Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет18/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Өтпен және зәрмен шығарылу 
Дәрілік заттар ағзадан шығарылу кезеңінде де әрекеттесуі 
мүмкін. Дәрілік заттардың екі шығарылу жолы маңыздырақ – 
бүйрек және өт арқылы. Басқа жолдар (сілекей, тер, өкпе арқылы 
шағарылуы) маңызды емес. 
Көптеген дәрілік препараттар әлсіз электролит болып 
табылады, ал олардың еруі иондану дәрежесіне байланысты. Себебі 
заттың иондану дәрежесі басқа препаратпен шақырылған 
ерітіндінің қышқылдығы, рН өзгерісі әсер етіп, дәрілік заттардың 
зәрмен шығарылуы өзгеруі мүмкін. Зәрдің рН натрий бикорбанатын 
қабылдағанда жоғарылайды және аскорбин қышқылымен емдегенде 
төмендейді. Зәрдің сілтіленуін тудыратын заттарды енгізе отырып 
барбитураттар мен салицилаттардың шығарылуын жоғарылатуға 
болады. Тәжірибеде бұл әсер осы препараттармен уланғандарды 
емдегенде қолданылады. 
Көптеген дәрілік заттар, әсіресе органикалық қышқылдар, 
қаннан зәрге белсенді тасымал жолымен каналдық эпителийден 
өтеді және осы жол үшін бәсекелес болуы мүмкін. Осылай, 
пробеницид пеницилиндердің және осы қатардағы басқа 
препараттардың (амоксициллин, тикарциллин, мезлоциллин), 
сонымен 
қатар 
кейбір 
цефалоспориндердің 
шығарылуын 
төмендетеді.
Диуретиктер, соның ішінде фуросемид, пенициллиндер мен 
цефалоспориндердің каналдық секрециясын тежейді, жартылай 
шығарылу 
кезеңін 
ұзартып, 
қандағы 
концентрациясын 
жоғарылатады. Фуросемид организмнен шумақтық сүзілу жолымен 


40 
шығарылатын 
гентамицин 
және 
левомицетин 
клиренсін 
төмендетеді. 
Препараттардың ағзадан шығарылу кезеңіндегі әрекеттесуі 
жүйелі, сонымен қатар бүйректе жағымсыз әсердің туындауына 
алып келуі мүмкін. Осылай, фенилбутазон оксиацетогексамидиннің 
шығарылуын тежей отырып гипогликемияның дамуын шақырады. 
Аммоний хлодиді сульфадиазин қабылдайтын науқастардың зәрінің 
рН төмендете отырып, қышқыл ортада тұнатын және бүйректі 
зақымдайтын ацетилсульфадиазиннің түзілуіне алып келеді. 
Өтпен 
шығарылатын 
препараттар 
ішекке 
түсіп, 
реобсорбцияланады немесе ішек ферменттерінің, бактериялардың 
әсерінен түзілетін өзгермеген түрде немесе метаболит түрінде 
нәжіс арқылы шығарылады. Бауыр және өт жолдары ауруларының 
фармакотерапиясында өт арқылы біртіндеп пенициллиндер мен 
цефалоспориндер 
шығарылатынын 
ескерген 
жөн. 
Бұл 
препараттарды холецистит және холангитті емдеуде қолданған 
дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет