Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


 Амбулатория жағдайында ауруханадан тыс пневмонияның



Pdf көрінісі
бет60/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

1. Амбулатория жағдайында ауруханадан тыс пневмонияның 
антибактериялды терапиясы 
 
Амбулаторлық тәжірибеде микробқа қарсы ДЗ ауыз арқылы 
тағайындаудың артықшылығы бар. ДЗ таңдау кезінде ауыз арқылы
пенициллиндер немесе II кезеңдік цефалоспориндерге артықшылық 
беріледі. Дәріні ішке қабылдауға мүмкін болмаған кезде 
антибиотиктерді парентеральдық жолмен енгізу ақталған болып 
саналады. 
Қосалқы ауруы жоқ, 60 жастан кіші науқастардың ауыр 
емес ауруханадан тыс пневмониясының терапиясы 
1. ДЗ таңдау: 
- Амоксициллин ішке 0,5-1,0 г 3 рет күніне, 7-10 күн
немесе
- Азитромицин ішке бірінші күні 0,5 г 1 рет күніне, содан кейін 0,25 
г 1 реттен 4 күн
немесе
- Кларитромицин ішке 0,5 г 2 рет күніне, 7- 10күн
немесе
- Рокситромицин ішке 0,15 г 2 рет күніне, 7-10 күн
немесе
2. Баламалы ДЗ (этиологиясы атипті түріне күмән туындағанда): 
- Доксициклин ішке 0,1 г 2 рет күніне, 7-10 күн
немесе 
- Левофлоксацин ішке 0,5 г 1 рет күніне, 7-10 күн
60 жастан асқан және/немесе қосалқы а уыруы бар 
нақастардың ауруханадан тыс пневмонияның терапиясы 
 


119 
1. ДЗ таңдау: 
- Амоксициллин/клавуланат ішке тамаққа дейін немесе кейін 500 
мг/125 мг немесе 875мг/125 мг 3 рет күніне немесе 1г 2 рет күніне,
7-10 күн
немесе
- Цефуроксим ішке тамақтан кейін 0,5 г 2 рет күніне, 7-10 күн
2. Баламалы ДЗ : 
- Левофлоксацин ішке 0,5 г 1 рет күніне, 7-10 күн
немесе 
- Цефтриаксон бұлшық етке 1-2 г 1 рет күніне, 7-10 күн
2. Стационар жағдайында ауруханадан тыс пневмонияның 
антибактериялдық терапиясы
 
Госпитализация жасалған науқастарда жиі пенвмонияның ауыр 
ағымды түрі байқалады, сондықтан сатылы терапия қолданған 
мақсатқа сай болады, яғни емді парентералдық антибиотиктерден 
бастайды, содан соң 3-4 күнде белгілі клиникалық тиімділікке қол 
жеткізгенде (қызбаны қалыпқа келтіру, интоксикация және басқа 
ауру симптомдарының төмендеуі) антибиотиктерді парентералдық 
енгізу жолынан ауыз арқылы енгізуге антимикробты терапияның 
толық курсы аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Пневмонияның 
жеңіл ағымында госпитализацияланған науқастарды антимикробты 
препараттарды пероральдық жолмен қабылдаудан бастаған жөн 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет