Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет59/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Жіктелуі 
1. Ауруханадан тыс пневмония жиі кездесетін түрі, 
стационардан тыс "үй жағдайында" дамиды. 
2. Ауруханаішілік (госпиталдық, нозокомиалды) пневмония 
науқас стационарға түскеннен кейін 48-72 сағаттан соң дамиды. 
Пневмонияның бұл түрінің меншікті үлесі барлық аурудың 10-15% 
алады, бірақ пневмонияның осы түрінің негізгі себебі болып 
табылатын 
граммтеріс 
микрофлораның 
антибактериалдық 
терапияға вируленттілігі мен резистенттілігінен өлім жағдайы 30-
50% немесе одан көп жағдайды құрайды. 
3. "Атипиялық" пневмония – жасушаішілік (атипиялық) 
қоздырғыштардың (легионелла, микоплазма, хламидия және т.б.) 
әсерінен дамиды.
4. Науқастың иммунды тапшылық жағдайында туындаған 
пневмониялар. 
Диагностикалық өлшемдер 
Ауруханадан тыс пневмония дене қызуының 39—40°С-қа 
дейін көтерілуі, қалтырау сезімі, тез дамитын интоксикация, 
ентігумен жедел басталады (бірнеше сағат ішінде). Жөтел (басында 
кұрғақ, содан кейін қан немесе шырышты-іріңді қақырық) дем алу 
кезінде көкірек қуысында ауырсыну сезімі пайда болады. Өкпенің 
аускультациясында аурудың бірінші сағаттарында зақымдалған 
аймақта әлсіреген немесе бронхиалды тыныс, сосын оған 
крепитация, көпіршікті ылғалды сырыл қосылады.
Перкуссия 
кезінде 
пневмония 
аймағында 
перкуторлы 


117 
дыбыстың бәсеңдеуі байқалады. Плеврит дамыған жағдайда өкпе 
қабының үйкелісі байқалуы мүмкін. 
Кеуде қуысының рентгенографиясы кезінде инфильтрацияның 
ошақты немесе бөліктік фокусы, кейде плевралық сұйқтықтың 
жиналуы байқалады.
Қан анализінде солға жылжыған лейкоцитоз байқалады және 
анемия болуы мүмкін. 
M. pneumoniae және C. Pneumoniae тудырған атипиялық 
пневмония бірте-бірте басталып, кейде бірнеше күн субфебрильді 
қызба және өнімсіз жөтелмен ұласады. 
Пневмонияның ағымының аурлығының өлшемі: 
1) жеңіл ағымы – айқын емес интоксикация сиптомдары, 
субфебильді 
дене 
қызуының 
жоғарылауы, 
тыныс 
алу 
жеткіліксіздігінің және гемодинамика бұзылысының жоқтығы, 
бірінші сегмент маңайында өкпелік инфильтрация, лейкоциттер 9,0 
- 10,0 х 10
9
/л, қосалқы ауруы жоқ; 
2) орташа деңгейлі ағымы: шамалы түрде интоксикация 
симптомдары, дене қызуы 38°С дейін көтерілуі, 1-2 сегмент 
шамасында өкпелік инфильтрат, ТАС 22/мин дейін, ЖЖЖ 100 
соғ/мин дейін, асқынулар жоқ; 
3) ауыр ағымды пневмония: науқастың жағдайы ауыр, айқын 
интоксикация симптомдары, дене қызбасы > 38,0°С, II-III деңгейлі 
тыныс алу жеткіліксіздігі, гемодинамика бұзылысы (АҚ<90/60 мм 
сын. бағ, ЖЖЖ 100 соғ/мин жоғары, септикалық шок, вазопрессор 
қажеттілігі туындайды), лейкопения 4,0 х10
9
/л төмен немесе 
лейкоцитоз 20,0 х 10
9
/л піспеген нейторфилдер саны 10% көп, 
көпбөліктік, екіжақты пнимониялық инфильтрация, үдерістің тез 
дамуы (48 сағат бақылау ішінде) инфильтрация аймағының 50% 
және одан да көп жоғарылауы, плевралық сұйықтық, абсцесске 
айналуы, азот несепнәр >10,7ммоль/л, ШТҰ-синдромы, сепсис, 
кейбір ішкі мүшелер мен жүйелердің жеткіліксіздігі, есінің 
бұзылуы, қосалқы ауруларының асқынуы. 
Емі 
Емнің мақсаты: 
1. Қоздырғыштың эрадикциясы
2. Ауру сиптомдарын төмендету 


118 
3. 
Зертханалық 
көрсеткіштерді 
және 
функционалдық 
бұзылыстарды қалпына келтіру. 
4. Өкпе тініндегі инфильтративті өзгерістердің қалпына келуін 
қамтамасыз ету
5. Аурудың асқыныстарын алдын алу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет