Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


ДЗ өзара әрекеттесуі кезіндегі қауіп себептері



Pdf көрінісі
бет22/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ өзара әрекеттесуі кезіндегі қауіп себептері
 
ДЗ қауіпті әрекеттесуінің даму қаупі көптеген себептерге 
байланысты, негізгісі мыналар болып табылады: 
• Науқастың жасы. ДЗ әрекеттесуі жиі қарттар мен жаңа туған 
нәрестелерде пайда болады. Бұны осы жастағы топтардың ДЗ 
фармакокинетикалық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. ДЗ 
сіңірілу, метаболизм, таралуы және шығарылу үрдістері жаңа туған 
нәрестелерде толық қалыптаспаған, ал қарттарда жасына 
байланысты АІЖ, бауырдың, бүйректің қызметінің өзгеруіне 
байланысты 
бұл 
үрдістер 
баяулаған. 
Қарттардың 
ОЖЖ 
наркотикалық анальгетиктер мен бензадиазепиндерге, ал ішек пен 
қуық м-холиноблокаторларға сезімтал. Сонымен қатар, бұл топ 
пациенттерінде көптеген қосалқы аурулары бар, сол үшін оларға 
көбірек ДЗ тағайындалады (полипрагмазия төменді қара). Осыған 
байланысты қарттар мен нәрестелерде қауіпті әрекеттесудің дамуын 
болдырмау үшін ДЗ абайлап таңдауды талап етеді. 
• Қосалқы аурулар. Кейбір аурулар кезінде (созылмалы жүрек 
жеткіліксіздігі, 
бауыр 
мен 
бүйрек 
аурулары) 
ДЗ 
фармакокинетикасының өзгерісі ішектің, бауырдың, бүйректің 
шырышының зақымдалуына және қан ақуызының синтезінің 
төмендеуіне байланысты болады. Кейбір созылмалы аурулар 
кезінде (эпилепсия, қант диабеті, дәнекер тіннің жүйелі аурулары, 
маниакалдық-депрессивті психоз, туберкулез және т.б.) ДЗ ұзақ 
қолдану жиі ДЗ фармакокинетикалық әрекеттесуін тудырады:
метаболизм ферменттерінің индукторы мен ингибиторы; қан 
сарысуындағы ақуызбен байланыстағы басқа ДЗ ығыстырып 
шығарады және т.б.
• Полипрагмазия – көп дәрілік заттарды негізсіз қолданатын 
фармакотерапияның түрі. ДЗ қауіпті әрекеттесуінің даму қаупі 
бірден бірнеше ДЗ тағайындағанда жоғары болады. Егер науқасқа 
екі ДЗ тағайындаса өзара әрекеттесудің дамуы шамамен 3-5%, ал он 
ДЗ тағайындалса – онда 20% кем емес болады. 
• Дәрілік заттардың терапиялық кеңдігі. Егер ДЗ терапиялық 
кеңдігі аз болатын болса (терапиялық ауқымы тар) ДЗ қауіпті 
фармакокинетикалық әрекеттесуінің даму қаупі жоғары. Мұндай ДЗ 
аминогликозидтер, 
тікелей 
емес 
антикоагулянттар, 
жүрек 
гликозидтері, эпилепсияға қарсы ДЗ, үшциклдық антидпрессанттар, 


46 
литий тұздары, кейбір аритмияға қарсы ДЗ, теофиллин жатады. 
Бұндай ДЗ басқа ДЗ әсерінен қанда концентрациясының шамалы 
болсын жоғарылауы интоксикацияға дейінгі жағымсыз әсерлерге
алып келуі мүмкін. Әсіресе жиі ДЗ қауіпті әрекеттесуі жоғары 
терапиялық мөлшері мен терапиялық ауқымы тар ДЗ қолданғанда 
дамиды. Терапиялық ауқымы тар ДЗ фармакотерапиясының 
қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында олардың концентрациясының 
теңдігін бақылау үшін терапиялық дәрілік мониторинг жүргізу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет