Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет6/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
ДЗ сорылуы 
 
Сорылу — дәрілік заттың енгізілген жерінен қанға жету үрдісі. 
Сорылу енгізу жолына, дәрілік заттардың енгізілген жеріндегі 
тіндерде ерігіштігі мен ондағы қан айналым ағысына байланысты 
болады. Көк тамыр мен артерия ішіне енгізгенде сорылу туралы 
айтуға келмейді — себебі, дәрілік зат толығымен және сол мезетте 
қан айналымға түседі. 
Көптеген дәрілік заттардың ас қорыту жолдарының шырышты 
қабатынан өте алуы олардың липидтерде ерігіштігі мен ионизацияға 
қабілеттілігі арқылы анықталады. Кейбір дәрілік заттар белсенді 
тасымалдау арқылы сорылады. Ішке қабылдаған дәрілік заттардың
асқазан-ішек жолдарының әр түрлі бөлімдерінде абсорбция 
жылдамдығы бір бірінен ерекшеленеді. 
Асқазан мен/немесе ішектің қабырғасы арқылы өткен соң 
дәрілік зат бауырға келеді. Кейбір дәрілік заттар бауыр 
ферменттерінің әсерінен кейін әжептәуір өзгерістерге ұшырайды 
(“біріншілік өту әсері”). Осыған байланысты, жеткілікті әсер алу 


14 
үшін, кейбір препараттардың (пропранолол, аминазин, опиаттар) 
ішке қабылдағандағы мөлшері, көк тамырға енгізгендегі мөлшеріне 
қарағанда, жоғарырақ болуы керек. Сорылу үрдісінде бауыр арқылы 
біріншілік өту кезіндегі заттар биотрансформациясын жүйе алды
метаболизм деп аталады. Жүйе алды метаболизм қарқындылығы 
бауырдағы қан ағу жылдамдығына тәуелді. 
Дәрілердің асқазан мен ішектерде сорылу үрдісіне рН әсер 
етеді, ол асқазанда 1-3, он екі елі ішекте — 5-6, ал ащы мен тоқ 
ішекте — 8 маңында болады. Қышқылдар асқазанда, ал негіздер — 
ащы мен тоқ ішекте жақсы сорылады. Асқазанның қышқылды 
ортасында кейбір дәрілік заттар ыдырауы мүмкін. 
Дәрілік заттарға тағы да асқазан-ішек жолдарындағы 
ферменттері де әсер етеді, олар ақуыздар мен полипептидтерді 
(АКТГ, вазопрессин, инсулин т.б.) тағы басқа заттарды 
(прогестерон, тестостерон, альдостерон) белсенділігін төмендетеді. 
Өт қышқылдарының тұздары дәрілік заттардың сорылуын 
жеделдетуі немесе ерімейтін қосылыстар түзгенде бәсеңдетуі 
мүмкін. 
Дәрілік 
заттар 
сорылуына 
асқазан-ішек 
жолдарының 
моторикасы, тағамның көлемі мен құрамы, қабылдаған сұйықтық 
мөлшері, тағам мен дәріні қабылдау аралығы да әсер етеді. 
Осылайша, сүт тетрациклиндер, ампициллин мен амоксициллиннің 
сорылуын бұзады. Тағы да мынаны ескеру керек, тағам асқазан сөлі 
мен тұз қышқылының бөлінуін ынталандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет