Цифровая дидактика indd


 «Рефлексия немесе ойлау» үшінші кезеңінің функциялары



Pdf көрінісі
бет222/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

7.6 «Рефлексия немесе ойлау» үшінші кезеңінің функциялары
Үшінші кезеңнің функциялары «Рефлексия немесе ойлау» 
(
re fle ction
). Рефлексивті ойлау дегеніміз – сіздің зейініңізді 
жұмылдыру. Бұл мұқият өлшеу, бағалау және таңдауды білдіреді.
Рефлексия процесінде жаңа ақпарат жеке білімге айналады. Сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының алғашқы екі кезеңінің 
функцияларын талдай отырып, шын мәнінде рефлексивті талдау 
мен бағалау жұмыстың барлық кезеңдеріне енеді деген қорытынды 
жасауға болады. Алайда, ізденіс және іске асыру сатысындағы рефлек-
сия басқа формалар мен қызметтерге ие.
Үшінші кезеңде процестің рефлексиясы білім алушылар мен педа-
гог қызметінің негізгі мақсатына айналады.


382
 
 

Көбінесе егжей-тегжейлі рефлексияға уақыт қалмайды. Сабаққа, ең 
алдымен, жаңа материалды ұсынуға көп көңіл бөлінеді. 
Білім алушылар әдетте осы қадамнан кейін оларға «Қандай ақпарат 
сіздің назарыңызды аударды?», «Сіз осы мәтінді оқудағы ойды бөліп 
көрсету үшін не істедіңіз?» деген сияқты сұрақтарға дайын емес.
Мұғалімнің сабақ барысында туындаған сұрақтар бойынша 
жұпта немесе топта өз пікірлерімен бөлісуді ұсынуы одан да үлкен 
зейін тудыруы мүмкін.Бұл жағдайда жауаптар алуан түрлілігі мен 
мағыналық қанықтылығымен ерекшеленбейді. Білім алушылардың 
біразы тыңдаушыларға немесе мұғалімге жаңа материалды игеру 
кезінде туындаған қиындықтар немесе оның қызықты жерлері 
туралы сұрақтар қоя алады.Сұрақтардың көпшілігі түсіндірме 
немесе фактологиялық категориядан тұрады. Мұның бәрі оқудағы 
рефлексияның құбылыстық түрде жүзеге асырыла алмайтындығының 
куәсі.Ол жұмыстың барлық кезеңдері үшін жүйелілікті, сонымен қатар 
әдістемелік реттілікті қажет етеді.
Рефлексивті талдау жаңа материалдың мағынасын ашуға, одан 
әрі оқу бағдарын құруға бағытталған (бұл түсінікті, бұл түсініксіз, 
бұл туралы көбірек білу керек, осыған байланысты сұрақ қойған 
дұрыс болар еді және т.б.). Бірақ бұл талдау ауызша немесе жаз-
баша түрге ауыстырылмаса, оның пайдасы мол болмайды. Өзін-өзі 
түсіну барысында саналы болған ой хаосы жаңа білімге айнала оты-
рып құрылымдалатындығы вербалдау процесінде белгілі болды.
Пайда болған сұрақтар немесе күмәндар шешілуі мүмкін.Сонымен 
қатар, оқылған немесе естігендер туралы пікір алмасу процесінде 
білім алушылар бір мәтіннің формасы мен мазмұны жағынан әртүрлі 
бағалауға себеп болатындығын түсінуге мүмкіндік алады. Басқа 
білім алушылардың кейбір үкімдері өзінікі ретінде қабылдауға өте 
қолайлы болып шығуы мүмкін. Басқа үкімдер талқылау қажеттілігін 
тудырады. Қалай болғанда да, бұл рефлексия сыни тұрғыдан ойлау 
дағдыларын дамытуға белсенді ықпал етеді.
Білім алушылардың білімінің дамуын қадағалаудың маңыздылығы 
күмән тудырмайды. Бұл дамудың механизмін келесідей ұсынуға 
болады:
– бар білімді өзектендіру, білімдегі қиындықтар мен олқылықтарды 
анықтау, сұрақтарды тұжырымдау. Оқу іс-әрекетінің мақсатын 
бекіту нәтижесі.
– жаңа ақпаратпен танысу, оның бар біліммен байланысы, бұрын 
қойылған сұрақтарға жауап іздеу, қиындықтар мен қарама-
қайшылықтарды анықтау, мақсаттарды түзету.


383
– жаңа ақпаратты қорыту және жүйелеу, оны бағалау, бұрын 
қойылған сұрақтарға жауап беру, сұрақтарды тұжырымдау, оқу 
қызметінің жаңа мақсаттарын бекіту.
Рефлексия сатысында білім алушылар жаңа ақпаратты өздеріндегі 
бұрыннан бар ұғымдарға қатысты, сонымен қатар білім категорияла-
рына сәйкес жүйелейді (әртүрлі дәрежедегі түсініктер, заңдар және т.б. 
заңдылықтар, маңызды фактілер). Сонымен бірге, осы кезеңдегі жеке 
және топтық жұмыстардың үйлесуі мақсатқа сәйкес келуі тиіс. Жеке 
жұмыс процесінде (әртүрлі жазу түрлері: эсселер, түйінді сөздер, 
материалды графикалық ұйымдастыру және т.б.) білім алушыларбір 
жағынан зерттелетін тақырыптың мәнін түсіну үшін маңызды,сонымен 
қатар жеке мақсаттар үшін емес, қойылған мақсаттарды орындау үшін 
ең аз маңыздыақпаратты таңдап алады.
Екінші жағынан, олар жаңа идеялар мен ақпараттарды өз сөздерімен 
білдіреді, өз бетінше себеп-салдарлық қатынастарды құрады. Білім 
алушыларөз сөзімен түсінгендерін жақсы есте сақтайды. Бұл түсінік 
ұзақ мерзімді сипатқа ие. Білім алушы өзінің сөздік қорын қолдана 
отырып, түсінуді қайта құрған кезде, жеке мағыналы контекст 
құрылады.
Жазбаша формалармен қатар ауызша рефлексияның маңызы зор. 
Дж.Стилмен оның әріптестері (және оқу мен жазу арқылы сыни 
ойлауды дамытатын педагогикалық технология авторлары) білім 
алушылар арасында қызу пікір алмасу оқылатын тақырыпқа деген 
қызығушылықты кеңейтуге, сондай-ақ әртүрлі ұғымдармен танысуға 
мүмкіндік береді деп есептейді. Рефлексия кезеңіндегі диалогқа 
рұқсат бере отырып, педагог бір сұрақ бойынша пікірлердің әртүрлі 
нұсқаларын көруге және қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін дамыту үшін рефлексия кезеңінің 
маңыздылығын атап өттік. Бұл тұрғыда рефлексия оқытудың 
нәтижелерін бақылау үшін маңызды. Бұл кезеңнің оқыту үдерісін, 
ойлау мен белсенділікті қадағалаудағы рөлі де маңызды. К.Роджерс 
оқытудың әдісі – ол күмәндарыңызды анықтап, түсініксіз мәселелерді 
анықтауға тырысу және осылайша жаңа тәжірибелердің мағынасына 
жақындау деп жазды. Бұл ой рефлексивті оқытудың мәнін түсінуге 
көмектеседі. Кезеңдерді, олардың қызметінің механизмін қадағалау 
білім алушыға академиялық және ғылыми таным әдіснамасын 
түсінуге көмектеседі.
Дж.Стил мен оның әріптестері оқытушылық ашық болған кезде, 
оқушылар оқу процесінің қалай жүріп жатқанын көрген кезде сапалы 
болатындығын атап көрсетеді.


384
 
 

Бұл тұрғыда ревлексия сатысын жүзеге асыру механизмдері 
келесідей іске асырылады.
7.2-кесте – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет