119
1. ДЗ таңдау:
- Амоксициллин/клавуланат ішке тамаққа дейін немесе кейін 500
мг/125 мг немесе 875мг/125 мг 3 рет күніне немесе 1г 2 рет күніне,
7-10 күн
немесе
- Цефуроксим ішке тамақтан кейін 0,5 г 2 рет күніне, 7-10 күн
2. Баламалы ДЗ :
- Левофлоксацин ішке 0,5 г 1 рет күніне, 7-10 күн
немесе
- Цефтриаксон бұлшық етке 1-2 г 1 рет күніне, 7-10 күн
2. Стационар жағдайында ауруханадан тыс пневмонияның
антибактериялдық терапиясы
Госпитализация жасалған науқастарда жиі пенвмонияның ауыр
ағымды түрі байқалады, сондықтан сатылы терапия қолданған
мақсатқа сай болады, яғни емді парентералдық антибиотиктерден
бастайды, содан соң 3-4 күнде белгілі клиникалық тиімділікке қол
жеткізгенде (қызбаны қалыпқа келтіру, интоксикация және басқа
ауру симптомдарының төмендеуі) антибиотиктерді парентералдық
енгізу жолынан ауыз арқылы енгізуге антимикробты терапияның
толық курсы аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Пневмонияның
жеңіл ағымында госпитализацияланған науқастарды антимикробты
препараттарды пероральдық жолмен қабылдаудан бастаған жөн
болады.
Достарыңызбен бөлісу: