Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Клиникалық фармакология пәні мен оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Клиникалық фармакология пәні мен оның міндеттері 
Клиникалық фармакология дәрілік заттардың ауру адам 
ағзасына әсерін зерттейді. 
Клиникалық 
фармакологияның 
негізгі 
бөлімдері
фармакодинамика мен фармакокинетика болады. Фармакодинамика 
пәні — дәрілік заттардан алынатын тиімділік әсерлер жиынтығы 
мен оның әсер ету механизмдерін, ал фармакокинетика пәні — 
науқас ағзасына дәрілік заттардың ену жолдарын, таралуын, 
биотрансформациясын және шығарылуын зерттейді. Сонымен 
бірге, клиникалық фармакологтар кері реакцияларды, дәрілік 
заттардың әр түрлі жағдайларда (кәрі адамдарда, жүктілікте т.б.) 
препараттарды бірге қолданғандағы өзара әсерлесуін, тағамның 
дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер етуін зерттейді. 
Клиникалық фармакологияның салыстырмалы түрдегі жаңа бөлімі 
— фармакогенетика, оның міндеті организмнің дәрілік заттарға 
генетикалық негіздегі реакциясын анықтау болып табылады. 
Клиникалық фармакологияның негізгі міндеттері:

жаңа фармакологиялық заттардың клиникалық сыналуы; 

ескі препараттарды клиникалық зерттеуі мен қайта қаралуы; 

дәрілік заттарды қолданудың тиімді және қауіпсіз әдістерін 
құрастыру; 

әр түрлі мамандарға консультативті көмек пен ақпаратты 
қызметті ұйымдастыру; 

дәрігерлер мен студенттерді оқыту. 
 
Тәжірибеде клиникалық фармаколог келесі сұрақтардың 
шешімін табумен айналысады:

нақты науқас емінде дәрілік заттар таңдауы; 

ең ыңғайлы дәрілік түрі мен оларды қолдану тәртібін анықтау; 

препаратты енгізудің жолын таңдау; 

дәрілік заттың әсерін бақылау; 

дәрілік заттардың өзара әсерлесуінен болған жағымсыз 
зардаптары мен кері әсерлердің алдын-алу мен жою. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет