннен альбуминмен ығыстыра
алады, нәтижесінде дәрілік заттың фармакологиялық белсенділігі,
таралуы жоғарылайды. Фенитионның бос фракциясы мен
нәрестелердегі билирубин концентрациясының тура корреляциясы
осылай анықталған. Ересектерге қарағанда нәрестелерде ағзада
сұйықтық көлемі жоғары, бірақ уақыт өте келе азайып пубертатты
кезеңде ересектердегі деңгейде болады. Сұйық ортада таралатын
дәрілік заттар (аминогликозид, атропин) үлкендерге қарағанда,
нәрестелер мен балаларға 1 кг дене салмағына есептеліп, жоғары
мөлшерде тағайындалады.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Дәрілік заттар биотрансформациясы негізінен бауырда,
сонымен қатар бүйрекүсті безі, бүйректе, ішектерде, теріде жүреді.
63
Нәтижесінде ағзадан тез шығарылуға бейім полярлы молекулалар
түзіліп, зәр немесе өтпен шығып кетеді. Бірақ метаболизм үрдісі
кезінде кейбір препараттар фармакологиялық белсенді затқа
айналады.
Балалар ағзасында да осындай биохимиялық өзгерістер өтеді,
бірақ метаболикалық үрдістердің қарқындылығы жағынан біршама
айырмашылық болады. Нәрестелерде цитохром Р
450
НАДФ-
цитохром-С-редуктаза қатысуымен өтетін тотығу реакцияларының
жылдамдығы екі есеге төмен, сондықтан дәрілік заттардың
биотрансформациясы
баяулайды.
Салыстырмалы
түрде
жылдамдығыны
төмендігінен
және
дәрілік
заттардың
биотрансформациясынан олардың ағзадан шығарылуы өзгермеген
түрде болады.
Дәрілік заттардың шығарылуы
Көптеген дәрілік заттар немесе олардың метаболиттері
бүйрекпен шығарылады. Нәрестелерде бүйрек қызметі төмендеген
сондықтан,
заттардың
зәрмен
шығарылуы
қарқындылығы
ересектерге қарағанда төмен. Бүйрек қан айналымы жасы ұлғайған
сайын жоғарылайды, жүректің минуттық лақтыру көлемі ұлғаюы
мен шеткері қантамыр қарсыласу күші төмендеуіне байланысты
болады. Бүйрек қан айналымы нәрестелерде жүректің минуттық
көлемінің 5-6 % құрайды, ал ересектерде 15-25 %. Жаңа туған
нәрестелік кезеңде бүйрек қан айналымы 12 мл\мин (0.72 л\сағ)
тең, ал 1 жасқа жақындағанда 140 мл\мин (8.4 л\сағ) дейін
жоғарылайды.
Барлық жетілген нәреселерде шумақтық сүзілу жылдамдығы
жаңа туған нәрестелік сәтінде 2-4 мл\мин, ал шала жетілмей туған
нәреселерде 1 мл\мин. Туғаннан кейінгі 2-3 күнде 8-20 мл\мин және
2-3 мл\мин дейін жоғарылайды. Ересектердегідей шумақтық сүзілу
2,5-5 айында болады. Туғаннан кейін шумақтық сүзілудің
жоғарлауы бірнеше себептермен: жүректің минуттық көлемі мен
АҚ
жоғарылауы,
жалпы
перифериялық
қан
тамырлық
қарсыласудың төмендеуі, сүзілуге қатысатын жарғақшаның беткей
аумағының жоғарлауына негізделген.
Жаңа туған нәрестелерде бүйректің түтікшелік қызметтері
төмендеген (түтікшенің кіші өлшемдері және қызметтік
жасушалардың көлемі, қыртысты заттың сыртқы бөліміндегі төмен
64
қан айналым, энергия дамыту үрдістерінің дұрыс дамымауы
есебінен). Түтікшелік аппарат шумақтық аппараттан кешірек
дамиды. Ағзаның түтікшелік секрециясы арқылы шығарылатын
дәрілік заттарға аминогликозидтер, цефалоспориндер, пенициллин,
дигоксин, фуросемид жатады. Бұл заттарды бүйрек қызметінің
бұзылысы кезінде абайлап қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |