Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
Жапония 
 
1.
Соғыстан кейінгі оккупациялық режим (1945-1952 ж.ж.). Сан-
Франциско бейбіт келісімі. 


23 
2.
Постоккупациялық кезең (1952 – 1960 ж.ж. ортасы). 
3.
Жапонияның саяси және экономикалық дамуы (1960 ж.ж. 
ортасынан – 1990 ж.ж.). 
4.
1980-1990 ж.ж. сыртқы саясат 
Жапония
, ресми атауы «Нихон коку», «Ниппон коку» - Шығыс 
Азиядағы аралдық мемлекет. Жапония 6852 аралдан тұратын Жапон 
архипелагында орналасқан. Тӛрт ірі арал – Хонсю, Хоккайдо, Кюсю 
және Сикоку – архипелагтың жалпы аумағының 97%-ын құрайды. 
Жапонияның жоғары нүктесі – Фудзи вулканы.
Басқару формасы – 
конституциялық парламенттік монархия, 
кӛппартиялық жүйе. 
Астанасы
– Токио
Император
– Акихито 
Премьер-министр
– Синдзо Абэ 
Халқы
– 127 817 277 (2011 ж.). 
Территориясы
- 377,9 мың км² (2006), оның 364,4 мың км² 
құрлық, ал 13,5 мың км² - су кеңістігі. 
Жапониямен соғысқа КСРО-ның араласуынан және оның 
әскерлерінің Квантун армиясын талқандауынан кейін Жапонияның 
билеуші топтары Потсдам конференциясының капитуляция туралы 
талабын орындауға мәжбүр болды. Осыдан кейін одақтас державалар 
атынан 
әрекет 
жасаған 
американ 
әскерлері 
Жапонияны 
оккупациялайды. Осы кезден бастап 1952 жылғы Сан-Франциско 
бейбіт келісімі күшіне енгенге дейін елдегі жоғары билік АҚШ-ның 
қолында болды. АҚШ бұрынғы басында император болған ескі 
мемлекеттік аппаратты сақтайды.
АҚШ барлық маңызды мемлекеттік қызметтерді ӛз қолына 
шоғырландырады. Олар қаржы, мемлекеттік бюджетті құрастыруды, 
сыртқы сауданы ӛз қолдарына алып, сотты және полицияны бақылап 
отырды, парламенттің заң шығару қызметін шектеді. Жапон ӛкіметі 
басқа елдермен байланыс жасау құқығынан айырылып, сыртқы 
саясаттың барлық функциялары оккупациялық үкіметтің қолында 
болды.
1945 жылы қыркүйекте армия мен жазалау органдары, ұлттық 
ұйымдар таратылады. Одан кейін жұмысшыларға кәсіподақтар құруға 
құқық беру, білім беру жүйесін демократияландыру, абсолютизмді 
жою, әйел адамдар құқығын теңестіру, экономиканы демокра-
тияландыру орын алады. Дзайба-цу (ӛнеркәсіп-қаржы концерндері) 
таратылды, жер реформасы жүргізілді, помещиктік жер иелену 
жойылды. Синто діні мемлекеттен бӛлінді, ал 1946 жылдың 1 


24 
қаңтарынан бастап император билеуші династияның құдайлық шығуы 
туралы аңыздан жариялы түрде бас тартты.
Қоғамдық және саяси қызметтен тазарту нәтижесінде 200 
мыңнан астам адам аластатылды, 28 басты әскери тұтқындар 
халықаралық сот трибуналына берілді. Түрмеден 2 мыңнан астам 
саяси тұтқындар босатылды.
Жапонияның капитуляциясынан кейін отставкаға кеткен 
Судзуки кабинетінің орнына басында император әулетінің мүшесі 
болған ханзада Хигасикуни үкіметі құрылады. Ол максимальды түрде 
ескі Жапония атрибутикасын сақтауы тиіс болды. Бұл үкімет тек 1945 
жылдың қазанына дейін билік жүргізіп, Сидэхара кабинетімен 
алмастырылады. Осы кабинеттің билігі кезінде американдықтардың 
қайта құрулары жүзеге асырылып, соғыстан кейінгі парламентке 
алғашқы сайлау ӛткізіледі. Оған кейіннен саяси аренада айтарлықтай 
роль атқарған Жапония коммунистік партиясын және Жапония 
Социалистік партиясын қоса кейбір жаңадан құрылған партиялар 
қатысты.
Жапонияның мемлекеттік құрылымын ӛзгертудегі маңызды 
шара 1947 жылы 3 мамырда күшіне енген 1946 жылы 3 қарашада 
жаңа конституцияның қабылдануы болды. Конституция абсолюттік 
монархияны жойды және императорды саяси биліктен шеттетіп, оны 
тек «ұлт бірлігінің символы» деп жариялады. Халықтың тәуелсіз 
билігі жарияланды.
Жаңа конституция бойынша әйел адамдарға ерлермен бірдей 
сайлау құқығы берілді. Жалпыхалықтық сайлау құқығы енгізілді, 
патриархалды отбасы жүйесі жойылды, азаматтық құқықтар 
жарияланды. 
Парламенттің жоғары палатасы сайланбалы болды және 
кеңесшілер палатасы деген атауға ие болды. Тӛменгі палата (ӛкілдер 
палатасы) жоғары палатамен салыстырғанда біраз артықшылықтарға 
ие болды. Ӛкілдер палатасында депутаттар саны басым болған саяси 
партия премьер-министрді сайлау құқығына ие болды. Егер де ол екі 
палатада да басым дауысқа ие болса, онда парламентке заңдарды 
ӛзгерту туралы ұсыныс білдіре алды. Оппозициялық партиялар және 
кәсіподақтар оккупацияның алғашқы жылдары демократиялық 
институттарды нығайту мақсатында американдық бағытты ұстанды. 
Алайда «қырғи қабақ соғысқа» бастау болған «Трумэн доктри-
насының» жариялануымен (1947 ж.) олар Жапонияны антикоммунизм 
бастионына, КСРО және коммунистік Қытайға қарсы күресте ӛз 
одақтасына айналдыруды мақсат етіп қойды. Мұндай жағдайда 
солшыл бағыттағы барлық ұйымдар репрессия объектісіне айналды.


25 
1947 жылдан, әсіресе Кореямен соғыстың басталуынан кейін 
(1950 ж.) американдықтар «кері бағытты» ӛткізу бастады. Ол негізгі 
үш жағдайға тірелді: оппозициялық, ең алдымен кәсіподақтық және 
коммунистік қозғалыстарды басу; дзайбацуды таратуға қатысты 
саясатын қайта қарау; Жапонияны қайта қаруландыруды бастау. 
Радикалды қозғалыстарға қарсы репрессиялық шаралар қабылданды 
(жұмыстан босату, баспасӛз органдарын жабу және т.б.), ереуілдерге 
тиым салынды. Американдықтар жапон экономикасын нығайту 
саясатына кӛшті. 1950 жылы Жапонияның премьер-министріне жаңа 
жылдық жолдауында оккупациялық күштер қолбасшысы генерал 
Маккартур конституцияның пацифистік 9-шы бабы Жапонияға ӛзін-
ӛзі қорғау күшін иеленуге тиым салмайтындығын атап кӛрсетті. 
Осыдан кейін жаңа армияны құру үшін негіз болған 75-мыңдық 
ұлттық полиция корпусын құру бағдарламасы қабылданды.
Жапон экономикасын қалпына келтіру баяу жүрді. 1948 жылы, 
соғыс аяқталғаннан соң үш жылдан кейін Жапонияның ӛнеркәсіп 
ӛндірісінің индексі 1937 жылмен салыстырғанда, тек 52-ні құрады, 
бұл кезде қалған жеңіске жеткен басқа елдерде ол – Батыс 
Германияда – 100, Италияда – 98. Неғұрлым ӛткір мәселелердің бірі 
инфляция болды, ӛнеркәсіп ӛндірісін қалпына келтіруге кедергі 
келтіріп ғана қойған жоқ, сонымен қатар әлеуметтік толқулар 
туғызды. Оның тағы бір себебі жұмыссыздық болды, ӛйткені 
армияны және флотты демобилизациялау, бұрынғы отарлардан 
жүздеген мың босқындардың оралуы ірі кӛлемді «артық» жұмыс 
қолының пайда болуына алып келді.
1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру негізінен ірі 
монополияларға үкіметтік субсидиялар және американдық кӛмек 
бағыты бойынша жүрді. Алайда бұл шаралар тек уақытша сипатқа 
ғана ие болды. Сол себепті 1948 жылы желтоқсан айында 
американдық үкіметтің оккупациялық әскери штабына тұрақтандыру 
жоспарын әрекетке енгізу туралы нұсқауы орын алды. Ол тоғыз 
пункттен тұрды, ол бойынша жапон үкіметінің міндеті тӛмендегілер 
болып табылды: 1) мемлекеттік бюджетті реттеу; 2) салық түсімдерін 
арттыру; 3) субсидия беруді қатаң шектеу; 4) жалақыны 
тұрақтандыру; 5) бағаға бақылау орнату; 6) сыртқы сауда және 
шетелдік валютаға бақылауды күшейту; 7) экспорттық ӛндіріс үшін 
қажетті материалдармен жарақтандыру жүйесін жақсарту; 8) 
импортты шектеу үшін жергілікті шикізат және тауар ӛндірісін 
арттыру; 9) азық-түлік жеткізу жүйесін жақсарту. 1949 жылы мамыр 
айында АҚШ Жапониядан репарация алу жоспарының күшін жойды, 
одан кейін монополияға қарсы заңды қайта қарады.


26 
1951 жылы қыркүйекте Сан-Франциско конференциясы 
ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырған АҚШ және Англияның 
билеуші топтары Жапонияға ӛздері ұсынған келісімнің жобасына қол 
қойдыру мақсатын кӛздеді. Кӛптеген елдер оған шақырылмады 
немесе ағылшын-американдық келісім жобасына келіспейтіндігін 
білдірген елдер (Үндістан және Бирма сияқты) оған қатысудан бас 
тартады. Каир және Потсдам декларацияларына, Ялта келісіміне және 
Қиыршығыстық комиссия шешімдеріне сәйкес Сан-Франциско бейбіт 
келісімі Жапонияның Оңтүстік Сахалин, Куриль аралдары, 
Тайваньнан, Пэнхуледао аралдарынан бас тартатындығын бекітті.
Сан-Францискодағы бейбіт келісіммен қатар бірмезгілде АҚШ 
пен Жапония арасында «қауіпсіздік келісіміне» қол қойылды, оған 
сәйкес АҚШ Жапонияда бейбіт келісімнің жасалуынан кейін де ӛз 
әскерлерін ұстау құқығына ие болды.
Бейбіт келісімнің жасалуы, оккупация кезеңінің аяқталуы, 
Жапонияға тәуелсіздігінің қайтарылуы ел ӛміріндегі маңызды кезең 
болып, оның дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы болды. Бұрынғы 
қаржы-ӛнеркәсіптік топтар (Мицуи, Мицубиси және т.б.) қайта 
жанданып, Жапония экономикасын ӛз бақылауына алуға ұмтылады. 
Соғыстан кейінгі кезеңде тазартуға ұшыраған тұлғаларға амнистия 
жүргізілді. Полицейлік заңдар күшейтілді, ереуілдер, демонстра-
циялар ӛткізуге құқық шектелді. 1952 жылы тамызда премьер Есида 
үкіметтің мақсаты жаңа жапон армиясын құру болып табылады деп 
жариялады. Осы кезден бастап кӛптеген жылдар бойы консерва-
торлардың біріккен тобы басқарған және ең алдымен Жапон 
социалистік партиясына қарсы күш біріктірген саяси механизм 
қалыптасады.
1955 жылы Демократиялық және Либералдық партиялардың 
бірігуі негізінде құрылған Либералдық-демократиялық партияның 
жетекшісі ретінде премьер-министр Хатояма ӛзінің үшінші кабинетін 
жасақтайды. Консервативтік лагерьдің бірлігі, елдегі экономикалық 
дағдарысты жойған дамудың ӛрлеуі, халықаралық аренадағы 
позитивті ӛзгерістер Хатояма үкіметіне АҚШ-на қатысты да ӛз 
саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Ол әсіресе КСРО-мен арадағы 
қатынастарын реттеуге маңызды қадамдар жасайды. 1956 жылы қазан 
айында КСРО мен Жапония арасында бейбітшілікті орнату және 
ӛзара қарым-қатынастарды реттеу туралы Біріккен декларацияға қол 
қойылады. Келіссӛздер барысында берген ӛз уәделерін орындай 
отырып, КСРО Жапонияның БҰҰ-на кіру ӛтінішін қолдап, 1956 
жылдың желтоқсанында ол осы ұйымның толық мүшесіне айналады.
1960 жылдан бастап Жапонияның экономикалық қуаты артып, 
1970 жылы ол капиталистік дүниеде АҚШ-нан кейінгі екінші орынға 
шығады. Бұл осы салада АҚШ және Батыс Европаның дамыған 


27 
елдерімен арадағы қатынастарының шиеленісуіне алып келеді. 
Неғұрлым кӛрнекті консервативтік саясаткерлер тобына жатқан 
Икэда Хаято билеген жаңа кабинет қарқынды экономикалық ӛрлеу 
ашқан 
жаңа 
мүмкіндіктерді, 
сондай-ақ 
ӛзінің 
алдындағы 
басшылардың қателіктерін есепке алды. Икэда тиімді ішкі саяси 
бағыт ӛткізуге және қарама-қарсы күштердің түрлі диалогы жолымен 
туындаған таптық қақтығыстарды тӛмендетуге тырысты. Қоғамның 
ішкі саяси тұрақтылығына бағытталған бұл әдіс «тиімді жағдайда 
ӛткізілген» саясат атауын алды (тэйси-сэй).
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын ӛзгертпей, Икэда кабинеті 
Азия елдерімен байланысын кеңейтуге баса назар аудара бастады. 
1953-1954 ж.ж. Жапонияда дағдарыстық құбылыстардан кейін 
«Дзимму гүлденуі» атауын алған экономикалық ӛрлеу басталды. Ол 
1957 жылға дейін жалғасты және елдің соғыстан кейінгі экономии-
калық құрылымының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. Жапон 
экономикасының бұл жылдардағы ӛрлеуінің негізгі факторларының 
бірі негізгі капиталды жаппай жаңарту болды. Жылдам қарқынмен 
дамудың тағы бір маңызды факторы АҚШ және Батыс Европа 
елдеріне қарағанда жалақысы тӛмен жоғары білікті жұмысшы 
күшінің болуы болды. Ӛндірістің ӛсуіне сонымен қатар ішкі нарықты 
кеңейту де әсер етті. 
Жапон экономикасының ӛсуіне тән нәрсе шетелдік ғылыми-
техникалық жетістіктерді пайдалану болды. Жапония жаңа техниканы 
тек импорттап ғана қойған жоқ, сонымен бірге технологияларға 
патенттер мен лицензияларды кең түрде сатып алуға кӛшті, сол 
арқылы ғылыми-техникалық зерттеулерге уақытты және қаражатты 
үнемдеді.
Экономикалық үрдістерге мемлекеттік-монополистік реттеу 
белгілі бір деңгейде ықпал етті. Ол түрлі формада жүзеге асырылды, 
мысалы, бюджеттік, салықтық, несие-ақшалай саясат, экономиканың 
басым салалары үшін қолайлы жағдай құру жолымен. Бұл барлық 
факторлар жиынтығы жоғары және тұрақты даму қарқынын 
қамтамасыз етті. Мысалы, 1956 жылы ішкі ұлттық ӛнім алдыңғы 
жылмен салыстырғанда 13%-ға, ал ӛнеркәсіп ӛндірісі - 22%-ға артты. 
Машина жасау, кеме құрастыру, тоқыма, химия және энергетика 
салалары неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды.
Бұған қоса Жапонияның экономикалық жетістіктері белсенді 
ереуілдік күрестердің тӛмендеуіне әкелген жоқ. Жапонияда 
еңбекшілердің жалақы тӛлеудің күрделі құрылымы сақталды. Бұл 
кезеңде ӛндіруші ӛнеркәсіпте еңбек ететіндердің орташа айлық 


28 
жалақысы 17 мың йенге жуық болды, ал ӛңдеуші ӛнеркәсіпте – 15 
мың йенге жуық, отбасының тӛменгі ӛмір сүру мӛлшері 20 мың йен.
1964 жылы күзде премьер-министр Икэда денсаулығына 
байланысты отставкаға кетті және ЛДП ішіндегі ұзаққа созылған 
күрестерден кейін жетекшілік ролі Жапонияның іскерлік және қаржы 
тобынан қолдау тапқан Сато Эйсакуге берілді. Сато кабинеті 
Жапонияның қайта қарулануына қолайлы жағдайды қалыптастыру 
үшін конституцияны қайта қарау қажеттігі туралы айтты. 
1960 ж.ж. ортасында Жапонияның ішкі саясатында 1990 ж.ж. 
ортасына дейін үш онжылдық бойы сақталған жағдай қалыптасады. 
Саяси партиялардың ішіндегі ең күштісі сайлауда сайлаушылардың 
58-ден 42%-ға дейін дауысын жинаған Либералдық-демократиялық 
партия болды. Оның басты қарсыласы, бірақ ЛДП жетекшілігіне қауіп 
тӛндірмеген ЖСП болды.
Сато кабинеті, оның алдыңғылармен салыстырғанда қауіпсіздік 
мәселесіне кӛп кӛңіл бӛлді. 1966 жылға қарай Жапония қарулы 
күштерінің саны 247 мың адамды құрады. Қарулар және әскери 
құрылғылар экспорты жанданды. Үкімет елде ұлттық кӛзқарастарды 
қалыптастыруға кӛп кӛңіл бӛлді.
Сато билігі кезінде сыртқы саясаттың негізін АҚШ-мен арадағы 
әскери-саяси одақ құрады. Жапон ӛкіметі АҚШ-ның Вьетнамдағы 
агрессиялық саясатын қызу қолдап отырды. Американдықтардың 
қысымымен Сато бұрын сәтсіздікпен аяқталып келген Оңтүстік 
Кореямен келіссӛздерін жандандырды.
1966 жылы Жапония саяси блок АЗ-ПАК (Азия-Тынық-
мұхиттық Кеңес) құрылтайшыларының құрамына кіреді, оның 
құрамына сонымен қатар Тайвань, Оңтүстік Корея, Таиланд, 
Филиппин, Австралия және Жаңа Зеландия кірген болатын.
1960 ж.ж. ӛн бойында Жапония экономикалық даму кӛрсеткіші 
бойынша басқа дамыған елдерді басып озады. 1961-1970 ж.ж. 
Жапониядағы жылдық орташа ұлттық ӛнім кӛрсеткіші 11%-ды 
құраған болатын, ал бұл кӛрсеткіш Ұлыбританияда – 2,8%-дан, ал 
АҚШ-да – 4,1%-дан аспады. 1951-1970 ж.ж. Жапониядағы ӛнеркәсіп 
ӛндірісі жылына орташа деңгейде 15,2%-ға ӛссе, ал жоғарыда аталған 
елдерде тиісінше – 3 және 4% болды. Нәтижесінде Жапония ҰІӚ 
бойынша Италия, Францияны, одан кейін Англия және ГФР-сын 
басып озып, 1968 жылы капиталистік елдерден АҚШ-нан кейінгі 
екінші орынды иеленді. Егер 1950 жылы Жапонияның капиталистік 
әлемдегі ӛнеркәсіп ӛндірісіндегі үлес салмағы бар болғаны 1,7%-ды 
құраса, ал 1970 жылы ол 10,1%-ға жетті. 


29 
1960 ж.ж. Жапония экономикасының жоғары қарқынмен дамуы 
бірқатар факторлармен анықталды. Бұрынғысынша олардың ішіндегі 
маңыздыларының бірі еңбектің жоғары ӛнімділігі жағдайында 
еңбекақының 
тӛмен 
деңгейі. 
Мысалы, 
Жапония 
ӛңдеуші 
ӛнеркәсібіндегі жұмысшылардың жалақысы 1969 жылы АҚШ-мен 
салыстырғанда 4 есе, ал Англия және ГФР-мен салыстырғанда 40%-ға 
аз болды.
Жапония әскери шығындарының тӛмен деңгейі де, 1970 ж.ж. 
ҰІӚ-нің 1%-на ғана жеткен, маңызды роль атқарды. Нәтижесінде 
Жапония ҰІӚ кӛлемі бойынша алдымен Италияны және Францияны, 
кейіннен Англия және ГФР-сын басып озды, және 1968 жылы 
капиталистік әлемде АҚШ-нан кейінгі екінші орынға шықты. 1969-
1970 ж.ж. ол ӛнеркәсіп ӛндірісінің кӛлемі бойынша да екінші орынды 
иеленді.
1980 ж.ж. Жапония динамикалық түрде дамушы, капитализм 
күшінің негізгі үш басты орталықтарының (АҚШ және ЕЭК 
қатарында) бірі болып қала берді. Ол алтын және валюта қорының 
кӛлемі бойынша бірінші орынды иеленді. Жапониядағы жан басына 
шаққандағы табыс кӛлемі жылына 18 мың доллардан асты (АҚШ-да – 
15,5 мың доллар). Ӛте жақсы дамыған ауыл шаруашылығы оның 
барлық 125 миллиондық тұрғынын қажетті ӛніммен қамтамасыз етті. 
Еңбек ӛнімділігінің деңгейі бойынша Жапония 1991 жылы Батыс 
Европа елдерін қуып жетті және АҚШ-тың 90%-қ деңгейіне кӛтерілді 
(1975 ж. - 50%). 1970 ж.ж. ортасы – 1980 ж.ж. басындағы 
экономикалық дағдарыс барысында жапон экономикасының әлсіздігі 
электроника, компьютер ӛнеркәсібі, телекоммуникация және 
бақылау-ӛлшеу 
құралдары, 
биотехнология 
сияқты 
ғылым 
салаларының дамуына басымдық беру қажеттілігін кӛрсетті. Қазіргі 
кезде Жапония дүниежүзінде видеоаппаратура ӛнеркәсібінің 90%-н 
астамын, капиталистік елдердегі барлық роботтардың 2/3 бӛлігін 
шығарады. Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға біртіндеп 
кӛшу орын алады. 1970 жылдарда-ақ патент және лицензиялар сатып 
алу ғылыми және техникалық зерттеулерді қаржыландырумен 
салыстырғанда екінші орынға шықты. Бұл саладағы ірі жетістіктер 
жоғары білім деңгейіне арқа сүйейді: 1980 ж.ж. ортасында 
жапондықтардың 93%-ы толық орта білімді, 25 жасқа толған 
жастардың 40%-ы жоғары білімді болды (АҚШ-да - 20%).
Алайда 1991 ж. аяғында 50 жыл ӛрлеуден кейін Жапония 
қиыншылықтарға 
тап 
болды. 
Ресми 
жапон 
статистикасы 
кӛрсеткендей, 1992 ж. ҰІӚ-ді айтарлықтай қысқартып, ӛнеркәсіп 
ӛндірісі бұрынғы деңгейінде қала берді, экспорт кӛлемі йен курсының 


30 
жылдам ӛсуімен қысқарды, 1993 жылы ӛнеркәсіп кӛрсеткіші теріс 
мәнге ие болып, ал жұмыссыздық керісінше, 3,2%-ға ӛседі (бұл 1953 
жылдан бергі жоғары кӛрсеткіш). Тек 1995 жылдың аяғынан бастап 
экономикалық дағдарыстан шығудың алғашқы белгілері кӛріне 
бастайды. 1997 жылғы Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтағы 
экономикалық дағдарыстың ел үшін де ауыр салдарлары болды.
Қазіргі Жапонияның саяси жүйесі ел басшысы ретінде 
император билігі сақталған кӛппартиялық парламенттік демократияға 
негізделген. 1993 жылға дейін, 38 жыл бойы, сайлауда жеңіске жеткен 
либералдық-демократиялық партия үкіметті жасақтады. 1986 жылы 
ЛДП-ның танымалдылығы ӛзінің шырқау шегіне жетеді және оның 
үстемділігі сынбастай болып кӛрінді. Алайда үш жылдан кейін ол 
парламенттің жоғары палатасындағы басым дауысынан айырылады. 
Бұл сыбайластықпен байланысты ірі жанжалдың салдары болды 
(министрлер кабинетінің ауысуына алып келген «Рикурто» 
фирмасының ісі).
Ал 1993 жылдың жазында Жапония парламентінің тӛменгі 
палатасына ӛткен сайлау ЛДП билігінің құлатылып, оның социалистік 
партияға ӛтуіне алып келеді. Нәтижесінде Жапонияның саяси 
ӛмірінде күш арасалмағының тұрақсыздығы қалыптасты. Ірі 
партияларда құлдырау болды.
ЛДП билікке оралуға мүмкіндік алды, алайда оның жағдайын 
тұрақты деп айтуға болмайды. 1998 жылы шілде айында ол тағы да 
жоғары палатаға сайлауда жеңіліске ұшырайды және оның жетекшісі, 
Рютаро Хасимото сәтсіздік үшін барлық кінәні ӛз мойнына алып, 
отставкаға кететіндігі туралы жариялады. Осы оқиғалардан кейін 
министрлер кабинетін партия бойынша оның жақтасы Кэйдзо Обути 
басқарды.
Жапония сыртқы саясатының негізгі доктринасы АҚШ-мен 
арадағы қатынастарға негізделген. 1987 жылы Жапонияның 
«жұлдызды соғысқа» қатысуы туралы бағдарламаға қол қою туралы 
келісімге келеді. 1975 жылдың қарашасынан бастап Жапония 
неғұрлым дамыған капиталистік елдердің жыл сайын ӛтетін 
кездесулерінің үздіксіз қатысушысына айналады («Жетілік» елдер). 
1997 жылы күзде АҚШ мен Жапонияның әскери министрлері мен 
сыртқы істер министрлері Вашингтонда жапон-американ «қауіпсіздік 
келісіміне» негізделген әскери бірлестігінің жаңа бағыттарын 
айқындаған жаңа келісімге қол қояды. Оның мақсаты (ресми нұсқасы 
бойынша) – екі мемлекет үшін де Азиялық-тынықмұхиттық 
аймақтағы әскери ынтымақтастықтың неғұрлым кең параметрлерін 
анықтау. Оған дейін, 1996 жылы сәуірде, АҚШ президенті Б.Клинтон 


31 
мен Жапония премьер-министрі Р.Хасимото кездесуінде декла-
рацияға қол қойылады.
Одан басқа, жапон үкіметі жапон монополияларының 
экономикалық экспансиясы үшін қолайлы мүмкіндіктер құруға 
тырысады. Сондықтан Жапония сыртқы экономикалық саясат 
мәселелеріне баса назар аударады. Іскерлік топтар «азиялық еркін 
сауда аймағы» ұйымының нұсқаларын қарастырады. Бұл аймаққа 
Жапониямен бірге ЖИЕ (Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, 
Гонконг) және жылдам дамушы Таиланд және Малайзия кіретіндігі 
қарастырылады. 1996 жылы Жапонияның Азия елдеріне шығарған 
экспорт кӛлемі оның АҚШ мен Европаға шығарған экспортының 
188,8 млрд.долларынан асып түсіп, 192,8 млрд.долларды құрады.
Токио әсіресе сыртқы саясатында Пекинмен байланыстарын 
реттеуге кӛп кӛңіл бӛледі. Жапония Қытайды ӛз тауарлары үшін 
болашағы зор нарық және энерготасымалдау кӛзі ретінде 
қарастырады. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы 60 есе ӛсіп, 1972 
жылы 1,1 млрд.доллардан 1996 жылы 62,4 млрд. дейін жетті. 
Тұрмыстық электроника шығаратын компания «Мацусита» 1992 
жылы Азия елдерінде тек тӛрт ӛнеркәсіп орнын ашса, ал 1994 жылы 
тек бір ғана Қытайда 11 ӛнеркәсіп орнын ашқан. Олардың саны 
жылдам қарқынмен ӛсіп, 29-ға жетеді. Ірі ҚХР теледидар 
ӛндірушілерінің қатарына жапондық «Хитачи» электротехникалық 
компаниясы қосылды. 
Жапонияның сыртқы саясаттағы маңызды мәселелерінің бірі 
Кеңес Одағымен қатынастары туралы мәселе болып қала берді. КСРО 
1951 жылғы Сан-Франциско келісіміне қол қоюдан бас тартты. 
Кейіннен екі ел дипломатиялық қатынастарды қайта жандандыру, 
соғыс жағдайын тоқтату туралы келісті, ал 1957 жылы сауда келісімі 
жасалады. Алайда «солтүстік территория» мәселесінің сақталуына 
байланысты бейбіт келісімге ұзақ уақыт бойы қол қойылмайды 
(Жапония 1945 жылы заңсыз түрде тартып алынған Итуруп, 
Кунашир, Шикотан және Оңтүстік Куриль аралдарындағы Хабомал 
жоталарының оған қайтарылуын талап етеді).
1997 жылғы күздегі Кросноярскдегі Ресей президенті 
Б.Н.Ельцин мен Жапония премьер-министрі Рютаро Хасимотоның 
«галстуксіз кездесуінен» кейін дүниежүзі екі елдің 2000 жылға қарай 
бейбіт келісім жасауға ниетті екендігі туралы біледі. Алайда ол 
жүзеге асқан жоқ. 1998 жылы сәуір айындағы жапон-ресей 
келіссӛздері барысында Ельцин бейбіт келісім емес, Ресей мен 
Жапония арасында бейбітшілік, достық және ынтымақтастық туралы 
келісім жасауды ұсынады. Бұл ұсыныс Жапонияда қолдау таппайды. 


32 
Рютаро Хасимото басшылығымен экономикалық салада ӛзара қарым-
қатынас жасау туралы бағдарлама қабылданады («Ельцин-Хасимото 
жоспары»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет