352
Қашықтықтан дәріс берудің негізгі әдістері:
– электрондық беттерді мәтіндермен және суреттермен ауысты-
ру. Бір беттің екінші бетіне өту «жалғастыру» түймесін басу
арқылы жүзеге асырылады.
– ұсынылған материал бойынша
сұрақтармен байланысты
электрондық беттердің ауысуы. Келесі бетке өту сұраққа дұрыс
жауап бергеннен кейін жүзеге асырылады және интернет-
ресурстардың тестілері қолданылады.
– ұсынылған материал бойынша сұрақтармен байланысты
электрондық беттердің ауысуы.
Оқу материалын игеру үшін дәріс беттерінде өзін-өзі бақылауға
арналған сұрақтар немесе тақырып бойынша тест тапсырмалары
болуы керек.
Біз оны мойындағымыз келсе де, келмесе де бұл бағдарламаланатын
оқытудың негізі болып табылады.
Тиімді қашықтықтан дәріс құрудың әдістері мен тәсілдері қандай?
Қашықтықтан оқыту жүйесінің алғашқы нұсқаларында «дәріс»
ресурсы «сабақ» деп аталды. Біздің ойымызша, бұл –
ресурстың
нақты атауы. Сабақ уақытпен шектелмейді, оны бірнеше рет өткізуге
болады, онда қашықтықтан оқытудың педагогикалық негіздеріне
сәйкес анықтамалықтарға, презентацияларға,
бейнелерге және басқа
да интернет-ресурстарға сілтемелер бар.
Бірнеше оқу парақтарынан тұратын дәрістің сызықтық сызба-
нұсқасын қолдануға болады немесе білім алушы үшін әртүрлі жолдар
мен нұсқаларды қамтитын күрделі сызбанұсқасын жасауға болады.
Белсенді өзара әрекеттесу және білім алушылардың дәрісті түсінуін
бақылау үшін «бірнеше таңдау», «сәйкестік», «қысқа жауап» секілді
тақырыпты бекіту сұрақтарын қолдану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: