Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет4/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Территориялық аумағы
– 9,6 млн. км². 
Қытайдың әкімшілік бӛлінуі. 



Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Қытайды саяси 
біріктіру мәселесі қайта қойылды. Елдегі үстемдік үшін екі басты күш 
– ҚКП мен Гоминьдан ӛзара күрес жүргізді.
1946 жылдың мамырына дейін КСРО мен Қытай арасындағы 
келісім бойынша Маньчжурия территориясында кеңес әскерлері 
болды. Бұл аудандарды Маньчжоу-го мемлекеті ӛмір сүрген кезеңде 
жапондықтар Қытай ӛнеркәсіп ӛнімінің барлық кӛлемінің шамамен 
1/5 бӛлігі тиесілі болған елдің экономикалық дамыған ауданына 
айналды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары және соғыстан кейінгі 
жылдары Қытай дүние жүзінде экономикалық жағынан артта қалған 
елдердің бірі болды. 1949 жылғы мәлімет бойынша ҚХР-ның 
ӛнеркәсібі ұлттық ӛнімнің тек 17%-ын ғана берді. Кеңес 
ғалымдарының бағалауы бойынша, жартылай отар Қытай ӛзінің 
ӛнеркәсіптік дамуында экономикалық дамыған аудандардан кем 
дегенде 100-150 жылға артта қалған. Мысалы, 1933 жылы Қытай 
болат балқытудан Үндістаннан 28 есе артта қалды. Ел ӛнеркәсібінің 
негізгі бӛлігі екі қалада – Шанхай мен Тяньцзинде (ӛнеркәсіптің 60%-
ы) шоғырланды.
КСРО мен Қытай Қытай-Чаньчун теміржол торабын бірігіп 
басқаруға қайта кіріседі, кеңес мамандары Маньчжурияның қираған 
объектілерін қалпына келтіруге кӛмектесті.
Чунциндағы 1945 жылғы 10 қазандағы ҚКП мен Гоминьданның 
келіссӛздерінің нәтижесінде бейбітшілік пен ұлттық бірліктің 
орнатылуы және «саяси қамқорлық» режимінен демократиялық 
республикаға кӛшу үшін Саяси кеңесті шақыру туралы келісімге 
келеді. 
Алайда 
келіссӛздерге 
қатысушылар 
ҚКП 
қарулы 
құрылымының болашақ статусы туралы келісімге келе алмады. Чан 
Кайши олардың таратылуын және азат етілген аудандардағы билікті 
оның үкіметіне берілуін талап етті. Мао Цзэдун бұған бара алмады 
және қарсылықпен жауап берді. Сол кезде АҚШ қолдауына арқа 
сүйеген Гоминьдан кӛсемі коммунистер бақылауында болған 
аудандарда бірқатар басқыншылық операцияларын жүзеге асыру 
әрекетін қолданды. Ел тағы да азамат соғысы шегінде тұрды.
1945 жылдың соңында Сыртқы істер министрлер кеңесінің 
жұмысы кезінде КСРО, Ұлыбритания және АҚШ Қытайда азамат 
соғысын болдырмау қажеттілігі және неғұрлым тезірек кеңес және 
американ әскерлерін шығару туралы шешім қабылдайды. Осы кезден 
бастап ішкіқытайлық келіссӛздер жанданды және 1946 жылы 10 
қаңтарда Саяси консультативтік конференция ӛз жұмысын бастады. 
Оған қатысушылар жарты мүшелері Гоминьдандықтардан және 



жартысы ҚКП мен басқа да саяси ұйымдардан тұратын Қытай 
республикасының Мемлекеттік Кеңесін құру туралы шешім 
қабылдайды.
Сыртқы қызығушылық танытқан күштер үшін сол кездегі 
жағдай әлі де айқын болмады. Қытай территориясында әскерлері 
болған АҚШ елде ӛз позицияларын нығайтуға ұмтылып, 150 мың 
солдатты оқытып және 45 дивизияны қаруландырып, Гоминьдан 
армиясын дайындауға қатысады. КСРО Чан Кайши режимімен 
қатынастарын сақтай отырып, әлі де қытай коммунистерін қолдауға 
ниет білдірген жоқ. АҚШ президенті Трумэнге сияқты И.В.Сталин 
үшін сол кез біріккен Қытай коалициялық үкіметін құру неғұрлым 
сәтті кезең деп білді. Алайда жағдай мүлдем басқа бағытта дамыды.
1946 жылдың жазында ҚКП бақылап отырған аудандарға 
гоминьдандық әскерлердің басып кіруі басталады. Бұл азамат 
соғысының жандана түскендігін білдіретін еді. 1947 жылдың 
ортасына дейін жалғасқан бірінші кезеңде АҚШ қолдаған жақсы 
қаруланған Чан Кайши армиясы жеңіске жетеді. ҚКП әскерлері 
бақылап отырған Орталық жазықтағы (Янцзыдан солтүстікке қарай) 
аудандарды 
тартып 
алғаннан 
кейін, 
1946 
жылы 
күзде 
гоминьдандықтар 
Ішкі 
Моңғолиядағы 
әкімшілік 
орталық 
Чжанцзянкоуды басып алады. Алайда олардың басты жетістігі – 1947 
жылдың кӛктемінде ҚКП-ның штаб-пәтері – Яньань қаласын басып 
алуы болды. КСРО-ның кӛмегімен қарулы коммунистер күші қайта 
құрылып, 1947 жылы шілдеде олар гоминьдандықтардан Маньчжурия 
территориясының бір бӛлігін және барлық Орталық жазықтықты 
тартып алады.
Азамат соғысы барысында коммунистердің партизандық соғыс 
әдісін жүзеге асыру ойлары толықтай ақталды. Гоминьдандықтар 
бақылауындағы территорияларда жаудың күші мен техникасын жою 
операциялары кең кӛлемде жүзеге асырылып отырды.
АҚШ Чан Кайши режиміне кӛмек кӛрсету жоспарын жасап 
шығарды. Мысалы, Солтүстік-Шығыс Қытайға КСРО, АҚШ, 
Ұлыбритания және Францияның біріккен протекторатын орнату 
идеясы ұсынылды. Одан басқа, Гоминьдан армиясына кең кӛлемді 
әскери кӛмек кӛрсету кеңейтілді. Неғұрлым радикалды нұсқа – 
Қытайға американдық қарулы күштерді бағыттау техникалық 
себептерге байланысты жүзеге асырылған жоқ: бұл кезеңде АҚШ-да 
армияда қысқартулар жүреді, сонымен қатар қоғамдық ой Чан Кайши 
режимін қолдауға мүдделі болмады.



Бірақ соған қарамастан, 1947 жылдың басында Қытайда АҚШ 
армиясының 100 мыңға жуық қарулы күштері болды. Американдық 
әкімшілік ең алдымен Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қытай 
аудандарына соңғы үлгідегі қаруларды жіберіп отырды. 1947 жылы 
шілде-тамыз айларында ГМД Тайваньда, Гуанчжоуда, сонымен қатар 
Батыс және Солтүстік Қытайдағы бірқатар аудандарда американдық 
базаларды құруға келісімін береді.
Соғыстың соңғы қорытындыларын айқындап берген шешуші 
шайқастар 1948 жылдың аяғында – 1949 жылдың бірінші жартысында 
ӛтеді. Коммунистер ӛздерінің қарулы күштерін тӛрт армияға бӛледі. 
Пэн Дэхуай басқарған бірінші армия елдің солтүстік-батыс бӛлігіне, 
Лю Бочэннің екінші армиясы Орталық Қытайға, Чэнь И бастаған 
үшінші армия шығысқа, ал Линь Бяо басшылығындағы тӛртінші 
армия Маньчжурияға орналастырылады.
Алғашында коммунистер Шэньян аудандарында жеңіске жетсе, 
кейіннен Чаньчуньды басып алады. Осылайша, олар Солтүстік-
Шығыс Қытайға ӛз бақылауларын орнатады.
Қолайсыз жағдайда қалған Чан Кайши 1949 жылы қаңтарда 
АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшыларына ҚКП-мен бейбіт 
келісім жасасуға кӛмек кӛрсетуді сұрайды. Алайда КСРО басшылығы 
Қытайда болып жатқан барлық «ішкі істерден» бас тартатындығын 
мәлімдейді. 21 қаңтарда Чан Кайши Қытай Республикасы 
президенттігі қызметінен кететіндігі туралы мәлімдейді. Оның 
орнына вице-президент Ли Цзунчэнь келеді.
Солтүстік Қытайдағы шайқастар ҚКП үшін стратегиялық 
маңызды аудан Пекин-Тяньцзинге бақылаудың орнатылуымен 
аяқталады. Бірмезгілде Пекиннен оңтүстікке қарай, Сюйчжоу 
қаласының маңында коммунистерге Шанхайға, Нанкин мен Уханьға 
жол ашқан шайқастар болып, кӛп ұзамай олар бұл қалаларды басып 
алады.
1949 жылы шілдеде Москваға Лю Шаоци бастаған ҚКП 
делегациясы келеді. И.В.Сталинмен кездесуде олар Тайвань мен 
Гонконгты азат ету операциясында коммунистердің авиациясы мен су 
асты кемелерін қолдауды ӛтінеді. Алайда кеңес басшысы мұндай 
маңызды қадам жасауға келіспейді.
1949 жылдың күзіне қарай тек Тайвань мен Тибет қана ҚКП-
ның бақылауынан тыс болды. Бұдан басқа, Гонконг және Макао 
Ұлыбритания мен Португалияның бақылауында қала берді.
1949 жылы қыркүйекте Пекинде Халықтық Саяси Кеңестің 
отырысы ӛтіп, оның құрамына гоминьдандықтарға қарсы саяси күш 
ӛкілдері кіреді. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық 



Республикасының құрылғандығы туралы салтанатты түрде жария 
етіледі. 1951 жылы ҚХР-на Тибет автономды аудан ретінде қосылады. 
Коммунистердің билікке келуі Мао Цзэдун жетекшілігімен «жаңа 
демократия» мемлекетінің теориясына сәйкес биліктің жоғары 
органдарының қалыптасуымен қатар жүрді. Ол 1954 жылдың күзіне 
дейін Негізгі Заң ролін атқарған Халықтық Саяси Консультативтік 
Кеңестің Жалпы бағдарламасында бекітілді.
1949-1954 ж.ж. Жоғары билік органы Мао Цзэдун басқарған 
ҚХР-ның Орталық Халық Үкіметі (ОХҮ) болды. Формальды ОХҮ 
коалициялық болды. Оған ҚКП мүшелерімен қатар ГМД-ға қарсы 
саяси қайраткерлер де болды. Алайда олардың үлес салмағы маңызды 
министрліктерде айтарлықтай кӛп болған жоқ. Одан басқа, 
коммунистер ӛздеріне армияны, ішкі істер және мемлекеттік 
қауіпсіздік органдарына толық бақылауды сақтап қалды. 
1949 жылдың соңында Мао Цзэдун Москваға келіп, мұнда 1950 
жылдың ақпан айының ортасына дейін болды. Кеңес басшылығымен 
жасалған келіссӛздер барысында екіжақты және халықаралық 
мәселелер кең түрде талқыланып, нәтижесінде КСРО мен ҚХР-ның 
арасында 30 жыл мерзімге «Достық, одақ және ӛзара кӛмек туралы 
Келісімге» қол қойылды. Оның негізінде формальды түрде 1980 
жылдарға дейін сақталған 50 ж.ж. соңына дейінгі екіжақты 
байланыстар құрылды.
Кеңес-қытай келісімімен бірмезгілде ҚХР-на 300 млн.доллар 
мӛлшерінде несие және оның территориясында 50 ірі ӛнеркәсіп 
объектілерінің құрылысын салуға кӛмек беру туралы келісім 
жасалды.
1950 жылдың жазында аграрлық реформа туралы Заң жүзеге 
асырылып, ол бойынша помещиктік жер иелену жойылды. Бұған қоса 
оның айтарлықтай бӛлігі ұлттандырылды, ал қалғаны шаруалар 
иелігіне берілді. Бұл кампания 1953 жылдың кӛктеміне дейін 
жалғасты.
Қалаларда параллельді түрде ірі ұлттық буржуазия және 
шетелдік 
капитал 
меншіктерін 
конфискациялау 
жүргізілді, 
экономиканың мемлекеттік секторы құрылды. 1952 жылға қарай оның 
үлесі ӛнеркәсіп ӛнімінің жалпы кӛлемінің 60%-ға жуығын құрады.
Кеңес мамандарының кӛмегімен 1951 жылы елде біртұтас 
экономикалық кеңістік құру үрдісіне әсер еткен ҚХР экономикалық 
дамуының жылдық жоспары жасалды. 1951-1952 ж.ж. ҚКП 
бастамасымен формальды түрде коррупциямен және бюрократизммен 
күреске бағытталған идеологиялық кампания жүргізілді.


10 
«Ӛтпелі кезеңнің» аяқталуынан кейін 1952 жылы ҚКП жаңа 
«бас бағытты» қозғады, оның мәні ӛндірісте және ауылшаруа-
шылығында социалистік қайта құруларға кӛшу болды. Ұзақ мерзімде 
жүзеге асыру қарастырылды. 
1953-1957 ж.ж. КСРО-ның белсенді түрде экономикалық кӛмек 
кӛрсетуі нәтижесінде Қытайда бірінші бесжылдық жоспары жүзеге 
асырылды. Кеңестік кӛмек нәтижесінде 156 ӛнеркәсіп объектісі 
салынды. 1957 жылы олардың 68-і пайдалануға берілді.
1953 жылдан бастап үкімет халықтан астық, техникалық 
дақылдар, ал кейіннен мақта және маталарды сатып алуға 
мемлекеттік монополия енгізді. Ауылдық жерлерде жерге әлі де 
шаруалар меншігі сақталған кооперативтер құрылды. 1955 жылға 
қарай олар 15%-ға дейінгі шаруашылықты қамтыды. Одан кейін 
келесі кезең орнады – қоғамдық меншікте жерлер, сондай-ақ ӛндіріс 
құралдары болған «жоғары типтегі» кооперативтер құру. Бұл 
кооперативтердің басым кӛпшілігінде техниканың тӛмен деңгейі және 
шаруашылықты жүргізудің артта қалған әдістері байқалды. Соған 
қарамастан, азық-түлік дақылдарын жинау бесжылдық жылдары 20%-
ға артты.
Бұл кезде қалаларда ұлттық буржуазия сауда саласынан 
ығыстырылды, ал жеке капиталдың бақылауында болған барлық 
ӛнеркәсіп орындарының ¾-і мемлекеттік тапсырыстарды орындауға 
мәжбүр болды. 1956 жылы олардың барлығы аралас болып қайта 
құрылды және толығымен мемлекет бақылауына қойылды.
Бесжылдық жылдары ӛнеркәсіп ӛндірісінің жалпы кӛлемі 141%-
ға ӛсті, ҚХР-ның машина және құрылғыларға қажеттілігі 60%-ға 
қанағаттандырылды. Бұл жылдары мыңдаған қытайлық мамандар 
КСРО-да білімдерін жетілдірді немесе ӛндірістік сараманнан ӛтті 
(олардың қатарында 1955 жылы Москвада тағылымдамадан ӛткен 
ҚХР Тӛрағасы Цзян Цзэминь, және москвалық жоғары оқу 
орындарының бірін аяқтаған Ли Пэн болды). Бірінші бесжылдық 
жылдары инженерлік-техникалық жұмысшылар саны үш еселенді.
Жұмыссыздық толығымен жойылды, қалаларда тұрғын үй 
құрылысын жүзеге асыру басталды, сауатсыздықты жоюда 
жетістіктерге қол жеткізілді.
ҚХР-ның ішкі және сыртқы саясатының одан әрі дамуына әсер 
еткен маңызды оқиға – В.И. Сталиннің қаза табуы болды. Мао Цзэдун 
үшін 
Сталинмен 
жақсы 
қарым-қатынаста 
болған 
кейбір 
саясаткерлерді шеттетуге мүмкіндік ашылады. 1953 жылдың соңында 
Солтүстік-Шығыс Қытайдан Гао Ган шақыртып алынады. 1954 жылы 
ақпан айында ӛткен ҚКП ОК-нің Пленумында ол тағы бір жетекші – 


11 
Жао Шушимен бірге «антипартиялық элемент» деп жарияланады. 
Кӛп ұзамай олар тұтқындалады. 1955 жылдың басында Гао Ган 
түсініксіз жағдайда қаза табады.
1954 жылы қабылданған Конституция мемлекеттің социалистік 
құрылымын нығайтты. Жоғары мемлекеттік органдар құрылымына 
ӛзгерістер енгізілді. ҚХР-сы Тӛрағасы қызметі енгізілді, жоғары 
ӛкілетті орган Жалпықытайлық халық ӛкілдері жиналысы деп аталды. 
Шынайы билік, басқа социалистік мемлекеттердегі сияқты, 
компартия құрылымында болды.
ҚХР-ның саяси ӛміріндегі маңызды оқиға 1956 жылы 
қыркүйекте ӛткен ҚКП-ның ҮІІІ съезінің бірінші сессиясы болды. 
Оның делегаттарына В.И.Сталиннің жеке тұлғасын айыптаған КПСС-
ң ХХ съезі үлкен әсер етті. Қытай коммунистері бұл шешімді 
қолдады, алайда толық кӛлемде кеңестік коммунистердің қадамдарын 
қайталамады.
1958 жылдың басында ҚПК ОК-нің жабық отырысында Мао 
Цзэдун бірнеше мәлімдемелер жасады, оның мәні халықты ішкі 
саясатта және экономикада жаңа бағытты қабылдау үшін дайындау 
болды. «Кедейшілік – бұл жақсы», «саясат – командалық күш» деген 
типтегі фразалар қытай халқын жақын болашақта күтіп тұрған жаңа 
қиын сынақтар туралы ой жүктеді.
Қытай Коммунистік Партиясының ҮІІІ съезінде кӛтерілген 
жоспарлы әрі қазіргі заманғы индустриалдық база жасау, ауыл 
шаруашылығын барынша дамыту орнына халық шаруашылығында 
«үлкен секіріс» ұраны кӛтерілді. Үкімет үш жылда елде коммунистік 
қоғамның негізін құруға ұмтылды. Мысалы, екінші бесжылдық 
жоспарын бір жылда орындау ұйғарылды, ауыл шаруашылық 
ӛнімдерін – 2,5 есе, ал ӛнеркәсіп ӛнімдерін үш жылда 6,5 есе арттыру 
кӛзделді. Осылайша, ӛнеркәсіп ӛнімінің жылдық орташа кӛрсеткіші 
45%-ы, ауыл шаруашылығында 20%-ы құрауы тиіс болды. Болат 
балқыту бесжылдық соңында жылына 80-100 млн.тоннаға дейін 
артуы тиіс болды.
1958 жылдың ортасынан бастап, Байдэйхэдегі отырыстағы 
сәйкесінше шешімнің қабылдануынан кейін, бұрынғы ауылшаруа-
шылық кооперативтерін біріктірген 26 мың «халық коммуналары» 
құрылды. Осындай типтегі «сынақтар» бірнеше айдан кейін алғашқы 
нәтижелерін берді – еңбек ӛнімділігі күрт қысқарды, жекелеген 
аудандарда аштық басталды.
«Үлкен секіріс» шеңберінде 1958 жылдың соңында «болат үшін 
күрес» басталды. Сол кезде металлургия туралы ешқандай түсініктері 
болмаған 90 млн.-нан астам адам бүкіл ел бойынша қолӛнер тәсілімен 


12 
шағын домен пештерін құрастырды. Осылайша, басшылықпен 
қойылған міндет шешілді – болат балқытуды екі еселеу. Нәтижесі 
ӛндірісіне үлкен кӛлемде тас кӛмір және темір рудасы шығындалған 
ӛте тӛмен сапалы ӛнімнің шығарылуы болды.
Ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жеңу бойынша шаралар 
одан әрі ойластырылмай жасалды. Мысалы, барлық Қытайда, Мао 
пікірі бойынша, күріш алқаптарына кесел келтірген және аштықтың 
орнауына себепкер болатын торғайларды жою бойынша шаралар 
жүргізілді. Нәтижесінде олардың барлығы дерлік «энтузиастардың» 
кӛптеген отрядтарымен құртылды, бірақ шегірткелер және басқа да 
ауыл шаруашылық зиянкестер санының артуымен мәселе одан әрі 
ушықты.
Бірақ бұл Мао Цзэдунды және оның кейбір жақтастарын 
тоқтатқан жоқ. Ӛткізіліп отырған бағытқа кейбір түзетулер енгізе 
отырып, олар бұрынғы саясатын тағы екі жыл жалғастырды. Бірқатар 
жетекші жұмысшылардың келіспеушіліктері әсіресе 1959 жылы жазда 
ӛткен ҚКП ОК отырысы барысында айқын кӛрінді. Оған 
қатысушылардың арасында қорғаныс министрі маршал Пэн 
Дэхуайдың Мао Цзэдун саясатын сынға алған хаты таратылды. Оны 
кейбір басқа партиялық және мемлекеттік қайраткерлер қолдады. 
Нәтижесінде олардың барлығы «партияға қарсы қызметке» 
айыпталды және жұмыстан аластатылды. Қорғаныс министрі 
қызметін Мао Цзэдун жақтасы маршал Линь Бяо иеленді. Кейбір 
мәліметтер бойынша, «үлкен секіріс» жылдары ҚХР-ның халық 
шаруашылығының ӛнімі үш есе, ұлттық табыс тӛрт есе қысқарған. 
Қандай да бір деңгейде орын алған олқылықтардан ӛзінен 
жауапкершілікті алуға тырысқан Мао Цзэдун 1959 жылы ҚХР 
Тӛрағасы қызметін партия бойынша ӛзінің орынбасары Лю Шаоциге 
босатты.
«Үлкен секіріс» барысында қалыптасқан онсыз да күрделі 
экономикалық жағдайды Н.С.Хрущевтің ҚХР-нан кеңес мамандарын 
1960 жылы маусымда кері шақырту жӛніндегі шешімі одан әрі 
шиеленістірді. Мао Цзэдунның ӛз қателіктерін оның еліне «тылдан 
соққы» берген КСРО-ға жауып тастауына айқын мүмкіндік туды.
1958 жылдан бастап ҚХР-ның сыртқы саясатының негізгі 
бағыттары біртіндеп ӛзгере бастайды. 1958 жылы тамызда қытай 
әскерлері Тайвань бұғазындағы Чан Кайши режимінің бақылау-
ындағы Цзиньмынь және Мацзу аралдарына оқ жаудырады. 
Осылайша, ҚХР басшылығы дүниежүзілік қауымдастыққа бұл 
территорияларға ӛз мүдделері туралы білдіреді. Бұл оқиға АҚШ-ның 
қатысуымен неғұрлым ауқымды әскери шиеленіске айналуға қалады. 
Сол кезде КСРО ҚХР-сын қолдайтындығы туралы мәлімдегеннен 
кейін соғыс қаупі жойылады.


13 
Бір жылдан кейін Үндістан шекарасында тағы бір шиеленіс 
орын алады. Оны да реттеуге мүмкін болды, бірақ екі ірі азиялық 
держава арасындағы қарым-қатынас ұзақ жылдар шиеленісті күйінде 
қала берді.
1958 жылдан бастап кеңес-қытай қатынастары да шиеленісе 
бастайды. Бұл әсіресе 1958 жылы мамырда Пекинге Н.С.Хрущевтің 
келуі кезінде және ҚХР-ның 10 жылдық мерейтойы кезінде айқын 
кӛрінді. Кеңес басшысы Мао Цзэдунның Қытайға атом қаруы 
технологиясы ӛнеркәсібін беру туралы сұранысын қанағаттан-
дырмайды. 1961 жылы күзде ӛткен КПСС-ң ХХІІ съезі ҚКП-ның 
делегациясы қатысқан соңғы съезд болды. 1965 жылдың кӛктемінен 
бастап КПСС пен ҚКП арасындағы қатынастар мемлекетаралық 
деңгейдегі кӛпшілік байланыстар сияқты түпкілікті аяқталды.
70 ж.ж. басынан бастап саяси аренадан Линь Бяо тобын 
ығыстырғаннан кейін ҚХР мен АҚШ-ның халықаралық аренадағы 
позициялары жақындаса түседі. 1971 жылы ҚХР ӛкілі БҰҰ-ғы 
орынды иеленеді.
Формальды түрде Пекинде «екі күшті держава үстемдігі» 
туралы тұжырымдама жетекшілік етті және басқа елдерді АҚШ және 
КСРО-ға қарсы күреске бірігуге шақырды, алайда іс жүзінде аталған 
бағытқа айтарлықтай түзетулер енгізілді. 
1972 жылы Қытайға АҚШ президентінің тұңғыш сапары 
тарихта бірінші рет орын алады. Р.Никсонды барлық жоғары Қытай 
жетекшілері, оның ішінде Мао Цзэдун қарсы алады. Сапар 
нәтижесінде Шанхай коммюникесіне қол қойылып, тараптар түрлі 
саладағы диалогтарын одан әрі жалғастыруға ұмтылыстарын атап 
кӛрсетеді.
КСРО-да және кейбір басқа да социалистік елдерде ҚХР-ның 
бұл қадамы социализм идеалынан одан әрі бас тарту ретінде 
қабылданды, қытай жетекшілері «сатқындығының» тағы бір жарқын 
кӛрінісі. 1974 жылы қытай басшылығына ҚХР-ның АҚШ-мен және 
басқа да батыс державаларымен жақындастығына негізделген «үш 
әлем теориясы» ұсынылды, ол бойынша «американдық империализм» 
Кеңес Одағы сияқты дамушы елдер үшін ешқандай қауіп тӛндірмейді. 
Сондықтан, оның пікірі бойынша, дүниежүзінің барлық халықтары 
осы, «ең қауіпті» қарсыласпен күресте күш біріктіруі тиіс. Мұндай 
бағыт ҚХР сыртқы саясатында 70 ж.ж. соңына дейін анықтаушы роль 
атқарды.
1966 жылы мамыр айында ҚПК ОК Саяси бюросының 
отырысында Мао Цзэдун тобының билік үшін күресінің жаңа 
кампаниясының негізгі идеялары қалыптасты. Онда бірнеше кӛрнекті 


14 
партия қайраткерлері сынға ұшырады және ӛздерінің қызметтерінен 
босатылды, оның ішінде астаналық қалалық комитеттің бірінші 
хатшысы Пэн Чжэнь және ОК-тің бӛлім жетекшісі Лу Диньи. 
Армияда бұрын қызмет жасап тұрғанға қосымша ҚПК ОК жанынан 
«мәдени революция» істері бойынша топ (ГКР) құрылды. Оны 
Маоның бұрынғы жақтасы, оның бұрынғы жеке хатшысы Чэнь Бода 
басқарды. Топ басшысының орынбасарлары Мао Цзэдунның жұбайы 
Цзян Цин және Шанхайлық қалалық комитет хатшысы Чжан Чуньцяо 
болды. Кеңесші болып Кан Шэн тағайындалды. Кӛп ұзамай ол ӛзіне 
жоғары партиялық және мемлекеттік органдарды алмастырды және 
ӛзінің қолына шынайы билікті шоғырландырды.
Мамыр айының соңында Пекин университетінде радикальды 
бағыттағы студенттер қатарынан бірінші хунвейбиндер (қызыл 
күзетшілер) отрядтары құрылды. Бірнеше уақыттан соң барлық 
Қытайда жас аз кәсіби білікті жұмысшылар ортасынан цзаофандер 
(бунтарлар) отрядтары қалыптасты. Мао Цзэдун бұл бастамаларды 
қолдады. 
1966 жылы маусым-шілде айларында Лао Шаоци жақтастары 
хунвейбиндерге қарсы кадрлық жұмысшылар тобынан «жұмысшы 
топтарын» құрып, олардың әрекеттерін оқшаулауға тырысты. Бірақ 
Мао олардың таратылуын талап етті.
1966 жылы тамыз айының басында ОК-тің ХІ Пленумы ӛтті. 
Онда ОК-тің репрессияланған мүшелерінің жартысына жуығы болған 
жоқ. Есесіне оның жұмысына хунвейбиндер ӛкілі және ГКР мүшелері 
қатысты. Мао оның жұмысы барысында «Огонь по штабам!» атты 
ӛзінің үндеуін жариялады.
Пекиндегі Пленумнан кейін бірден Мао Цзэдунмен және Линь 
Бяомен хунвейбиндердің бірнеше кездесу-митингілері ӛтті. Бұл кезде 
бүкіл ел бойынша олардың саны 40 млн.-ға жуықтады. Олардың 
кӛсемдері буржуазиялық революция кӛрінісімен күресуге шақырды: 
кітапханаларды қиратуға, ӛнер туындыларын құртуға және т.б. 
Олардың орнын Тӛраға Мао ақылдылығын паш еткен «жаңа мәдени 
үлгі» иеленуі тиіс болды. 
Кейбір провинцияларда олар жергілікті жетекшілер мен 
халықтың қатты қарсылығына тап болды.
Сынның негізгі соққысы хунвейбиндер «каппутистер» деп 
жариялаған және кӛп ұзамай ӛз міндеттерін орындаудан шеттетілген 
ҚХР Тӛрағасы Лю Шаоци мен ҚКП ОК бас хатшысы Дэн Сяопинге 
тиді. 


15 
Ресми үгіт-насихат ықпалында болған хунвейбиндер мен 
цзаофандар Қытайдың мәдени мұрасына қарсы қантӛгісті күрес 
жүргізді. Кітаптар, архитектуралық ескерткіштер құртылды. Пекинде 
«адам ақыл-ойының шыңы» деп жарияланған Мао Цзэдун шығар-
малары үзінділерінің жинағы дүниежүзінің кӛптеген тілдерінде 
ауқымды тиражбен шығарылды. Оның оқытылуы енді ҚХР-ның әрбір 
азаматына міндетті болды. 
«Жаулар» арнайы лагерлерге «қайта тәрбиелеу» үшін жіберілді, 
онда олар ауыр дене еңбегімен айналысты және «қайта тәрбиелеуге» 
ұшырады. 
1967 жылы қаңтар айының басында хунвейбиндер және 
цзаофандар іс жүзінде Шанхайдағы билікті басып алуды жүзеге 
асырды. Мао Цзэдун ӛз жақтастарын да барлық Қытай бойынша 
осылай жүзеге асыруға шақырды. Сол жылдың наурыз айында ҚКП 
ОК мен Әскери Кеңестің ОК-нің біріккен отырысында Лю Шаоцидің 
формальды түрде Саяси бюродан шығарылуы орын алды.
Ӛткізіліп отырған бағытқа қарсы қарсылықтың неғұрлым 
күрделі ошағы Уханда 1967 жылы жазда пайда болды. Онда 
хунвейбиндердің тұтас үстемдігін орнату әрекеті жергілікті халықтың 
қарсылығына тап болды. Сол кезде Мао бұйрығы бойынша бұл жерге 
тұрақты әскер жіберілді. 
Бұл қарсылықты басқаннан кейін Мао ӛзінің жақтастарын 
белсендендіру мақсатымен бірқатар аудандар бойынша инспекциялық 
сапарын жасайды. Нәтижесінде репрессия толқыны күшейді. 1968 
жылы кӛктемде парткомдарды жергілікті жерлерде «ревкомдарға» 
толық алмастыру белгіленді. Бұған қоса, «мәдени революцияны» 
ұйымдастырушылардың 
пікірі 
бойынша, 
хунвейбиндер 
мен 
цзаофандар кӛсемдерінің бір бӛлігі ӛздеріне белгіленген қызметтерді 
орындады, ӛздерінің орнын жаңа бастамашыларға, ең алдымен 
әскерилерге босатуы тиіс болды. 1968 жылдың тамыз айынан бастап 
жоғары оқу орындары мен мекемелерде хунвейбиндер мен 
цзаофандар қозғалысын ұйымдасқан түрде жою басталады. Оған 
қатысқан миллиондаған адамдар қалалардан жекелеген ауыл 
шаруашылық аудандарына кӛшірілді. 
1968 жылдың қазан айынан бастап билік үшін ҚКП 
жетекшілерінің түрлі топтары арасында одан арғы даму мәселесі 
бойынша күрес шиеленіседі.
1967-1968 ж.ж. аралығындағы кезеңде ӛнеркәсіп ӛндірісі 1966 
жылмен салыстырғанда 15-20%-ға қысқарды. Ауыл шаруашы-
лығында да құлдырау байқалды. Бидай ӛндірісі 1968 жылы 1967 
жылғы деңгейіне дейін тӛмендеді, ал бұл кезеңде халық шамамен 100 
млн.адамға дейін артты. 


16 
Сауатсыздықты жою қарқыны баяулады, жоғары оқу орындары 
жұмысының тоқтатылуына байланысты мемлекет қажетті білікті 
мамандарды алған жоқ. Ірі кӛлемді ғылыми және инженер-
техникалық кадрлар репрессияға ұшырады.
«Мәдени революцияның» бірінші кезеңінің ӛзіндік қорытын-
дылары 1969 жылы кӛктемде Пекинде ӛткен ҚКП ІХ съезді болды. 
Онда Линь Бяо Мао Цзэдунның ресми мұрагері деп жарияланды, ал 
партия жетекшілігінің құрамына Цзян Цин кірді. Жетекшіліктің жаңа 
құрамы кӛсемге жеке адалдық принципі бойынша жасақталды.
Ішкі саясатында басты міндет «үздіксіз революция», халықтың 
соғысқа дайындығы деп, ал сыртқы саясат саласында ҚХР-сы АҚШ-
мен де, КСРО-мен де («кеңестік социал-империализммен») күресетін 
болады деп жарияланды. 
Жаңа ОК құрамына ҮІІІ съезде сайланған бұрынғы құрамның 
тек 1/5 бӛлігі ғана енді. Басшылықта ОК және Саяси бюро құрамының 
жартысына жуығын құраған әскерилер позициясы күшейді.
Бұрынғы кезеңнің неғұрлым беделді тұлғаларынан Саяси бюро 
құрамында тек Чжу Дэ және Чжоу Эньлай қалды. Соңғысына 
басшылықтағы ӛзінің бірқатар жақтастарын сақтап қалу мүмкін 
болды.
1969 жылдан бастап «мәдени революцияның» жаңа кезеңі 
басталады, оның мәні, бір жағынан, бірінші кезең қорытындыларын 
бекіту, ал екінші жағынан – билеуші топтың мүдделеріне толық 
бағынышты басқарудың жаңа механизмін құру.
Линь Бяоның Мао Цзэдуннің ресми мұрагері статусын алуы 
қытай басшылығының екі тобының алаңдаушылығын туғызды. Оның 
біреуі, «мәдени революция» бастамашыларынан қалыптасқан 
«радикалдар», Мао Цзэдунның жұбайы – Цзян Цин басқарды, ал 
екіншісі, Мемлекеттік кеңес премьері Чжоу Эньлайдан қолдау тапқан 
«прагматиктер». Линь Бяо тобы тарапынан қауіппен бетпе-бет келген 
олар қысқа мерзімге күштерін біріктірді және 1971 жылы қыркүйекте 
саяси аренадан ӛз қарсыластарының ығыстырылуына қол жеткізеді. 
Линь Бяоның ӛзі қаза табады.
Радикалдарды енді Цзян Цин және Кан Шэн басқарды. Бұдан 
кейін «радикалдар» мен «прагматиктер» 1973 жылы 80 жасқа толған 
қарт Мао Цзэдун ықпалы үшін ӛз қарсылықтарын жалғастырды. 
Алғашында басымдыққа «прагматиктер» ие болды. Олар «мәдени 
революция» жылдары жапа шеккен ӛздерінің бірқатар жақтастарын 
реабилитациялауға мүмкіндік алды. Мысалы, 1973 жылы басшылық 
құрамына ҚХР Мемлекеттік кеңес премьерінің орынбасары және 
Чжоу Эньлайдың жақын сыбайласы болған Дэн Сяопин қайта оралды.


17 
1973 жылы тамызда Чжоу Эньлай есептік баяндамасымен сӛз 
сӛйлеген ҚКП Х съезді ӛтті. Съезд Линь Бяо тобын айыптап, оны 
ҚКП қатарынан шығарды. Мұндай шешім 1970 жылдың ӛзінде-ақ 
биліктен аластатылған Чэнь Бодаға қатысты қолданылды.
ҚКП Жарғысындағы ӛзгерістер туралы Цзян Цин қол шоқпары 
Ван Хунвэнь баяндады. Ол тағы да Қытайда «мәдени революцияның» 
жүйелі қайталанып тұратындығы болмай қоймайтындығы туралы 
ойды тағы да атап кӛрсетті. ОК құрамына 1966-1969 ж.ж. аралығында 
бірқатар репрессияға ұшырағандар, оның ішінде Дэн Сяопин де кірді. 
Бұл Чжоу Эньлай тобын күшейтті. Радикалдар да Саяси бюродағы ӛз 
позицияларын да нығайта алды. Оның құрамына алғаш рет кӛп 
ұзамай орын алған ішкі партиялық күресте маңызды рольдің бірін 
атқарған Хуа Гофэн енгізілді.
Алайда 1947 жылдан бастап «радикалдар» басым болды, 
олардың бастамасымен «Линь Бяо және Конфуций сыны» атты 
кезекті идеологиялық кампания орын алды. 1974 жылдың басынан 
бастап оның шеңберінде құрамына «мәдени революцияның» 
жалғастырылуын талап еткен, радикалды бағыттағы жұмысшылар, 
солдаттар және студенттер кірген арнайы миньбин отрядтары 
қалыптасты.
1975 жылы ҚХР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Онда 
1966 жылдан бастап ваканттық болып келген мемлекет Тӛрағасы 
қызметі жойылды, ал ҚХР басшысының формальды функциялары 
Халық ӛкілдерінің жалпықытайлық жиналысының (ХӚЖЖ) Тұрақты 
комитетіне кӛшті. Қоғам ӛміріндегі армияның ролі кеңейтілді. Билік 
органы ретінде жергілікті жерлердегі «ревкомдар» жойылды. 
Прокуратура функциялары қауіпсіздік қызметі құзыреттілігіне 
берілді.
1976 жылы 8 қаңтарда Чжоу Эньлай қайтыс болды, бұл кезекті 
билік үшін күрестің орын алуына алып келеді. Денсаулығы сыр 
берген кезінде оның міндетін премьер орнына ұсынған Дэн Сяопин 
атқарды. Алайда радикалдар мұндай тағайындаудың мақсатты 
бағытталмағандығына Маоның кӛзін жеткізді, және Чжоу мұрагері 
сол кезде салыстырмалы түрде аз танылған қоғамдық қауіпсіздік 
министрі Хуа Гофэн болды. 
 
Дэн Сяопинді екінші рет партия және мемлекетте жоғары 
қызметтен алып тастауға 1976 жылы 5 сәуірде Чжоу Эньлайды еске 
алу құрметіне ӛткізілген демонстрация сылтау болды. Радикалдар 
демонстрацияның 
контрреволюциялық 
сипатына 
және 
оны 
ұйымдастыруға Дэн Сяопиннің кінәлі екендігіне Маоның кӛзін 
жеткізді. Нәтижесінде кезекті идеологиялық кампания басталып, Дэн 


18 
Сяопин Пекинді тастап кетуге және саяси айдауда болуға мәжбүр 
болды.
1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жасқа қараған шағында Пекинде 
ҚКП ОК-нің орынбасары Мао Цзэдун қаза табады. Оның ӛлімімен 
бірге Қытайдың қазіргі заман тарихының толық бір дәуірі аяқталды. 
Мао Қытайды дағдарыс жағдайында қалдырды. Ресми мәліметтер 
бойынша, елде 20 млн. толықтай жұмыссыздар, 8 млн. «жұмыс 
іздеушілер» тіркелсе, 100 млн. адам аштық жағдайында болды. 
Орташа жан басына шаққандағы жылдық табыс жылына шамамен 220 
млн. долларды құрады. Ауылшаруашылығында ол 80 доллар 
шамасында болды – дүниежүзіндегі ең тӛмен кӛрсеткіштердің бірі. 
Негізгі азық-түлік ӛнімдері және азық-түліктік емес кӛптеген 
тауарлар карточка бойынша бӛлінді. Азық-түлік ӛндірісінің ӛсуі және 
бірінші кезекті тұтыну тауарларына қажеттілік халықтың ӛсу 
қарқынынан асқан жоқ, бұл экономикалық жағдайды одан әрі 
шиеленістірді.
Ішкі партиялық-мемлекеттік басшылықтағы билікті қайта бӛлу 
нәтижесінде жетекші рольге ӛзіне үкімет басшысы лауазымын сақтау 
жағдайында ҚКП ОК Тӛрағасы қызметін иеленген Хуа Гофэн шықты. 
Оның алғашқы қадамдарының бірі саяси аренадан Цзян Цзинді және 
оның жақын жақтастарын – Мао күйеу баласы Яо Вэньюанды, Саяси 
бюро мүшелері Чжан Чуньцяо және Ван Хунвэньды аластату болды.
1980-1981 ж.ж. Пекинде «тӛрттіктің» үстінен ашық сот процесі 
ӛтті. Барлық сотталушылар «мәдени революцияны» ӛткізу кезінде 
ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ӛзіне танылған 
кінәні мойындамаған Цзян Цин ӛлім жазасына кесілді (кӛп ұзамай 
ӛмір бойы түрмеде отырғызылуға алмастырылды), қалғандары – ұзақ 
мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Мао Цзэдунды жалпы сынға ұшыратпаған оның ізбасарлары 
барлық бұрынғы қателіктерді осы топқа тағуға тырысты, оның ішінде 
Дэн Сяопинді дискредитациялау бойынша да. 1977 жылы жазда ӛткен 
ҚКП ХІ съезінде ол қайтадан партия және мемлекет басшылығына 
келді, Мемкеңес премьерінің орынбасары және ҚКП ОК Тӛрағасы 
орынбасары қызметтерін иеленді. Біртіндеп мемлекет ӛмірінде жаңа 
жағдайда маңызды роль атқаруын жалғастырған армия да оның толық 
бақылауына 
кӛшті. 
Осы 
съезде 
«мәдени 
революцияның» 
аяқталғандығы туралы ресми түрде жарияланды.
ҚХР-да кең кӛлемді экономикалық реформалардың ӛткізілуі 
туралы ресми шешім Дэн Сяопин бастамасымен 1978 жылы 


19 
желтоқсанда ҚКП ОК-нің үшінші Пленумында қабылданды. Оған сол 
жылдың басында ХӚЖЖ сессиясының қаулысымен «тӛрт 
модернизация» бағдарламасын орындау туралы қабылданған 
нұсқаулығы түрткі болды: ӛнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, 
ғылымда және техникада, сондай-ақ әскери салада.
Алайда ол бағдарламаны жүзеге асыру үлкен қиындықтарға тап 
болды, оны жүзеге асыру барлық экономикалық жүйені және жоғары 
мемлекеттік билікті қолдауды радикалды модернизациялаусыз 
мүмкін болмады. 
1979 жылы жазда ХӚЖЖ сессиясында алдағы үш жылда халық 
шаруашылығының барлық жүйесін тұрақтандыру міндеті қойылды. 
Шаруалардың ӛнеркәсіптік жауапкершілік жүйесіне кӛшу басталады. 
Біртіндеп отбасы мердігерлігі енгізілді және шаруашылықты 
ұжымдық жүргізудің бұрынғы жүйесінің түрі ӛзгерді. Бірмезгілде 
ауылшаруашылық ӛнімдерін сатып алу құны артты. Шаруалардың 
жеке меншігіне біртіндеп ауылшаруашылық техникасы да кӛшті. 
Шаруалар енді ӛнеркәсіп ӛнімінің артығын ӛз қарауларына қарай 
басқара алды.
Кейін реформа ӛнеркәсіп саласын қамтыды. Кәсіпорындар үлкен 
дербестілікке қол жеткізді, жеке кәсіпкерлік қызметке рұқсат етілді, 
шетелдік капиталдың қатысуымен еркін экономикалық аймақтар 
құрылды. Бұрынғы міндетті директивалық жоспарлауды ығыстырған 
заңдар қабылданады. Партиялық комитеттер енді тек халық арасында 
тәрбие жұмысымен ғана айналысты, бұрынғысынша, мемлекеттік 
шаруашылық органдарды алмастырған жоқ. 
Кӛп ұзамай ӛткізілген қайта құрулар алғашқы оң нәтижелерін 
бере бастады. Алтыншы бесжылдық жылдары (1981-1985) ӛнеркәсіп 
ӛндірісінің ӛсу қарқыны жыл сайын орташа есеппен 11%-ға ӛсті. 
Ауылдық және қалалық тұрғындар табысы 80 ж.ж. екі есе ӛсті, алайда 
басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай тӛмен деңгейде қала 
берді. 
80 ж.ж. ортасына қарай ауылшаруашылық ӛнімінің ӛсу қарқыны 
да баяулады, бағаның ӛсуі басталды, инфляция артты. Осындай 
жағдайда 1987 жылы кӛктемде ҚКП ХІІІ съезді ӛтті, онда ҚХР-да 
социализмнің бастапқы сатысы туралы теория қалыптасты. Бұл 
тұжырымдамаға сәйкес, Қытайда социализм құрылысы үш негізгі 
кезеңді ӛтуі тиіс. 1990 ж.ж. дейін ҰІӚ екі еселенеді (1980 ж. 
салыстырғанда) және Қытай халқы карточка жүйесін пайдаланусыз 
негізгі азық-түлік ӛнімдерімен және киіммен қамтамасыз етіледі.
2000 ж. дейінгі келесі онжылдықты қамтитын екінші кезең ҰІӚ-нің 
тағы да екі есе ӛсуіне (1990 ж. салыстырғанда) мүмкіндік береді және 
«орташа ӛмір сүретін» тұрғындар қол жеткізеді. Уақыты бойынша 


20 
неғұрлым ұзақ соңғы кезең 2049 жылы аяқталады (яғни ҚХР 
жүзжылдығы жылы) және Қытайдың, әлемдік ӛлшемдер бойынша, 
орташа дамыған елге айналуына алып келеді. 
Қойылған мақсаттарға жету үшін 80 ж.ж. соңында экономии-
калық жағдайды тұрақтандыру бойынша шешуші шаралар 
қабылданды: әкімшілік шаралармен маңызды тауарларға бағаның ӛсуі 
шектелді, бірқатар ауылшаруашылық тауарларына сатып алу құны 
кӛтерілді. Паралелльді түрде мемлекеттік шенеуніктер мен партиялық 
қызметкерлердің жеке бизнеске қатысты шектен тыс пайдаланудың 
алдын алуға бағытталған шаралар жүзеге асырылды. Сыбайлас 
жемқорлық әшкереленген жағдайда ұзақ мерзімге түрмеге қамалудан 
бастап жекелеген жағдайда ӛлім жазасына дейін қатаң жазалауға 
ұшырады.
1992 жылы қазан айында ӛткен ҚКП ХІҮ съезінде экономи-
калық реформалардың ӛткізілуін тездетуге, шетелдік елдермен 
байланысын кеңейтуге және ӛнеркәсіпте және ауыл шаруашы-
лығында ӛсу қарқынын арттыруға тиіс болған қайта құрулардың жаңа 
кезеңінің басталуы туралы жарияланды. Дәл осы экономикалық 
жетістіктермен қытай басшылығы ҚХР-ның «бай, қуатты, демокра-
тиялық және ӛркениетті демократиялық мемлекетке» айналу міндетін 
байланыстырды. 
Съезде бұған дейін ресми топтарда айтпауға тырысқан 
«социалистік нарықтық экономика» құру міндеті қойылды. Съездің 
аяқталуынан кейін директивалық жоспарлау саласы қысқартыла 
бастады, кӛптеген салалық министрліктер және ведомствалар 
қысқартылды.
КСРО-да «қайта құру» саясатын жариялағаннан кейін тек саяси 
жүйені демократияландыруды ғана емес, сонымен бірге ондағы 
коммунистік партия ролінің қайта қарастырылуын талап еткен жаңа 
топтар пайда болады. Бұл әсіресе 1989 жылғы оқиғалар барысында 
айқын кӛрініс тапты, Пекинде оппозициялық студенттік қозғалыстар 
ел ӛмірін демократияландыруды талап еткен ашық қарсылықтары 
басталады. Орын алған оқиғаға жеке жауапкершілік енді Чжао 
Цзыянға жүктеледі, ол ӛз қызметін ішкі саясатта неғұрлым қатаң 
бағытты жақтаушы – Цзян Цзэминьге беруге мәжбүр болады. Дэн 
Сяопин одан ӛзінің ізбасарын кӛреді және 90 ж.ж. оған біртіндеп 
партия және мемлекетті басқарудың барлық құрылғыларын берді. 
Ӛмірінің соңғы жылдары ол (Дэн Сяопин 1997 жылы қайтыс болды) 
басшылық жұмыстан кетті. Соған қарамастан оған «қытайлық 
реформалар архитекторы» титулы нық бекітілді.
1998 жылы наурызда ХӚЖЖ сессиясында Цзян Цзэминь ҚХР 
Тӛрағасы және ҚХР Жоғары Кеңес Тӛрағасы болып сайланды, 
Мемлекеттік кеңес Премьері болып реформаларды жақтаушы Чжу 


21 
Жунзи тағайындалды. Ли Пэн ХӚЖЖ ТК Тӛрағасы қызметіне 
ауыстырылды.
Ресми үгіт-насихатта Мао Цзэдунның ҚХР-ның негізін салушы 
ретіндегі, Дэн Сяопиннің экономикалық реформалардың басты 
идеологы ретінде, ал Цзян Цзэминнің социализм құрылысы 
кезеңіндегі қытайлық қоғаммен жинақталған барлық жақсының 
сенімді жалғастырушысы ретіндегі ролі ерекше атап кӛрсетіледі.
1979 жылдың соңында екіжақты қатынастарды реттеу бойынша 
кеңес-қытай келіссӛздері басталады. Ол кезекпен-кезек Мәскеуде 
және Пекинде сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары 
деңгейінде ӛткізілді. Алдын ала шарттар ретінде ҚХР басшылары 
кеңестік әскерлердің 1964 жылғы деңгейіне дейінгі біріккен 
шекарадан кеңестік әскерлердің қысқартылуын, МХР-нан қарулы 
контингенттің 
шығарылуын, 
сондай-ақ 
Вьетнамға 
кӛмектің 
тоқтатылуын талап етті.
Кеңестік делегация ӛз жобасын ұсынды, онда халықаралық 
құқық негізінде екіжақты байланыстарды құру, түрлі салалардағы 
байланыстарды жан-жақты кеңейтуге ұмтылысы кӛрініс тапты. 
Алайда алға басушылықтар тек 1982 жылдың соңында ғана, ҚКП ХІІ 
съездінен және Л.И.Брежнев ӛлімінен кейін ғана орнады. Екі ел 
арасындағы қатынастар барлық бағытта жанданды. 
1985 жылы қазан айында Дэн Сяопин жаңа кеңес басшысы 
М.С.Горбачевке жоғары деңгейде кездесу ӛткізу туралы ұсынысымен 
хат жолдайды. Кейіннен сыртқы істер министрлерінің сапары жүзеге 
асырылады.
1987 жылы ақпан айында шекаралық мәселелер бойынша 
келіссӛздер қайта жанданып, бұл кӛп ұзамай кеңес-қытай 
шекарасының шығыс бӛлігі туралы келісімдердің жасалуына алып 
келеді. Бұл 1989 жылы мамыр айында орын алған ҚХР-на 
М.С.Горбачевтің 
ресми 
сапарын 
дайындауға 
жол 
ашады. 
М.С.Горбачев пен Дэн Сяопиннің кездесуі барысында қытай 
жетекшісі екі жақты қатынастардың толық реттелгендігі туралы 
мәлімдейді.
КСРО-ның құлауынан кейін де ҚХР мен Ресей арасындағы 
қатынастар жоғары деңгейде дамиды. 1992 жылдың аяғында ҚХР-на 
ресми сапармен Б.Н.Ельцин келеді. 20-дан астам біріккен құжатқа, 
оның ішінде ӛзара қарым-қатынастардың негізі туралы Біріккен 
декларацияға қол қойылады.
Ӛз кезегінде ҚХР-ның тӛрағасы Цзян Цзэминь 90 ж.ж. бірнеше 
рет ресми сапарымен Москваға келеді. Әсіресе, 1994 ж. сапары 
барысында ресей-қытай шекарасының батыс бӛлігі туралы келісімге 


22 
қол қойылады. 90 ж.ж. екінші жартысында Қытай және Ресей 
біртіндеп азиялық аймақтағы стратегиялық серіктестерге айналады. 
70 ж.ж. аяғынан 1989 ж. Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаға дейін 
қытай-американ қатынастары да жоғары деңгейде дамиды. 1978 
жылы екі ел де ӛзара ресми дипломатиялық қатынастар орнатады. 
Экономикалық және әскери ынтымақтастық үнемі кеңейтіліп отырды. 
Екі ел арасындағы басты мәселе – Тайвань мәселесі болып қала берді.
1977 жылы екі жақты қатынастарды жаңа деңгейге кӛтерген 
ҚХР мен Жапония арасында бейбіт келісімге қол қойылды. 
Шекаралық және Тибет мәселесімен байланысты Үндістанмен 
арадағы қатынастар салқын күйінде қала берді. Бірақ 90 ж.ж. басына 
дейін біріккен Вьетнаммен арадағы қатынас неғұрлым шиеленіскен 
қатынас болды. КСРО тарапынан қолдау тапқан Вьетнам жетекшілері 
билікте Пол Пот бастаған солшыл радикалдық режим орныққан 
Камбоджа үшін Қытаймен 1977 жылдан бастап күрделі қайшылыққа 
түседі. ҚХР Вьетнамды ӛз территориясында этникалық қытай-
лықтарды (хуацяо) қудалауға айыптайды, ал Вьетнам әскерлерінің 
Камбоджаға енгізілуі және 1979 жылы наурызда Пол Пот режимінің 
құлатылуынан кейін біріккен шекарада қарулы қақытығысты жүзеге 
асырды. Екі ел арасындағы қатынастар 10 жылдан астам уақыт бойы 
ӛте тӛмен деңгейде болды. Тек социалистік лагерь құлағаннан кейін 
ғана екі ел де ӛздерінің саяси жақындасушылығы туралы түсінді.
ҚХР-сы 
90 
ж.ж. 
екінші 
жартысында 
дүниежүзінде 
экономикалық дамуда алдыңғы позицияны иеленді. Ішкі ұлттық ӛнім 
кӛрсеткіші бойынша ол жетінші, сыртқы сауда кӛлемі бойынша он 
бірінші орынды иеленді. Елдің жалпы дүниежүзілік ӛнеркәсіп 
ӛндірісіндегі кӛлемі үш пайыздық деңгейінен асады. Сыртқы 
қарыздарына қарамастан оның валюта қоры 1998 жылы 149 
млрд.долларды құрайды. ҚХР-ның ӛміріндегі маңызды оқиғалардың 
бірі екі ӛнеркәсіп орталықтары және елдің оңтүстігіндегі маңызды 
стратегиялық плацдармдармен Гонконг және Макаомен қосылуы 
болды. Бұл құрылымдардың нарықтық жүйе интеграциясында Қытай 
экономикасына оң нәтижелер әкелетіндігі сӛзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет