Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет16/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу 
 
Дәрілік заттар сіңірілу, орын алмастыру, биотранфармация 
және шығарылу кезінде бір бірімен әрекеттеседі. Бұл әсерлесудің 
нәтижесі сезімтал мүшелер мен тіндердің арнайы рецепторларына 
әсер ететін препараттың белсенді бөлігінің өзгеруі болып табылады. 
Сіңірілу 
Дәрілік заттардың толық сіңірілуі мен жылдамдығының өзгерісі 
клиникалық маңызға ие. Сіңірілу жылдамдығының өзгеруі 
препараттың барынша жоғары әсеріне жылдам жету керек болған 
кезде, әсіресе жедел жағдайларда маңызды болады. Дәрілік 
заттардың толық сіңірілуі препараттың енгізген және қандағы оның 
концентрациясының арақатынасына әсер етуіне байланысты үнемі 
үлкен маңызға ие. 
Дәрілік заттың асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі басқа 
препараттардың әсерінен өзгереді, егер онымен химиялық әсерлессе 
асқазан мен ішектің қышқылдығын, асқорыту жолдарының ішіндегі 
заттардың жүріп өту уақытын және оның флорасын өзгертеді. 
Дәрілік заттардың сіңірілуін күшейтетін және төмендететін 
препараттар бар. Дәрілік заттардың сіңірілуі басқа препараттың 
әсерінен ерімейтін жағдайда немесе байланыста болса айқын 
бұзылады. Тетрациклиндер кейбір екі- немесе үшвалентті 
иондармен (Cа²
+
, Al³
+
, Fe²
+
, Mg²
+
) әсерлескенде мүлде сіңірілмейтін 
кешендер түзеді. Метациклин мен доксициклиннің сіңірілуі 
толығымен темір сульфатымен басылады. Басқа да темір 
препараттары 
тетрациклин 
қатарындағы 
антибиотиктердің 


35 
сіңірілуін бұзады. Көп науқастар екі валентті ионы бар антацидті 
препараттарды антибиотиктермен бірге қолданады, бұл сіңірілуді 
төмендететінін есте ұстаған жөн. Холестирамин триметопримнің, 
клиндомициннің, цефалексиннің, тетрациклиннің, тироксиннің 
сіңірілуін төмендетеді. Асқазан мен ішек сұйықтығының 
қышқылдығының жоғарылауы немесе төмендеуі дәрілік заттардың 
молекула ионизациясының өзгеруіне және олардың майда еруінің 
өзгеруіне алып келуі мүмкін, ол өз кезегінде бұл заттардың 
сіңірілуін өзгертеді. Ішек қабырғасы иондалмаған, майда жақсы 
еритін заттар оңайырақ өтетін липидті жарғақшадан құралған. 
Антацидті заттар асқазан сұйықтығының pH жоғарылатып, қышқыл 
дәрілік заттардың ионизациясын күшейтіп, олардың майда еруін 
төмендетіп және сіңірілуін азайтады. Антацидтер тікелей емес 
антикоагулянттардың, 
кейбір 
сульфаниламидтердің, 
нитрофурантоиндардың, 
салицилаттардың, 
фенилбутазонның 
сіңірілуін төмендетеді. Антацидті заттарың бұл әсері күнделікті 
терапиялық мөлшерде қолданатын фенобарбиталдың ұйқы 
шақыратын әсерін толық жоюға қабілеті бар. Натрий бикарбонаты 
асқазан сұйықтығының рH өзгерте отырып, тетрациклиннің 
сіңірілуін тежейтіні белгілі. Циметидин асқазан сөлі секрециясын 
төмендете отырып, осындай нәтижеге жеткізеді. Кейбір деректер 
бойынша, циметидин ампициллиннің, триметопримнің және 
сульфаметоксазолдың сіңірілуін төмендетеді. 
Дәрілік заттардың сіңірілуіне, әсіресе жай немесе толық емес 
абсорбцияланған 
(дигоксин, 
тетрациклин), 
асқазан-ішек 
жолдарының толқи жиырылуына әсер ететін – холинолитикалық, 
антихолинэстеразалық және іш өткізетін дәрілік заттардың маңызы 
бар. Кейбір жағдайларда басқа дәрілік заттың әсерінен туындаған 
ішек флорасының өзгерісі препараттың әсерін өзгертеді. Мысалы, 
микробқа қарсы заттар ішектік микроағзалар мен К дәруменінің 
сіңірілуін төмендетеді ал, ішке қабылдайтын антикоагулянттардың 
әсерін күшейтеді.
Бірге қолданғанда дәрілік заттардың сіңірілу бұзылысының 
механизмін әр кезде түсіндіру мүмкін емес (мысалы, фенобарбитал 
әсерінен гризеофульвиннің сіңірілуінің төмендеуі, ацетилсалицил 
қышқылын қолданғанда индометацин мен диклофенактың 
абсорбциясының бұзылысы, ПАСҚ пен изониазидтің әсерінен 
рифампициннің абсорбциясының тежелуі). 


36 
Кейде дәрілік заттардың сіңірілуі басқа препараттарды 
парентеральды 
қолданғанда 
өзгереді. 
Анестезиология 
мен 
хирургиялық тәжірибеде жергілікті жансыздандырушы заттар мен 
тамыр тарылтатын препараттардың (адреналин, норадреналин) 
біріктіруі 
кеңінен 
қолданылады. 
Соңғысы 
жергілікті 
анастетиктердің сіңірілуін баяулатып, жансыздандыру ұзақтығын 
созады. Миокард инфаркты нде қолданатын ауырсынуды 
басатын заттар дигоксин мен дизопирамидтің сіңірілу жылдамдығы 
мен толықтылығын төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет